Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Сандық заңдылық. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Математика

Қысқамерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер.

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер.

Сандық заңдылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.4.3.1 - 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.

 Сабақ мақсаттары

100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.

 Бағалау критерийлері

100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Сан, сан тізбегі, заңдылық, 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі сандар, тізбектерінің заңдылығы

 Құндылықтарды дарыту

 

Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмек беруге, қолдау көрсетуге ұмтылады. Математика пәніне деген қызығушылықтары артады.

 Жаһандық азаматтық

Білімдерін өмірде пайдалану

 Пәнаралық байланыстар

Сан, сан тізбегі, заңдылық туралы білімдерін ғылымға кіріспе пәнімен байланыстырады.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ көмегімен тапсырма орындалады.

Бастапқы білім

Оқушылар бірінші сыныпта алған санау дағдыларын еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Психологиялық дайындық

«Жақсы тілек» жаттығуы.

Сабақ мақсаты: 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Сабақтың ортасы

25 минут

Сан қатары

№1. Ретімен ата

А) 19, 22,21, 24, 20, 23.

Ә) 600, 800, 300, 1000, 500, 400, 900, 700, 200, 100.

№2. Қай сан түсіп қалған?

А) 65, 66, 67, ? 69

Ә) 80, 81, 82, ? 84, 85

Б) 38, 37, 36, ? 34

В) 1000, ? 800, ? 600, 500

№3. Орындап көр

  • Сандарды жүздіктермен санай отырып, 100-ден 1000-ға дейін өсу ретімен ата;
  • Сандарды жүздіктермен санай отырып, 1000-нан 100-ге дейін кему ретімен ата.
  • Сандарды екі-екіден санай отырып, 10-нан 30-ға дейін өсу ретімен ата;
  • Сандарды үш-үштен санай отырып, 3-тен 33-ке дейін өсу ретімен ата.

Шығарып көр

Қай сан түсіп қалған?

Сен қандай реттікпен санадың?

А. 14, ? 20, ? , ? , 29, ?

Ә. ? , ? , 64, ? 72, ? 80

Салыстыр

А) 1дм * 1м

Ә) 5дм 6см * 56 см

Б) 7ц * 600 кг

В) 1м 6дм – 8дм * 1м

Г) 9дм 5см * 1м

Ғ) 60кг + 30кг * 1ц

1-тапсырма. Сандарды жаз.

Қорытынды.

Балалар, бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?Бұл сабақтың тақырыбы қалай аталып еді?

Сан қатары, слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар екі қатарға сандық түзу құрып тұрады.

1-қатарға сандар заңдылығы туралы білемін, білімімді сенімді көрсете аламын деген оқушылар тұрады.

2-қатарға сандар заңдылығы туралы әлі де үйренемін, достарымнан көмек сұраймын деген оқушылар тұрады.

Екі қатарға екі түрлі лента қоюға болады.

Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу