Тәулік. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 В бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Тәулік | ||||||
Оқу мақсаты | 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 2.1.3.3 ** уақыт: с, мин, ай, жыл мәндерін салыстыру 2.1.3.4 ** уақытты: с, мин., ай, жыл олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру | ||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушылар: - тәулікте 24 сағаттың болатынын; – тәуліктің таңертең, күндіз, кеш, түн деп 4 мезгілге бөлінетінін біледі. | ||||||
Тілдік мақсат | Сұраққа жауап беруде, оқулықтағы тапсырманы орындауда тірек сөздерді пайдаланады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу | ||||||
Алдыңғы білімдер | Тақырып күнделікті өмірмен байланысты болғандықтан, оқушылар мысалдар арқылы тәулік аралық уақытты елестете алады және түсінеді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңін өткізіп, сабақты «Күн-түн» ойынымен бастаУ. Ойынның шарты: бір жүргізушіні таңдап, қалған оқушыларға ойыншы болуды ұсыну. Жүргізуші: «Күн» дегенде ойыншылар белсенді әрекеттермен айналысуы керек. Ал егер «Түн» десе, қатып қалып, «Күн» дегенге дейін қимылдамауы керек. Егер қимылдаған жағдайда ойыннан шығады. Жүргізуші ойыншыларды қимылдату үшін бет әлпетін өзгертіп, әртүрлі қимылдар жасауы мүмкін. Ойын аяқталған соң, әңгіме жүргізу. Сұрақтар қою: – Неге «Түн» дегенде қимылдамадыңдар, ал «Күн» дегенде қимылдадыңдар? Оқушыларды күндіз адамдар мен жануарлар (барлығы емес) белсенді өмір сүреді, ал түнде ұйықтайды деген қорытындыға бағыттап, сабақ мақсатын қою. | ||||||
Сабақтың ортасы
| 2-5 слайдты көрсету. Түннен түнге дейінгі уақыт аралығы және күндізден күндізге дейінгі уақыт аралығы тәулік екенін хабарлау. Сонымен қатар таңертең, күндіз, кеш, түн – тәулік мезгілдері екенін айту. Бір тәулікте 24 сағат бар. Түнгі сағат 12 – түн ортасы, ал күндізгі 12 – тал түс болады. Алған білімдерін бекіту үшін оқулықтағы «Күн тәртібі» тапсырмасын орындауды ұсыну. (Т) Тәулік уақытымен сәйкестендіріңдер ( әр топқа үлестірмелі парақ ұсыну) Суреттерде баланың тәуліктің әртүрлі мезгілінде не істейтіні көрсетілген: бала теледидар көріп отыр, отбасымен кешкі ас үстінде, түнгі ұйқы алдында кітап оқып отыр, бала мектепте сабақта отыр, аулада ойнап жүр, төсегін жинап жатыр, жаттығу жасауда, тісін тазалап тұр. Оқушыларға тәулік бойындағы әрекеттің өтуіне байланысты суреттерді ретімен қоюды ұсыну. Оқушыларға бір тәулікте 24 сағат бар екенін түсіндіру үшін осы аралықтағы уақытты анықтатып жаттықтыру . Оларға сағаттың сағаттық тілі циферблатты екінші рет айналғанда 1 күндізгі 13 сағат, 2 саны – 14 сағатты, осылай 24 сағатқа дейін айналатынын түсіндіру. (Ж) Шығарып көр. Оқушылар тапсырма сұрақтарына жауап береді. 1) таңертең және кешке; 2) екі рет айналады; 3) 12 сағат; 4) 48 сағат. Орындап көр. Оқушылар кезекпен текшені лақтырып, макеттегі сағаттың тілін текшенің жақтарында жазылған уақытпен сәйкес келетіндей етіп орналастырады. Оқушылар текше бетіндегі сағаттан тәуліктін қай мезгілі екенін анықтап, өздерінің осы уақыттағы әрекеттерін әңгімелеп береді. Оқушылар уақытты сағаттан көрсетіп, , осы уақттағы әрекетін (мысалы, мультфильм көремін) айтады. Тапсырманы орындау барысында тәуліктің 24 сағатты қамтитын уақыт деген түсініктерін және сағат 12 мен 24 сағат арасындағы уақытты, тәулік мезгілін анықтау дағдыларын бекітеді. (Ө)Күлбикенің күймесі. Тапсырма жеке орындауға бағытталған. Оқушылар түн ортасы қай уақыттыбілдіретінін қайталайды. Ойлан. Тапсырма жеке орындауға бағытталған. Оқушылар тал түсті және түн ортасы қанша уақытты білдіретінін қайталату. Күн тәртібі. Оқушыларға қай уақытта тұратынын, телебағдарламаларды көретінін, түскі ас ішетін уақытын және т.б. жазу ұсыну. Сағаттың сағаттық және минуттық тілдерін берілген уақытқа сәйкес келетіндей етіп салу 12 сағат пен 24 сағат аралығындағы уақытты анықтау дағдысын бекіту үшін оқушыларға сағаттағы сағаттық тілге қарап, тәуліктің қай мезгілі екенін анықтауды ұсыну. Сағат 5 (таңертең) немесе 17 сағат (күндіз); Сағат 3 (таңертең) немесе 15 сағат (күндіз); Сағат 12 (таңертең) немесе 24 сағат (күндіз); Сағат 8 (таңертең) немесе 20 сағат (кеш). 5-сабақ. | Әр топқа үлестірмелі парақ. | |||||
абақтың соңы | Оқушылардың сабақтың тақырыбын қаншалықты меңгергенін білу үшін сұрақтарға жауап беруін сұрау. Сұрақтарға жауап беру үшін бір оқушыны таңдаңыз, ал қалғандары белгісі арқылы (келісемін) немесе келіспеймін деп көрсетуін сұраңыз. – Тәулікте неше сағат бар? – Бір түннен екінші түнге дейін неше сағат өтеді? – Сейсенбі күнгі түстен сәрсенбінің түсіне дейін бір тәулік өтті деп айта аламыз ба? – Жарты тәулікте неше сағат бар? - Кешегі сағат 12-ден бүгінгі сағат 12-ге дейін неше сағат өтті? - Қазір түс, Күн шығып, жаңбыр жауып тұр. - Егер жаңбыр тоқтамаса, 12 сағаттан кейін кемпірқосақты көреміз бе? - Жер бір тәулікте өз осінен бір рет айналады. - Бізде қазір күндіз болса, ғаламшардың қарсы бетінде тәуліктің қай мезгілі? | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қиналатын оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Оқушыларға өзін-өзі бағалауды жұмыс дәптерінде берілген суреттер арқылы жасауды ұсыну. | Мадақтау айту, смайл беру арқылы бағалау. Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру. | Сергіту сәттерін өткізу. Белсенді тақтаны 5 минут қана пайдалануды жоспарлаймын |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?