Сызықтар және пішіндер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 4В:Күнделіктіөмірдегіесептеулер

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сызықтар және пішіндер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

 Сабақ мақсаттары

•Геометриялық пішіндерді бейнелеу үшін сурет салу/сызу қабілеттерін дамыту

Жазық және кеңістік фигураларды тану

 Бағалау критерийлері

  • Жазық және кеңістік фигураларды таниды.
  • қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді

 Сөздік қор

 

Жазық фигуралары үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш және кеңістік фигуралары, (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) ,сызықтар ,пішіндер.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды жұптасып, топтасып жұмыс жасай отырып, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

  Мектеп миссиясы мен мектеп

  пайымдауы және жаһандық

  азаматтықтың іске асуы

Геометриялық фигуралардың қоршаған ортадағы заттармен сәйкестіктерін білудің адам үшін маңыздылығына тоқталу.

 Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану, ғылымға кіріспе , дене шынықтыру пәндерімен байланыс. Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың пішінін анықтау барысында қазақтілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады.

Алдын игерілген білім

Сызықтарды, жазық және үлкен пішіндерді анықтай алу7

Геометриялық фигураларды тану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7минут

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Сабаққа дайындық

Ауызша есептеулер:

8+2=10 10- 9 =1

12+5=17 15- 3 =12

28-7=21 45+ 5 =50

74-4=70 63+ 6 =69

5+5+5

5+2+5

5+3+2

2. Оқу мақсатын анықтау.

Жазық және кеңістік фигураларды тану.

( Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.)

Суреттер , қораптар, теңгелер.

тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

30 минут

(Т) Әртүрлі топтағы үзік сызықтармен жұмысты ұйымдастырыңыз. Оқушылар осы үзік сызықтарды тұйықтауы және қорытынды жасауы керек: нені байқадыңыз? (жаңа фигура пайда болды). Осы фигурадағы бұрыштың санын санаңыз. Келесі ұғымдарды енгізіңіз: үшбұрыш, төртбұрыш, сандар мен фигура арасында қатынасты орнатыңыз (жақтардың, бұрыштардың саны)

(С) Оқушыларды төртбұрыштармен таныстырыңыз: тік төртбұрыш, шаршы. Олардың белгілері туралы талқылаңыз. Білімді ойын түрінде бекітіңіз.

(С) Оқушыларды кеңістіктік фигуралармен (цилиндр, шар, тік бұрышты призма) таныстырыңыз және оларды үйдің қай жерінен таба алатынымызды талқылаңыз.

/Ж, ф) Оқушыларды «сиқырлы қапта»

жасырылған фигуралардың пішінін сипалап анықтауға шақырыңыз. «Сиқырлы қаптар» ретінде әртүрлі кенеп матадан жасалған қаптарды немесе күңгірт материалдан жасалған қаптарды, сөмкелерді қолданыңыз. Олар пішінді дұрыс дей ала ма?

Кеңістіктік геометриялық фигураларды жасау

(Д) Тіс тазартқыш, таяқшалар, сіріңке және ермексаздың көмегімен фигураның үлгісін жасау.

(С) Кеңістіктік геометриялық фигураларды қарастыру және талқылау кезінде оқушылар әр қырды бөлек қарастырады және осы фигураның қырлары тегіс болады деген шешімге келеді. Осы білімді бекітіңіз және әр кеңістіктік фигураның атауы мен ерекшеліктерін талқылаңыз.

(С) Оқушыларды төртбұрыштармен таныстырамыз: тік төртбұрыш, шаршы. Олардың белгілері туралы талқылаңыз. Білімді ойын түрінде бекітіңіз.

(С) Жазық фигуралардың суретін салу үшін Геогебра сияқты графикалық бағдарламалық жасақтаманы қолданыңыз. Фигураның ұштарын созу арқылы оның пішінін өзгертіңіз. Сұраңыз, мысалы: «Бұл фигура әлі де үшбұрыш болып санала ма? Неліктен?»

1-тапсырма

Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз

және фигураларды атаңыз.

Бағалау критерийіБілім алушы

Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,

тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік

(куб, шар, цилиндр, конус, пирамида,

тікбұрышты параллепипед) денелерін

ажыратады.

