Күнтізбе. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 В бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Уақыт біріктері

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күнтізбе

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.3 ** уақыт: с, мин, ай, жыл мәндерін салыстыру

2.1.3.4 ** уақытты: с, мин., ай, жыл олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

оқушылар күнтізбе көмегімен қандай да бір жағдайдың датасын (күні, айы, апта күнін) анықтайды;

• уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін

олардың арақатысына сүйеніп түрлендіреді.

Көптеген оқушылар уақыт өлшем бірліктерінің ара қатынасын анықтайды

Кейбір оқушылар: уақыт өлшемдерін есептеуде қолданады.

Бағалау критерийлері

оқушылар күнтізбе көмегімен қандай да бір жағдайдың датасын (күні, айы, апта күнін) анықтайды;

уақыт өлшем бірліктерінің ара қатынасын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Күнтізбе, дата.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен байланыс, сағатпен танысады

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде өлшем бірліктері туралы тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз.

ОМ таныстыру

күнтізбені қолдана алатын боласың.

Күнтізбе – күн, апта және ай, жыл реті белгілі бір

тәртіппен жазылған жазба. Күнтізбенің үстел үстіне

қойылатын, қабырғаға ілінетін, бет ауыстырылатын, өткен күндер жыртылатын, қалта және электронды түрлері бар.

Дата – айдың реті, ай және жыл, кейде апта күндері

жазылған жазба. Оқушылар 2-сыныпта төрт таңбалы сандарды меңгермегендіктен, жылды оқымай-ақ коюға болады. Мысалы, 2015 жыл.

Сабақты топтық жұмыстан бастау. Әр топқа

А4 форматындағы бір парақ және түрлі түсті

маркерлер таратып беру. Параққа 7 Х 5 кестесін

сызуды ұсыныңыз. Парақтың жоғарғы жағына осы

айды жазуды сұраңыз. Бір қатардың 7 торкөзіне

аптаның 7 күнін ретпен жазады. Енді оқушыларға

бүгінгі күннен бастап айдың барлық күндерін

торкөздерге жазу керек. Оқушылар бірден дұрыс

жазбауы мүмкін, сондықтан алдымен жай қаламмен жазуын сұрау. Артынан тексерген кезде

фломастермен қоршауға болады. Нәтижесінде

айдың сандары, апта күндерімен сәйкес келуі керек:

– Бүгін қандай күн? (оқушылар күнді және аптаның

күнін атайды).

– Кеше қандай күн болды?

– Ертең аптаның қай күні?

Осыдан кейін оқушыларға ай күнтізбесін

жасағандарын хабарлау. Оқушыларға аптаның

барлық күндері мен айдың күндерін ретімен жазу

– айдың күнтізбесі деп аталатынын хабарлау.

Сабақтың ортасы

(Т). Орындап көр.

Күнтізбені пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.

• Сенің туған күнің қай айда? Ол аптаның қай күні болады?

• Бір жылда 30 күннен тұратын неше ай бар?

• Бір жылда 31 күннен тұратын неше ай бар?

• Ақпан айында неше күн бар? Осы жыл кібісе жылы ма, жоқ па?

• Келесі күнтізбелік жыл аптаның қай күні басталады?

• Оқу жылы қанша айға созылатынын есепте.

Жылдық күнтізбеде жылдың барлық айлары, ондағы апта күндері және барлық күндері жазылады. Сыныптағы оқшыларға анық көрінетін жерге осы жылдың күнтізбесін ілу.

Күнтізбеден мереке күндерін анықтаңдар.

Оқушылар жаңа «дата» сөзімен танысып, өзінің

сөздік қорында белсенді қолдана бастайды.

Әртүрлі жағдайлардың нақты датасын атау

дағдысын дамыту үшін келесі тапсырманы

ұсыныңыз. Оқушылардан жұппен жұмыс жасауды

сұраңыз. Олар кезекпен тапсырмадағы даталарды

айтып, күнтізбеден оны табады, аптаның қай күні

екенін анықтайды. Бұл тапсырма оқушылардың

біздің еліміздегі мереке күндері туралы білімін

арттырады.

Жауабы:

Наурыз – 22 наурыз;

Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан;

Астананың қала күні – 6 шілде;

Білім күні – 1 қыркүйек

Шығарып көр. Бұл тапсырманы жұптасып

орындауға ұсыныңыз. Құстардың ұшып келу және

ұшып кету айларын күнтізбеден санай отырып,

оқушылар Қазақстанның орталық және солтүстік

аймақтарында қарлығаш құсының қанша ай

болатынын есептеп біле алады

Жауабы:

5 ай

Жұмыс дәптерінде орындалатын

тапсырмаларға қатысты ұсыныстар

Қай күн? Анықтап көр. Жұмыс парағындағы

тапсырма күнтізбемен жұмысқа бағытталған

дағдыны тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік

береді. Оқушылар күнтізбеде берілген датаны

толық апта күніне дейін жазуы керек.

Жауабы:

ә) Русланның туған күні – 28 шілде, жұма күні.

б) Салтанаттың туған күні – 15 шілде, сенбі күні.

в) Шолпанның туған күні – 7 шілде жұма күні.

тірек сөздер жазылған кеспеқағаздар;

• жылдың күнтізбесі;

• күнтізбе түрлері – қабырғаға ілетін, үстел үстіне

қоятын, бет ауыстырылатын, өткен күндер

жыртатын, қалта және электронды.

Сабақтың соңы

Ойлан. Бұл тапсырма өз бетінше орындауға

берілген. Оқулықтағы және алдыңғы меңгерілген

тапсырмаларды пайдалана отырып, оқушылар

күздің қай айы тақ санмен аяқталатынын анықтайды.

Қорыту:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

« Күнтізбеден мереке күндерін анықтаңдар» тапсырмасы қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылады.

Оқушыларға дер кезінде көмек беру үшін сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізу.

–– Сабақ тақырыбын қаншалықты меңгергенін білу үшін, оқушыларға мына сұрақтарға осы жылғы күнтізбені пайдалана отырып жауап беруді сұрау:

–– қыркүйек айының бірінші дүйсенбісі қай күн?

1-қаңтар аптаның қай күні? Білім күні,

Халықаралық әйелдер күні және т.б.аптаның қай күні болатынын ата;

–– Жарты жылда неше ай бар?

–– Жылдың төрттен бір бөлігі неше ай?

–– Жылдың үштен бір бөлігі неше ай?

–– Осы жыл кібісе жылы ма, әлде жоқ па? Қалай анықтадың?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау оқушылармен белсенді оқыту әдістерін қолдану жүргізу барысында жүзеге асты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу