Қоршаған ортадағы геометриялық фигуралар. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2В бөлім – Геометриялық пішіндер және олардың өзара орналасуы

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоршаған ортадағы геометриялық фигуралар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1 Геометриялық фигуралар және оларды жіктеу

2.3.1.2 Көпбұрыштарды жіктеу

Сабақ мақсаттары

Нүктелік қағазда кесінділер, түзулер және геометриялық фигуралар салу мен тік бұрыш сызу дағдыларын қалыптастыру

Бағалау критерилері

  • Нүктелік қағазда позициялар, бағыттар, қозғалыс нұсқаулығы бойынша геометриялық фигуралар сала алса;
  • Тік бұрышты сыза алса.

 Тілдік мақсаттар

Позиция, реттілік, бағыт, қозалыс.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және жауапкершілік.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жаратылыстану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Реттілік туралы түсініктерді дамыту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру

2 минут

«Ертеңгілік шеңбер»

Мақсаты:

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, сабаққа қызығушылығын аудару, сабақ тақырыбын анықтауға мүмкіндік туғызу.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Оларға пішіндер таралып беріледі де, топ құрауын сұрайды.

/оқушылар төртбұрыштар, үшбұрыштар және көпбұрыштар болып бөлінеді/.

-балалар, сіздер қандай заңдылыққа сүйене отырып топ құрастырдыңыздар?

/Балалардың жауаптары/

  • Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

слайд

Сабақ басы

5 мин

5 мин

15 мин

3 мин

5 мин

3 мин

(ҰЖ) Фигуралардың үлгілерін көрсету, оларды қоршаған әлемде қайдан көруге болатынын сұрау. Әрбір фигураның белгілері мен қасиеттерін талқылау

(Д/Ж) Түрлі түсті картоннан көпбұрыштар жасау және оларды сәйкес пакетке немесе шағын қалтаға салу. Көпбұрыштарды кезекпен алып, бұл қандай фигура деп сұрай отырып, біртіндеп көрсету

(Ұ) Сирек бақыланатын көпбұрыштарды – жетібұрыштарды, тоғызбұрыштарды, онбұрыштарды талқылау.

Қабырғалардың санында шек болуы мүмкін бе?

(Ұ) Өткенді еске түсіру.

Мақсаты: оқушылардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қайта жаңғырту, бекіту, бір-бірімен ақпарат алмасу.

«Сен маған-мен саған»

Геометриялық пішіндер бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді, түсіндіреді, дәлелдейді.

(Ұ)Жаңа сабақ.

Мақсаты: оқушының білімін анықтау арқылы оған бағыт бағдар беру, жаңа білімді бекіту, позицияларды сақтай отырып, бұрыштар салу.

Мұғалім тақтадан үшбұрыш және төртбұрыш геометриялық пішіндерін көрсетеді.

  • Балалар, бұл қандай фигуралар?
  • Бұл фигураларды қолдана отырып басқа фигура құрастыруға бола ма?
  • Ендеше, кім жаңа геометриялық фигура құрастыра алады?

/оқушы тақтаға шығып, өз нұсқасын көрсетеді. Тексеріледі, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/.

  • Қандай фигура шықты?/бесбұрыш/

-дұрыс айтасыздар, бұл геометриялық пішін құрастырудың бір үлгісі.

)Талқылаймыз.

Мақсаты: бұрыштар салу, және олардың айырмашылығын анықтау дағдыларын дамыту.

1-топ:

  • Шаршы және тік төртбұрыш сызыңдар.
  • Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар.
  • Олардың ортақ белгісін табыңдар.

2-топ:

  • Шеңбер және сопақша сызыңдар.
  • Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар.
  • Олардың ортақ белгісін табыңдар.

3-топ:

  • Үшбұрыш және трапеция сызыңдар.
  • Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар.
  • Олардың ортақ белгісін табыңдар.

Тапсырма түсіндіріліп болған соң бағалау критерийімен таныстырылады.

  • Тапсырма толық орындалды.
  • Барлық топ оқушылары тапсырманы орындауға қатысты.
  • Уақыт лимиті сақталды.

Жоғарғы балл -3 балл.

Әрбір тапсырмаға 1 баллдан беріледі.

/Топ оқушылары тапсырманы орындап болған соң, бір-бірінің жауабын тыңдайды, бірін-бірі бағалайды/

(Т,Ж)

Мақсаты: жұппен жұмыс жасай білу, сызба барысында позицияларды ескере отырып, геометриялық пішіндер сызу.

Тапсырма: жұптаса отырып, геометриялық пішіндер сызу. Сызба барысында позициялардың сақталуын ескеру.

1 –топ: тік төртбұрыш, шаршы, трапеция

2-топ: тең бүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш, тік бұрышты үшбұрыш.

3-топ: бес бұрыш, алты бұрыш, жеті бұрыш

«Жұптық бағалау» әдісі бойынша бағалайды.

Бағалау критерийі:

  • Позициялар, бағыттар бойынша сызбаны сызады.
  • Бұрыш санын анықтайды.
  • Геометриялық пішіндердің ортақ белгілер мен айырмашықтарды ажыратады.

Жоғарғы балл-3 балл.

Үйге тапсырма: Ғаламторды пайдаланып қала архитектурасынан көпбұрыштарды табу

слайд

Постер құрастыру

Слайд

А4 форматындағы қағаздар, слайд

Сабақтың соңы

2 мин

(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Өзін-өзі бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін смайликтер арқылы бағалайды.

Смайликтер арқылы бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу