Есептерді шығару тәсілдері. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және алу. Жүздіктер. Есептер

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Есептерді шығару тәсілдері

Оқу мақсаты

5.1 Есептер және математикалық үлгілеу

 Сабақтың мақсаттары

2.5.1.1** екі амалмен кестелер, сызбалар, қысқаша жазбалар түрінде модельдеу

 Бағалау критерийлері

Есептердің түріне байланысты оларды шығару тәсілдерін таңдайды

 Тілдік мақсат

Есептің шарты, қысқа шарты, есептің сұрағы, ес ептің шешуі, есептің жауабы, шығару тәсілі.

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік, жанашырлық, қамқорлық жасай білу құндылықтарды қалыптастыру.

Алдыңғы білімдер

Қарапайым есептерді шығару дағдылары бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Cабақты ауызша санаудан бастау.

«Қай сан артық?», «Есептің сұрағына жауап бер!» тапсырмаларын орындауды ұсыну (2-3 слайд). Сабақтың мақсатын қою. Сабақ бойы нәтижелі жұмыс үшін «қаршық» берілетінін және сабақ соңында жиналған «қаршық» санын анықтайтынымызды ескерту

Сабақтың ортасы

(Т) Оқушыларға «математиканың жанды кітабы» авторының рөлінде болып көруді ұсыну. Оларға топпен жылжи отырып қабырғадағы ілініп тұрған ватмандардағы сұрақтар бойынша, есептер құрастырып жазып, ватманнан ватманға ауысу керектігін айту. Барлық топ есептерін жазып болғаннан кейін, есептер жазылған ватман қағаздарды қабырғалардан шешіп алып, әрбір топқа бір-бірден таратып беру. Оқушыларға ватман қағаздардағы барлық есептерді шығаруды ұсыну. Жұмыстары тиімді болу үшін, топтағы әрбір оқушыға ватманда жазылған есептерді бөліп алу арқылы шығару керектігін айту. Содан кейін әрбір оқушының есепті қалай шығарғанын бірлесіп тексеруді ұсыну. Келесі кезеңде ватман қағаздарды топтар арасында ауыстырып, есептердің дұрыс шешілгенін тексеруді сұрау. Сонымен, әрбір топ алғашында есептерді құрастырады, содан кейін шығарады, аяғында тексереді.

Оқушыларға ұжымдық талқылау жасауды ұсыну. Мысалы: есептің сұрағы «Барлық ағаштар қанша?». Бүтінді табу үшін бөліктерді қосу керек. Ендеше, есеп қосу тәсілімен шығарылады. Сұрақтар бойынша өз еркімен есептер құрастыруға ниет танытқан оқушыларға есеп құрастыруды, ал қалған оқушыларға оны шешуді ұсыну. Сурет бойынша әртүрлі 3 есеп құрастырту. Берілген тапсырманы топта орындауды ұсыну.

Тапсырманың шартын қысқаша түрде қағазға жазып отыруды ұсыну. Есептер құрастыруда қиындықтар туындаған топтарға 1-2 есептен құрастыруды тапсыру. Кейін топтың қай мүшесі есепті сыныпқа таныстыратындығын анықтау үшін, түсті таяқшаларды қолдану. Қалған топтар осы есепті ауызша шешеді.

(Ж) Оқушыларға есептер мен сызбаларды сәйкестендіріп, бетке жазып отыруды ұсыну.

Есептің сұрағына қарап, оны қандай амалмен шығаруға болатынын анықта.

1. Барлығы қанша ағаш бар?

2. Сары жапырақтар қызыл жапырақтарға қарағанда қаншаға артық?

3. Қанша жолаушы қалды?

Сұрақтар бойынша есептер құрастыр. «Есептердің түріне байланысты оларды шығару тәсілдері де әртүрлі болады» деген тұжырымға жетелеп, қорытындылау.

Ресурстар:

• 4 ватман қағаз;

• әрбір топқа арналған түсті таяқшалар топтамасы;

• әрбір оқушыға арналып файлға салынған

парақтар.

Сабақтың соңы

Сабақты қорыту және «Өзің-өзі бағалауды» ұсыну (4-5 слайд)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Өзіндік жұмысты орындау барысында мысалдардың шешімін жылдам орындаған қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырманы ұсыну.

Мадақтау айту, смайл беру арқылы бағалау. Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Josephviarm
    Josephviarm 14.09.2024 11:34
    0 + 0 -
    Модные советы по подбору крутых образов на каждый день.
    Статьи стилистов, новости, все показы и мероприятия.
    https://ekbtoday.ru/news/2024-09-10-demna-gvasaliya-pereosmyslyaya-modu/