Геометриялық фигуралар мен қоршаған

ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын

анықтайды.

Дескриптор: Білім алушы

- жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды;

- кеңістіктік денелерді анықтайды және көк түспен бояйды

Бағалау әдісі

смайлик

Сызықтар және пішіндер

(Ұ) Оқушыларға біз сызықтар пен пішіндерді 1В бөлімінде қарастырғанымызды естеріне түсіру.

Оқушылардың нүкте, түзу, қисық және сынық сызық, тұйық және тұйық емес сызықтар, интервал, облыс және шектер деген терминдерді білетініне көз жеткізу.

Суреттер арқылы қайталау.

(Д)Оқушыларға дәптерге сызбаларды барынша ұқыпты орындай отырып, үшбұрыштар мен төртбұрыштар секілді пішіндерді сыздырту.

(Ұ) сурет салу нәтижелерін бірге қарастырып, оқушылардан пішіндерді, олардың орналасуын сәйкес терминдерді пайдалана отырып сипаттату.

Ұ) Оқушылармен саны әр түрлі сынық сызықтармен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар осы сынық сызықтармен жұмыс жасай отырып тұйықталған сынық сызық құрады (сынық сызықтарды тұйықтайды)және қорытынды шығарады: Не байқадың? (жаңа фигура пайда болды). Осы фигураның бұрыштарын сана.Үшбұрыш, төртбұрыш ұғымын беріңіз, фигура мен санның арақатынасын белгілеңіз (қабырғалар, бұрыштар саны,).

(Ұ) Оқушыларға тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш туралы қайталау. Олардың белгілерін талқылаңыз (қабырғас ,төбесі т.б.).

(Ұ) Кеңістіктік фигуралармен таныстыру (цилиндр, шар, тікбұрышты призма) және оларды қайда кездестіргендері туралы талқылаңыз. Өмірмен байланыстыру.

(Ұ/Ө,Қ) Оқушыларға «Сиқырлы қоржындағы» жасырылған фигураны сыртынан сипау арқылы анықтауын сұраңыз. Олар фигураларды дұрыс анықтай ала ма? Аталған фигуралар моделін таяқшалар (тіске арналған, сіріңке) мен ермексаз көмегімен құрастыруларын сұраңыз. Аталған фигуралар моделін таяқшалар (тіске арналған, сіріңке) мен ермексаз көмегімен құрастыруларын сұраңыз.

Дәптермен жұмыс

Түзулерді қарастыру

(Ұ) Сынып бөлмесінде және мектеп айналасында көрінетін сызықтарды талқылау.

(Б) Жол сызбаларына қарату. Қандай сызықтарға жатады?

Сабақтың соңы

3 минут

Қорытынды

-Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

-Қандай қиындықтар болды?

-Тапсырмалар қиын болды ма?

Рефлексия

Дифференциация оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазық және кеңістік.фигураларды таниды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіруде қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

Жазық және кеңістік

фигураларды ажыратады

Сергіту сәті арқылы жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2: Жұптық жұмыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сынып: 1 Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Кеңістік фигуралар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Геометриялық фигуралардың аталуын білу керек.

Көптеген оқушылар:

Заттарды түсі, пішіні, өлшемі бойынша салыстырады, топтастырады.

Кейбір оқушылар:

Қоршаған ортадан сәйкес фигураларды тауып айта алады.

Бағалау критерийлері

-Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,

тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік

(куб, шар, цилиндр, конус, пирамида,

тікбұрышты параллепипед) денелерін

ажыратады.

-Геометриялық фигуралар мен қоршаған

ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын

анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Лексика

-жазық геометриялық фигуралар, екі өлшемді форма, үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш

-кеңістіктік фигуралар, үш өлшемді форма, шар, цилиндр, конус, пирамида, призма, текше

Диалог

Неліктен оларды бірге топтастыру керек?

• Бұл фигуралардың ортақ қандай белгілері бар?

• Мұндай фигураларды қайда қолдандыңыз?

Құндылықтарды дарыту

Бір-біріне достық көмек

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

слайд

Бастапқы білім

Түзу,қисық сызық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Мақсаты:Жағымды көңіл-күй орнату

Шеңберді құрамыз қасында тұрған көршімізді құшақтап сабаққа сәттілік тілейміз

Заттар мен фигуралар

(Т) Әртүрлі топтағы үзік сызықтармен жұмысты ұйымдастырыңыз. Оқушылар осы үзік сызықтарды тұйықтауы және қорытынды жасауы керек: нені байқадыңыз? (жаңа фигура пайда болды). Осы фигурадағы бұрыштың санын санаңыз. Келесі ұғымдарды енгізіңіз: үшбұрыш, төртбұрыш, сандар мен фигура арасында қатынасты орнатыңыз (жақтардың, бұрыштардың саны)

(С) Оқушыларды төртбұрыштармен таныстырыңыз: тік төртбұрыш, шаршы. Олардың белгілері туралы талқылаңыз. Білімді ойын түрінде бекітіңіз.

(С) Оқушыларды кеңістіктік фигуралармен (цилиндр, шар, тік бұрышты призма) таныстырыңыз және оларды үйдің қай жерінен таба алатынымызды талқылаңыз.

Шаттық шеңберін құрады.

Сәйкес қағаз бетіне сурет салуға арналған құралдар

Бағдарламалық қызмет көрсету, Геoгебра секілді

Сабақтың ортасы

(С/Ж, ф) Оқушыларды «сиқырлы қапта»

жасырылған фигуралардың пішінін сипалап анықтауға шақырыңыз. «Сиқырлы қаптар» ретінде әртүрлі кенеп матадан жасалған қаптарды немесе күңгірт материалдан жасалған қаптарды, сөмкелерді қолданыңыз. Олар пішінді дұрыс дей ала ма?

Кеңістіктік геометриялық фигураларды жасау

(Д) Тіс тазартқыш, таяқшалар, сіріңке және ермексаздың көмегімен фигураның үлгісін жасау.

(С) Кеңістіктік геометриялық фигураларды қарастыру және талқылау кезінде оқушылар әр қырды бөлек қарастырады және осы фигураның қырлары тегіс болады деген шешімге келеді. Осы білімді бекітіңіз және әр кеңістіктік фигураның атауы мен ерекшеліктерін талқылаңыз.

(С) Оқушыларды төртбұрыштармен таныстырамыз: тік төртбұрыш, шаршы. Олардың белгілері туралы талқылаңыз. Білімді ойын түрінде бекітіңіз.

(С) Жазық фигуралардың суретін салу үшін Геогебра сияқты графикалық бағдарламалық жасақтаманы қолданыңыз. Фигураның ұштарын созу арқылы оның пішінін өзгертіңіз. Сұраңыз, мысалы: «Бұл фигура әлі де үшбұрыш болып санала ма? Неліктен?»

1-тапсырма

Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз

және фигураларды атаңыз.

Бағалау критерийіБілім алушы

Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,

тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік

(куб, шар, цилиндр, конус, пирамида,

тікбұрышты параллепипед) денелерін

ажыратады.

Геометриялық фигуралар мен қоршаған

ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын

анықтайды.

Дескриптор: Білім алушы

- жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды;

- кеңістіктік денелерді анықтайды және көк түспен бояйды

Бағалау әдісі

смайлик

СЕРГІТУ СӘТІ.

Бәрі оянады

Күн, күн, күн.

Бәрі ұйықтайды

Түн, түн, түн.

2-тапсырма

Кеңістік фигураларының атауын оқыңыз. Оларды суреттегі ұқсас заттармен

сәйкестендіріп сызыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- цилиндр пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен

сәйкестендіреді;

- куб пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен

сәйкестендіреді;

- шар пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен

сәйкестендіреді.

Бағалау: алма ағашы.

Сұрақ парақшалары.

Сергіту сәті

Сабақтың соңы

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бағдаршам салынған суреттер арқылы бағалау.

Саралауоқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 

А денгейлі оқушыларға тапсырма.

Оқушылардың жазық фигураны сызады (торкөз

қағазда төртбұрышты, шаршыны, үшбұрышты сызу).

Бағалау критерийлері

Геометриялық фигуралар мен қоршаған

ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын

анықтайды.

Дескриптор:

- жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды;

- кеңістіктік денелерді анықтайды

Бағалау: сырғанақ

смайлик

алма ағашы

бағдаршам

сырғанақ

Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу