Көбейтуді көрнекі түрде көрсету. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 А тарау «Көбейту және бөлу амалдарымен танысу» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Көбейтуді көрнекі түрде көрсету | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.11 Көбейтуді бірдей қосылғаштарды қосу деп түсіну. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда көбейту тәсілдері туралы білім, білік, дағды қалыптастыру. | |||||
Бағалау критерийлері | Қолдану: көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен немесе бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен алмастыра отырып, есептеулерді дұрыс орындай алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Көбейту, көбейткіштер, көбейтіндінің мәні, бірдей қосылғыштарды қосу, Пифагор кестесі терминдерін қолдана отырып, математикалық тілді дамыту. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Көрнекіліктермен жұмыс кезінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Суреттерді топтастыру кезінде өнер пәнімен, топқа бөліну және сергіту сәті кезінде музыкамен байланыс жүзеге асады. | |||||
АКТ | Оқушылар флипчартта есептер шығарады. Пифагор туралы қызықты мәліметтер іздестіреді. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жұп/тақ сандарды 2-ге бөлінетін және бөлінбейтін сандар ретінде ажыратуды білді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 минут | (Ұ) Оқушыларға суреттер топтамасы беріледі. Суреттегі заттардың қанша екенін санайды. Заттарды топтарға бөледі. Қай топта қанша зат болғанын анықтайды және салыстырады. Сәйкесінше цифрлармен белгілейді. Жұп/тақ сандар екенін ажыратады. | Салыстыруға арналған суреттер | ||||
Сабақ ортасы 60 минут | (МК) Оқушыларға 2 гүлден тұратын қатар көрсетіледі. Біріншінің астынан дәл етіп тағы бір қатар қойылады.
- 2 гүлден тұратын қанша топ бар? /2 топ/ - Барлығы қанша? /4/ Тағы бір қатар қосылады, содан соң сұрақ қайталанады. Оқушылардан жауап алған сайын, мысалдар бағаны құрастырыла береді. (Көбейтудің компоненттері айтылады) (ОТ) Бір қатарда екі гүл тұр, яғни 1 х 2 = 2; Екінші қатарда екі гүл тұр, яғни 2 х 2 = 4 немесе 2 + 2 = 4
(ОТ) Бір қатарда 3 алма тұр, яғни 1 х 3 = 3; Екінші қатарда 3 алма тұр, яғни 2 х 3 = 6 немесе 3 + 3 = 6 Осылайша оқушылар өздері қорытынды жасап, дәптерге жазады. (Ж) Оқушыларға жұппен тапсырмалар орындайды және көбейтуді бірдей қосылғыштармен алмастырады. 4+4+4+4+4+4=24 6+6+6+6=24 (Т) Оқушыларға әртүрлі суреттер беріледі. Музыка әуенімен билеп жүріп, қолдарындағы суреттер топтамасына қарай топқа бөлінеді. Оқушылардың көбейту заңдылығын бейнелеуін және мысалдар бағанын құрастыруын сұраймын. 1-топ. 2-топ. (Ұ) Сергіту сәті. (Ж,Қ) Оқушыларға дәптердің торкөзіне фигуралар сызу арқылы көбейту тәсілдерін меңгерту. Бірдей қосылғыштарды қосу арқылы дәлелдер келтіруді сұрау. (Ө, Қ) Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен немесе бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен алмастыра отырып, есептеу. 2х1=22х2=2+22х3=2+2+22х4=2+2+2+2 2х5=2+2+2+2+2 2х6=2+2+2+2+2+22х7=2+2+2+2+2+2+22х8=2+2+2+2+2+2+2+22х9=2+2+2+2+2+2+2+2+22х10=2+2+2+2+2+2+2+2+2+2 Теңдіктің он жағы мен сол жағын салыстыру. Әрбір келесі өрнектің мәні алдынғы өрнектің мәнінен 2-ге артық екеніне жауап алу. 3×3=3+3+3 3×4=3+3+3+3 3×5=3+3+3+3+3 3×6=3+3+3+3+3+3 Теңдіктің он жағы мен сол жағын салыстыру. Әрбір келесі өрнектің мәні алдынғы өрнектің мәнінен 3-ке артық екеніне жауап алу. (4 және 5 сандарын көбейту кестесі) - Көбейту дегеніміз не? - Бірдей қосылғыштарды қосу. (МК) Оқушыларды Пифагор кестесімен таныстыру. (Дифф. Ж.) Қабілеті жоғары оқушыларға кестені толтыруды ұсыну. Қабілеті орташа оқушыларға көбейтудің мәнін кестеден тауып белгілеу ұсынылады. 2 х 3, 2 х 5, 2 х 7, 2 х 9; 3 х 2, 3 х 5, 3 х 8, 3 х 10; 4 х 5, 4 х 7, 4 х 8, 4 х 10;
(Ұ, Қ) Менің отбасым және достарым контекстінде есептер құрастыру. Менің бөлмемдегі шкафтың үстіңгі сөресінде 4 кітап тұр. Астыңғы сөресінде сонша кітап тұр. Сөреде барлығы қанша кітап тұр? Шешуі: 2 х 4 = 8 немесе 4 + 4 =8 Жауабы: сөреде 8 кітап тұр. | Шаблондар https://www.youtube.com/watch?v=UKrcFg7Sn14 Шаблондар https://www.youtube.com/watch?v=6JAdbNkc970 PowerPoint-та түсіндіріледі. Слайд Есептер флипчартта орындалады. | ||||
Сабақтың соңы 10 минут | Рефлексия. Тақтаға көбейту кестесі ілінеді. Оқушылар смайликтермен қай сатыда тұрғанын белгілейді. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Пифагор кестесімен жұмыс деңгейлік тапсырма ретінде беріледі. Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі. | Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі жетістік критерийі арқылы бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады. АКТ-да жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?