Санау жалғасы: көптаңбалы сандар. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 А бөлімі «Сандар жүйесі» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
| Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Санау жалғасы: көптаңбалы сандар | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1-ден 1000-ға дейінгі сандардың реттіліктерін білу.
Екі таңбалы сандардың орнын сандық түзуде және олардың арасындағы интервалды анықтау. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар 1000-ға дейін бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санап үйренеді. Сандық түзуде графикалық моделін құра алады. | |||||
Бағалау критерийлері | 1-ден 1000-ға дейінгі сандардың реттілігін біледі және сандық кесіндіде көрсете алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың 1000-ға дейінгі санау дағдыларын қалыптастыру, Сандық кесінді, сандық түзу, бірлік, ондық, жүздік, мыңдық терминдерін қолдана отырып математикалық тілін дамыту. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмек беруге, қолдау көрсетуге ұмтылады. Математика пәніне деген қызығушылықтары артады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Жұптарға жануарларды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы кезінде дүниетану пәнімен байланысады, оқушылар жануарлардың мекендейтін жері туралы өз білетіндерін айтады. 1000-ға дейін әндетіп санау кезінде музыка пәнімен байланысады. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар бірінші сыныпта алған санау дағдыларын еске түсіреді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 минут | (Ұ) Оқушылар шеңберге жиналып отырып, сыныптағы оқушылар санын бірліктермен, екіліктермен, бестіктермен, ондықтармен санайды. (Т) (Қ) Сынып ондықтармен санап, екі топқа бөлінеді. Әр топқа 100-ге дейінгі сандар қатары жазылған кесте беріледі. 15 секунд уақыт белгіленеді. 100-ге дейін қалай тез санауға болады?-деген сұраққа әр топ оқушылары өз ұсыныстарын айтады. 1-топ. 100-ге дейін бірліктермен санайды. Мысалы, А – 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10; Б – 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20; С – 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30... 2-топ. 100-ге дейін ондықтармен санайды. Мысалы, А – 10; Б – 20; С – 30... . (ОТ) Ондықпен санау оңай әрі тез деген қорытындыға келеді. | 1-100-ге дейінгі жазылған сандар қатары жазылған кесте | ||||
Сабақ ортасы 25 минут | (МТ) Оқушыларға 1000 саны мен цифры таныстырылады. Төрт таңбалы сан екені түсіндіріледі. (Ұ) Оқушылар 100-ден 1000-ға дейін елуліктермен және жүздіктермен санайды. 50 100 150 200 250 300 350 400 ... 100 200 300 400 500 600 700 ... (Т) Ойын «Қалташада не бар?» Топ басшылары тақтадағы екі таңбалы сандар салынған қалташаны таңдап алады. Өз топтарында екі таңбалы сандардың орнын сандық түзуде көрсетеді және олардың арасындағы интервалды анықтайды. Өзара талдау жасайды.
(Ж) (Қ) Әр жұпқа 100-ден 1000-ға дейінгі жүздіктер қатары беріледі. Жұптарға жануарларды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы ұсынылады.
Әндете отырып 100-ден 200-ге, 200-ден 300-ге т.с.с. санауға рұқсат беріледі. (МТ) (Ж) Оқушылардың санау жүйесін түсіну деңгейін қалыптастыру үшін 10 20 50 100 номиналды теңгелерді қолдана отырып мысалдар шығару. 10+10+10+10+10+10+10+10+10+10=100 20+20+20+20+20=100 50+50=100 50+50+50+50=200 100+100=200 100+100+100=300 100+100+100+100+100+100+100+100+100+100=1000 (Д) /Қабілеті жоғары оқушыларға/ 1000-ға дейін жүздіктермен санай алсақ, ондықтармен 1000-ға дейін санау үшін неше санды атауымыз керек болады?-деген тапсырма ұсынылады. /Ауызша айта алмаған жағдайда ондықтарды қосып, жұмыс парағына жазып көрсетулеріне болады/ | http://www.sparklebox.co.uk/maths/counting/counting-in-100s.html#.UWxmN6K-1I4 https://www.youtube.com/watch?v=atfuwTwxyGk (Материал орысша болғандықтан визуалды түрде көрсетіледі) https://www.youtube.com/watch?v=A1mxje7cmnk 10 20 50 100 номиналды теңгелер
| ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Оқушылар екі қатарға сандық түзу құрып тұрады. 1-қатарға мыңға дейінгі сандар реттілін білемін, білімімді сенімді көрсете аламын деген оқушылар тұрады. 2-қатарға мыңға дейінгі сандар қатарын әлі де үйренемін, достарымнан көмек сұраймын деген оқушылар тұрады. | Екі қатарға екі түрлі лента қоюға болады. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті жоғары оқушыларға ондықтармен 1000-ға дейін санау үшін неше санды атауымыз керек болады?-деген тапсырма ұсынылады. | Әр оқушының іс-әрекеті сырттай бақылауға алынады. Жетістік критерийі бойынша әр жұпқа 100-ден 1000-ға дейінгі жүздіктер қатары беріледі. Жұптарға сандарды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы ұсынылады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Партада отыру кезінде денені тік ұстап, арқасын орындықтың жақтауына тигізіп отыру ескертілді. Теңгемен санау кезінде қауіпсіздік ережелері айтылды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?