Қосудың қасиеттерінің формулалары. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Математика

1В бөлім – Сандық және әріптік өрнектер. Теңдеулер.

Тақырыбы:Қосудың қасиеттерінің формулалары

ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағаны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.2.3** тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиетін және көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдану

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Қосудың орын ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерінің орындау ретін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

  • Қосудық ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдана алады.

 Бағалау критерийлері

  • Қосудық ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдана алса;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік сөздік және терминология:

  • өрнек, сандық, әріптік, мағына, ауыспалы

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

Жақшасыз және жақшамен берілген өрнектерді есептеу

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Сабақтың басы

3 минут

«Ертеңгілік шеңбер» Қайырлы таң!

Қайырлы таң ,алтын күн,

Қайырлы таң, алтын таң.

Қайырлы таң, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

) «Жұбыңды тап» ойыны

Сынып әрбір бөлігіне өрнектер мен еөрнектің мәні жазылған қағаздар орналасқан. Оқушылар сол сандарды ала отырып, өз жұптарын табуы тиіс. Шыққан өрнектерді салыстыра отырып, қосудың орын ауыстырымдылық қасиетіне сүйене отырып, тағы да екі топқа бөлінеді. Мүғалім себебін анықтайды? Не байқадыңдар?

Өрнектерді салыстырайықшы?

Қандай айырмашылық бар?

Осы өрнектерді көре отырып қандай ереже шығаруға болады?

Қосылғыштардың орнын ауыстырса да қосындының мәні өзгермейді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

1 минут

2 минут

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

(МК, Ұ) Мұғалім қосудың орын ауыстырымдылық қасиетінің формуласын тақтаға жазады.

Балаларға ережені оқытады.

Балаларға мысал келтіру арқылы дәлелдетеді.

а+в=в+а

15+14=14+15

(Ө, Ж) Мысал: «Бұлттар». Мысалдарды шығару. Қосындылардың мәндерін салыстыр. Не байқадың?

Оқушылар мысалдарды орындай отырып, қосудың ауысырымдылық қасиеті екенін дәлелдейді.

(Ө, Ұ) Ыңғайлы жолды таңдай отырып, есепті шығар.

Алдымен оқушы есеп артын оқиды. Шартын ауызша құрады.Ыңғайлы жолды табу керек. Тақтаға тек қана шешу жолын көрсетеді және шығарады.

Есептеу соң оқушылар ереже шығарады.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

(МК,Ұ) «Жұмбақ өрнек» 1

Мұғалім үстел үстіне 3 стақан қояды. Бірінші стақанда 7 саны, екінші стақанда 5 саны, үшінші стақанда 3 саны жазылған. Кішкене кідірістен соң мұғалім 7 саны тұрған стақан мен 3 саны бар стканды алып, бірге қояды да содан соң 5 саны бар стақанды қояды және сол тізбектелген қатардың соңына 15 саны бар стақанды қояды.

Тапсырма: оқушылар бақылай отырып, өрнек құрастыру керек, және себебін анықтау арқылы ереже құрастырулары тиіс.

7+5+3= (7+3)+5=15

Қосудың терімділік қасиеті.

(Т) «Әр есіктің күлтін тап» Оқушылар тапрманы топ бойынша орындайды, және бір-біріне шығару жолын тиімділігне қарай түсіндіреді.

(Ө, Ж, Қ) Математикалық диктант

Берілген санды өрнектерді терімділік қасиеті бойынша жаз және шығар.Кері есеп құра.

(Ж) Есеп шартын құр және оны шығар

(Т) «Есеп құра бірлікпен, шешімін тап ол күткен!» айдары. Оқушылар өздері топпен бірлесе отырып, есеп құрастырады, және басқа топтарға жасырады.

Интерактивті тақта

Оқулық

Интерактивті тақта

«Көңілді күн»,видео –сергіту сәті

Стақандар

Қима қағаздар

Интерактивті тақта

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы

  • Өзін-өзі бағалау.

Шапалақтау арқылы

Қосымша ақпарат.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті жоғарылау оқушылар бірнеше заттың ұзындығын табады, талдайды.

Шапалақтау арқылы бағалайды

  • Дене шынықтыру
  • Сергіту сәті


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу