Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1B бөлім Сандармен әрекеттер. Есептер Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу. | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.7 45±9, 45±19/26+14, 40-14/65+35, 100-35 тәрізді жағдайларда ондықтарға ауыстырумен сандарды ауызша ауызша қосу мен азайтуды орындау | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту тәсілін қолданып, 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау Барлық оқушылар: бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту тәсілін қолдана алады. Көптеген оқушылар 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайтуды орындайды Кейбір оқушылар: Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап азайту алгоритмін қолдану жолдарын айта алады. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту тәсілін қолданып, 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайтуды үйренеді | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап азайту алгоритмін қолдану жолдарын айтып үйренеді. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды. | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ – мен байланыс,қосу кестесінің үлгісімен танысады | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде өлшем бірліктері туралы тәжірибесіне сүйенеді | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз. ОМ таныстыру бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосуды үйренесің. (Ж) Үстелдің үстінде әрбір жұп үшін 20 түйме мен түзу сызықпен екі бөлікке бөлінген А3 беті жатыр. Оқушыларға 9 + 7 өрнегін ұсыну.Оқушыларға нұсқалықпен жүру керектігін айту: • А3 беттің бір жағына 9 түйме, беттің екінші жағына 7 түйме қой • Содан кейін 7 түймеден 9 түйме тұрған бірінші жаққа, 10 түйме болатындай етіп түймелерді ауыстырып қой. Қанша түйме ауыстырып қойдың? (1). Беттің екінші бөлігінде қанша түйме қалғанын сана. (6). Беттің бірінші және екінші бөліктеріндегі түймелер санын қос. (10 + 6 = 16). Жаттығуды келесі өрнектер үшін бірнеше рет қайталау: 7 + 5, 6 + 8 және т.б. Оқушылардан 6 + 8 өрнегінде қай қосылғышты 10-ға дейін толықтыру ыңғайлы? Берілген алгоритмға сүйеніп, кітапта ұсынған мысалды талқылау. 9 + 6 мысалын шешу амалы: 1. Бірінші қосылғыш 9, оны 10-ға дейін толықтырамыз. 2. Ол үшін екінші қосылғыш 6-ны 1 және 5 деп екі бөлікке бөлеміз. 3. 9-ға алдымен 1-ді, содан кейін қалған 5 бірлікті қосамыз. | әрбір жұпқа берілетін 20 түймеден тұратын түймелер жинағы. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | (Т) Кәмпиттер. Сұрақтарға жауап бер. • Бірінші вазада қанша кәмпит бар? • Вазаға қанша кәмпит салғысы келеді? • Бастапқыда қанша кәмпит салды? • Тағы қанша салу керек? • Барлығы қанша кәмпит болады? Жауабы: 7 + 5 = 7 + 3 + 2 = 12 8 + 6 = 8 + 2 + 4 = 14 (Ж)Толықтыр! Бірінші қосылғышты 10-ға дейін толықтыр. Түсіп қалған сандарды қой. Есепте. Тапсырмаларды кезекпен орындап,ауызша дауыстап түсініктемелер беріңдер Оқушылардан жауабы бірдей қанша мысал шыққанын сұрау. Жауабы: 8 + 5 = 13 7 + 6 = 13 6 + 5 = 11 9 + 7 = 16 5 + 9 = 14 6 + 8 = 14 (Т) Өрнектердің мәнін тап. Берілген тапсырманы тізбектеп орында. Оқушы өз өрнегін есептейді, ал қалғандары оның қаншалықты дұрыс орындағанын тексереді. 8 + 2 + 3 9 + 1 + 6 7 + 3 + 5 6 + 4 + 4 5 + 5 + 3 4 + 6 + 2 3 + 7 + 5 2 + 8 + 7 Жауабы: 13,16, 15, 14, 13,12, 15,17 Орындап көр. Берілген тапсырманы әрбір топ үшін жеке парақтарға дайындап қою. Тапсырманы орындауға уақыт беру. Барлық топтарға өздерінің нұсқаларын тақтада көрсету, шыққан жауапты бірігіп тексеру. Жауабы: Бірінші үшбұрыш: 1, 2, 4. Екінші үшбұрыш: 2, 3, 5. Шығарып көр. (Ж) Бір оқушыға бетке бірінші тапсырманың жауабын, екіншіге – екінші тапсырманың жауабын жазуды ұсыну. Алынған жауаптарды салыстыруды сұрау. Жауаптары неге бірдей болып шыққанын сұрау. Жауабы: А) 8 + 2 + 4 = 14 (машина) Б) 8 + 6 = 14 (машина) Отшашу. Білімдері орташа оқушыларға қалаулары бойынша, 1-2 отшашу таңдауды, ал білімдері жоғары оқушыларға жұлдызшадағы барлық тапсырмаларды орындауды ұсыну. Өзара тексеру ұйымдастыу | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кестелер Сандарды қосып, кестелерді толтыр.
Жауабы: Бірінші кесте: 13, 14, 15, 16; екінші кесте: 13, 14, 15, 16. | ||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Отшашу тапсырмасын орындаған кезде білімдері орташа оқушыларға қалаулары бойынша, 1-2 отшашу таңдауды, ал білімдері жоғары оқушыларға жұлдызшадағы барлық тапсырмаларды орындауды ұсынылады. | Қосу амалын орында», «Отшашу» тапсырмаларын орындағанда, бақылау арқылы бірнеше оқушыны бағалау. «Өрмек» тапсырмаларын орындаған кезінде, барлық оқушының жұмысын бағалау. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау оқушылармен белсенді оқыту әдістерін қолдану жүргізу барысында жүзеге асты. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?