Рим сандары. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 В тарау «Уақыт аралығы туралы түсінік»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 2 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рим сандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.20 Римдік сандардың және латын алфавитін қолданып жазылған сандардың мәнін білу.

 Сабақ мақсаттары

Рим сандарының жазылуын білу және оқу.

 Жетістік критерийлері

Рим сандарын біледі;

Рим сандарымен амалдар құрастыра алады.

 Тілдік мақсаттар

Рим сандары, таяқшалар.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылар өзара көмекке ұмтылады

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану пәндерімен байланысады.

 АКТ

АКТ-дан рим сандары туралы ақпарат іздестіреді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақытты оқып үйренді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

(Ұ) Оқушылардан Уақыт өлшемдерін ретімен айтуды сұрау: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр.

Бір-біріне бір уақыт өлшемдерін екіншілеріне қалай айналдыру керектігін білу үшін сұрақтар қояды: 1 минутта қанша секунд, 1 сағатта қанша минут, 1 аптада қанша күн, 1 жылда қанша ай және т.т.

Ламинат қағаздар, маркер

Сабақ ортасы

25 минут

(МТ) Оқушыларға сандардың римдік жүйесін, ол қашан және қайда пайда болғандығын түсіндіру. 100-дің шегіндегі сандарды белгілеу үшін символдарды көрсету. Кез келген натурал сан

І - 1, ІІІ - 3, V - 5, X - 10, L - 50, С - 100, D - 500, M – 1000, Z - 2000 осы цифрларды қайталау арқылы жазылады. Егер бұл жағдайда кіші цифр үлкен цифрдың алдында тұрса, онда олар өзара кемиді (азайту принципі), ал егер кіші цифр үлкен цифрдың артында тұрса, онда кіші цифр үлкен цифрға қосылады (қосу принципі). Соңғы ереже бір цифрды төрт рет қайталап жазбау үшін қолданылады. Мысалы: VІІ=5+2=7, ІX=10–1=9, XІV=10+(5—1)=14, XXL=50—10—10=30, XXXІІІ=10+10+10+1+1+1=33, т.б. Рим цифрлары арқылы жазылған көптаңбалы цифрларға арифметикалық амалдар қолдану өте қолайсыз.

,Қ) Оқушыларға шырпылардан рим сандарын және амалдар құрастыруды ұсыну.

(Ұ) Сергіту сәті

(Ұ) Сағаттың көрсету, рим цифрлары бейнеленген сағатпен уақыттың қанша екенін білу. Ауытқушылықты анықтау: циферблатта төрт IV сияқты емес, ІІІІ сияқты көрсетілген. Неге?

/Ж, Қ) Оқушылардың рим цифрларымен өздерінің жасын көрсетуін сұрау. Олардың өздері үшін маңызды V зат туралы ойлауын (мысалы достарының немесе отбасы мүшелерінің саны) және олардың қанша екенін рим сандарымен атауын сұрау.

(Дифф.) Қабілетті оқушылар зерттеулер жүргізіп, 500 бен 1000-ға арналған символдарды тауып, өздерінің туылған күнін рим цифрларымен көрсетуін тапсыру.

Орта деңгейдегі оқушыларға рим сандарымен берілген сөздерді оқуды ұсыну: II тоқсан, XXI ғасыр, L размер

АКТ-да түсіндіру

Шырпылар

Сағаттар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Оқушыларға рим сандарына сәйкес цифрлады жазу ұсынылады.

I

IV

V

VIII

IX

X

C

D

L

M

Кесте

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға 500 бен 1000-ға арналған символдарды тауып, зерттеу жүргізу ұсынылады.

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Оқушылардың уақыт өлшемдерінің ретін білуі бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды.

Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады.

Шырпылармен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу