Ойша санау дағдыларын дамыту. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1A Тарау : Сандар жүйесі

Математика

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ойша санау дағдыларын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.2.4 Ондықтан аттамай екі таңбалы, үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

  • Ауызша есептей отырып қосу, алуды орындай алады.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

  • Санның сандар қатарындағы орнын біледі.

Кейбір оқушылар істей алады:

Екі, үш таңбалы сандарды кей жағдайда ауызша қосу дағдысы жақсы қалыптасқан .

 Бағалау критерийлері

Есептеудің ауызша тәсілін қолдана отырып, ондық арқылы өтпестен екі таңбалы және үштаңбалы сандарды қосу мен алуды орындаулары жетістік критерийлері арқылы бағаланады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Өтіп жатқан тақырыпқа сай математикалық терминдерді қолданады.

Пәндік лексика, терминология:

бірлік, ондық, жүздік, мыңдық; бағана

санау, алға санау, кері санау

артық, кем; ..қарағанда артық; ..қарағанда кем

түсіндіру, орнату, … екендігіне көз жеткізу.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылармен сабақ барсында дүниетану пәнімен психологиялық дайындық кезінде бастау арқылы байланыс орнайды

 АКТ байланыс

Сабақ барысында тақырыпқа байланысты презентацияны пайдалану

Алдыңғы меңгерілген білім

көптаңбалы сандарды ондықтармен, жүздіктермен, мыңдықтармен тура және кері ауызша санады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру. Психологиялық дайындықСәлем, алтын күнім менің,Сәлем, аспан көгілдір!Сәлем, жақын досым менің,Қуанышты күн бүгін!

1. Жаңа тақырыпқа кіріспе.

Сендердің алдыларыңда сандар берілген. Сол сандарды өсу ретімен қойып шығыңдар. Ауызша жекелей оқушылардан екітаңбалы, үштаңбалы сандарды оқуларын, атауларын сұрау.

10 - 2000- ға дейінгі сандар

(10,20,30,40,......1000)

Сабақ ортасы

Оқушылардың ауызша жылдам ойлану, есептеу, өткен тақырыптарды есте сақтау нақты жауап беру дағдыларын дамыту мақсатында төменде жұмыс түрі ұйымдастырылады.

(Ұ) 2.Төмендегі сұрақтарға жауап берейік

1) Белгісізі бар теңдік. (теңдеу)2) Бір шеті тұйықталған түзу(сәуле)3) Азайтудың бірінші компоненті (азайғыш)4) Алты ондық.(алпыс)5) Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді? (қосынды)6) 1м неше см – ге тең? (100см)7) Екі шеті тұйықталған түзу.(кесінді)8) 6 - 3 - бұл қандай өрнек? (айырма)

Оқушылардың екітаңбалы, үштаңбалы сандарды меңгеру,есте сақтау, жазу, оқи алуларын қалыптастыру мақсатында математикалық диктант өткіземін. Маркермен ламинатталған ақ қағазға жазуларын сұраймын.

(Ұ) 3.Математикалық диктант

  • 8 жүзд. 6 онд. 2 бірл.тұратын санды жаз.
  • 3 жүзд. 2онд. 1бірл. тұратын санды жаз.
  • 6 жүзд. 2 бірл. тұратын санды жаз.
  • 9 жүзд. 9 онд. тұратын санды жаз.
  • 7жүзд. 7 онд. 7 бірл. тұратын санды жаз.

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш

Қарлығаш боп ұш

Төрт, бес, алты

Қарлығаш боп қалқы

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қайта орныңа қон.

(Ж) 4. Садардың графикалық моделімен жұмыс

Тақтада 3 графикалық сан көрсетілген.

Тапсырма: 425 санының моделін тап, дәлелде.

(Ұ,Ж) Бүгінгі сабаққа дейін өтілген тәсілдерді көптаңбалы сандарға қалайша қолдануға болатындығын түсіндіру. Қосу былайша құрастырылуы мүмкін: алдымен ондықтарды қосамыз, одан кейін бірліктерді қосамыз. Оқушыларға жұппен орындауларына мүмкіндік беру.

25+6 36+9

247+152 = 896 - 751=

965-553 = 968 - 247=

Ламинатталған ақ қағаз, маркер.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар екі, үш таңбалы сандарды қосып, азайту барысында күрделенген түрдегі тапсырмалар орындады..

Оқушылардың математикалық диктант, үштаңбалы сандарды қосу, азайту барысында білімі қадағаланды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу