Рим цифрлары. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және алу. Жүздіктер. Есептер | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Рим цифрлары | ||||||
Оқу мақсаты | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 2.1.1.3 ** 12-ге дейінгі сандардың римдік нөмірленуін оқу, жазу және пайдалану | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
• 12-ге дейінгі рим сандарымен қосу және азайту амалдарын орындай алады | ||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар «Заңдылықтан қатені тап», «Орындап көр» тапсырмаларын орындай отырып, жұппен оқу диалогын жүргізеді | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. | ||||||
Алдыңғы білімдер | Араб цифрларының жазылуын біледі, оларды оқи алады; араб сандарымен 1000 көлемінде қосу және азайту амалдарын орындай алады | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңін өткізу. (Ұ,Ж) Кіріспе әңгіме. Сабақтың басында біз қолданып жүрген сандардың араб сандары екендігін хабарлау. Рим цифрларының кестесін көрсету (2-3 слайд). Араб пен рим цифрларының өзара қатынасы туралы түсіндіру. | ||||||
Сабақтың ортасы
| (Ж) Жазбаларды есте сақтау мен рим цифрларын оқу жұмысын жұптастырып орындату. Әр жұпқа 1 қорап сіріңкеден таратып беру. Оқушылардан кестенің көмегімен 1-ден 12-ге дейінгі рим цифрларын құрып, оқуын сұрау (Ж) Сабақтың тақырыбын бекіту «Заңдылықтан қатені тап». Берілген сандардың қойылған қатарына қарап, заңдылықты анықтауын, ондағы қатені тауып, түзетіп және өз жауабын түсіндіруін сұрау. (Т) «Шығарып көр». Жұптарды 4 оқушыдан топқа біріктіру. Олардың рим цифрларымен берілген мысалдарды шешіп, жауабын жазуын сұрау. Топтар жұмысты орындаған соң қабырғаға іледі. Оқушылар өзге топтардың жұмыстарын көреді және өз жұмыстарымен салыстырады. (Ж) «Орындап көр». Оқушылар оқулықта берілген сіріңкеден құрылған теңсіздіктерді қарастырады. Содан соң қатені тауып, түзетеді. Оқушылар түрлі тәсілдерді ұсынып және бір-бірінің әрекеттерін тексере отырып, өзара диалог жүргізеді. Осылай қателесіп, сол қатені түзетіп, дұрыс ортақ шешімге келеді. «Сен білесің бе?» Оқушыларға айдар мәтінін оқуын ұсыну. Содан соң неге араб цифрларын адамзаттың басым бөлігі әлі күнге дейін қолданатынын түсіндіруін сұрау. Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Әңгіме барысында сандар жүйесінде араб сандары қолданатын позициялық сандар жүйесі өмірде қолдануға өте тиімді деген қорытындыға жетелеу. (Ө)Рим цифрларының ретін білуі мен римдік нумерация бойынша жазуын мен жұп және тақ сандар туралы білімдерін бекіту а) I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X, XI, XII ә) I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X, XI, XII б) XII, XI, X, IX, VIII, VII, VI, V, IV, III, II, I «Келесі сан қай сан болу керек?» Оқушылар бірізділікті сақтай отырып, әр қатарға келесі екі санды жазулары керек. а) I, III, V, VII, IX, XI; ә) II, IV, VI, VIII, X, XII; б) XII, X, VIII, VI, IV, II. Оқушылардың ондықтан аттау арқылы қосу мен азайту дағдыларын бекіту мақсатында мысалдарды шығаруды ұсыну а) I + IV = V; ә) II + VI = VIII; б) III + IX = XII; в) VIII + IV = XII; г) X – I = IX; ғ) IX – V = IV; д) VIII – IV = IV; е) XII – VI = VI. | Ресурстар: • әр оқушыға рим цифрлары жазылған кеспе қағаздар; • араб және рим сандары мен цифрлары мәндерінің сәйкестігін тексеретін кесте. | |||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорыту. Сабақ соңында оқушыларға араб сандарын көрсетіп, оларға сол сандарды рим цифрмен көрсетуді сұрау (әр оқушыға рим цифрлары жазылған кеспе қағаздарды алдын ала дайындап қою) | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қиындық туындаған жағдайда дұрыс шешімге бағыттайтын сұрақтар қойып, бағыт беру арқылы көмек көрсету. | Әр оқушының сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін анықтау үшін сабақ барысында бақылау жүргізу. Әр жұптың, топтың талдауын тыңдап, талдауға барлық оқушы қатыса ма, олардың қалай жауап бергені, әлі нені түсінбегені жайлы ескертпелер жазып отыру. | Белсенді тақтаны 3-4 минут қана қолдануды жоспарлаймын. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?