Қосудың ауыстырымдылық қасиеті. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1В бөлім – Сандармен әрекеттер. Есептер

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.3** тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиетін және көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының

мәні өзгермейді – бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеті екендігін біледі.

Көптеген оқушылар

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін, есептің мәтінін оқу

және шартының қысқаша жазуы мен сұрақтарын құрастырып оқуды үйренеді

Кейбір оқушылар: Есепті қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып, екі түрлі тәсілмен шығаруды үйренеді

Бағалау критерийлері

  • қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану;
  • барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеу және шығару.

Тілдік мақсаттар

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен байланыс,қосу кестесінің үлгісімен танысады

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде өлшем бірліктері туралы тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз.

ОМ таныстыру қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып,арифметикалық амалдарды орындауды үйренесің

(Ж)

Әрбір жұптың үстелінде 3 қызыл және 4 көк үшбұрыштар қою.

Оларға теңдік түріндегі жазуды орындауды ұсыну:

(3 + 4 = 7).

Одан әрі оқушыларға алдына келесі 4 көк және 3 қызыл

үшбұрышты қоюды ұсыну.

Мына түрдегі теңдікті жазуды сұрау: (4 + 3 = 7).

Сандармен қандай амал орындадыңдар?

Алған нәтижені салыстырыңдар

Не байқадыңдар?

Әрі қарай оқушыларға фигуралардың сыртқы

жағындағы екі таңбалы сандарды тауып, олардан

теңдік құрастыруды ұсыну.

Қандай теңдік құрастырылды?

Не өзгерді?

Сандарды қосуда қандай қасиетті байқадыңдар? Ол туралы не айтуға болады? Ал содан кейін өздерінің қорытындысын оқулықтағы ережемен

салыстыруды ұсыну. Оқушыларға назарын

оқулықтағы ереженің жалпы жазылуына көңіл

аудару. Бұл жазуда екі сан да әріппен

белгеленген. Бұл формула қосудың ауыстырымдылық қасиетінің қысқаша жазылуы болып табылады.

Тақтадағы жазу: a + b = b + a

Оқушыларға екі таңбалы сандар ойлап, осы сандар

үшін бұл қасиеттің дұрыс па екенін тексеруді

сұраңыз. Оқушылардың бақылауының қорытындысын тыңдау.

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосындының мәні өзгермейді.

Бұны қосудың ауыстырымдылық қасиеті деп атайды.

a + b = b + a

«Шолу дөңгелегі»

аттракционында барлығы қанша бала бар?

Әнуар алдымен ұл балаларды, содан кейін қыздарды санады. Ал Анар керісінше: алдымен

қыздарды, содан кейін ұлдарды санады. Әнуар

мен Анарға балаларды санауға көмектес.

Сабаққа әрбір жұп үшін 3 қызыл және 4 көк үшбұрыш

дайындаңыз. Фигуралардың сыртқы бетіне 14 және

16 деген сандарды жазыңыз (біреуі қызыл және

екіншісі көк үшбұрыш). a+b = b+a ережесі жазылғани

кеспеқағаз. Түрлі-түсті қағаздан күзгі жапырақтар

қиып алыңыз: 2 сары түсті емен жапырағы, 2 қызыл

түсті жөке жапырағы, 2 сары түсті қайың жапырағы.

Мынадай өрнектерді жапырақтарға жазып алыңыз:

емен жапырақтарына: + 18 = …, 18 + 14 = …, жөке

жапырақтарына: 26 + = …, 25 + 26 = …, қайың

жапырақтарына: 34 + = …, 17 + 34 = – …

Сабақтың ортасы

(Ж) Бұлттар. Мысалдарды шығар. Қосындының мәнін салыстыр. Сен не байқадың?

Жауабы:

36 + 28 = 64, 28 + 36 = 64, 15 + 47 = 62, 47 + 15 = 62

Күзгі жапырақтар. Мысалдарды шығар. Жұпты

таңда. Бос торкөздерде қандай сандар тұру керек?

Жауабы:

14 + 18 = 32, 26 + 25 = 51, 19 + 44 = 63

44 + 19 = 63, 18 + 14 = 32, 25 + 26 = 51

Орындап көр. Жұппен ойна.

(T)Шығарып көр.

Ыңғайлы жолын таңдай отырып, есептерді шығар.

А. Саяхатшылар тобында 18 ұл мен13 қыз бар. Саяхатшылар тобында барлығы қанша бала бар?

Ә. Саяхат кезінде 12 бала қайықпен

серуендеді, ал 19 бала тауға шықты.

Барлығы неше бала саяхаттады?

Әрбір топқа есептің шартының қысқаша жазуын қолайлы тәсілмен: сызбамен, мәтінмен, суретпен жазуды ұсыну. Содан кейін оқушыларға есепті қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып, екі түрлі тәсілмен шығаруды ұсыну . Әрбір топтың өкіліне тақтаға шығып өз шешімін көрсетуді ұсыну.

Оқушылармен бірге шартының қысқаша жазуы мен

шешімін талдату. Өрнекті құрастырып жазуды

ұсыну. Оқушыларға өз тобының жұмысы туралы

қорытынды жасату.

Жауабы:

А. 18 + 13 = 31 (бала)

Ә. 13 + 18 = 31 (бала)

әрбір жұп үшін 3 қызыл және 4 көк үшбұрыштар;

• ереже жазылған кеспеқағаздар;

• әрбір топ үшін 6 күзгі жапырақ;

• әрбір жұп үшін ақ қағаздан қиылған 6 емен

жаңғағы;

• «Математикалық көпіршіктер» эталоны;

• белгі беретін кеспеқағаздар.

Сабақтың соңы

Сен сабақта жаңадан нені үйрендің?

• Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?

• Егер 38 + а = 54 болса, онда а + 38 өрнегінің мәні

неге тең болады?

• a+b=b+a жазуы нені білдіреді?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Отшашу тапсырмасын орындаған кезде білімдері орташа оқушыларға қалаулары бойынша, 1-2 отшашу таңдауды, ал білімдері жоғары оқушыларға жұлдызшадағы барлық

тапсырмаларды орындауды ұсынылады.

«Орындап көр» айдарындағы тапсырманы орындау барысында, кейбір жұптардың жұмысының барысын

бақылап бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі «Математикалық көпіршіктер» тапсырмасын орындау барысында, тақтадағы эталонмен өзара тексерудің нәтижесі бойынша

барлық оқушылардың жұмысын бағалау.

Қай оқушыға екі таңбалы сандарды қосу кезінде қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану қиындық туғызғанын анықтау үшін, оқушыларды бақылау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау оқушылармен белсенді оқыту әдістерін қолдану жүргізу барысында жүзеге асты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу