«Ақпаратты Кэрролл диаграммасында көрсету». Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Математика 4B бөлім: Заттарды топтастыру және элементтер жиындары Тақырыбы: «Ақпаратты Кэрролл диаграммасында көрсету» | Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Оспанова Т.А. | |||||||||||||||
Сынып: 1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: | ММ1.11 Кэрролл диаграммасы туралы түсінігі болады | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||||||||||
Алдыңғы білімдер | Оқушылар сандарды қосуды және азайтуды біледі | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру . ІІ. Өткенді қайталау Екі оқушы берілген мысалдарды тақтада шығарады. Мысалдар: 17 – 1* 17 – 2 6 + в * 10 + в Қалған оқушылар мұғаліммен бірге ауызша жұмыс жасайды.
| |||||||||||||||
Сабақтың ортасы | ІІІ. Ой шақыру Әр оқушыға жеміс-жидектердің суреттері беріледі. Олар жақсы көретін жеміс-жидектің диаграмммасын құрастырады. Қорытынды шығару: Алманы 5 бала жақсы көреді, ал … -Балалар, қазір біз қарбыз және қауын жақсы көретін топтарға бөлінуіміз керек. Оны қалай істейсіңдер? Топта талқылау. ІҮ. Мұғалім жаңа тақырыпты хабарлайды. -Біз бүгін Кэрролл диаграммасымен танысамыз. Оқушылар түстер арқылы топтарға бөлінеді. Әр топқа қағазда жазылған деректер таратылады. (Т)Топтық жұмыс. Оқушылар топта оқиды және талқылайды. Қызыл түсті топ: Кэрролл диаграммасы Кэрролла Льюис құрметіне аталған. Көк түсті топ: Кэрролл Льюистің рас аты - Доджсон Чарлз Лутвидж. Сары түсті топ: Кэрролл Льюистің өмір жылдары 1832 – 1898. Жасыл түсті топ: Кэрролл Льюис Оксфорд колледжі Крайст-черчтің мұғалімі болды. Қызғылт түсті топ: Кэрролл Льюис «Алиса в Стране Чудес» және «Алиса в Зазеркалье» ертегілерімен танымал болды. Әр топ:
Мұғалім оқушыларға Кэролл диаграмасының құрылымын презентациядан түсіндіріп өтеді. (Б) Мұғалім оқушыларға үлкен қағазға Кэрролл диаграммасын пайдаланып, ойыншықтар жиынтығын топтастыратынымызды айтыңыз. Олар екі жақ бағанға өздері критерии қояды. Мысалы, егер бір жағы «жұмсақ» болса, екіншісі «жұмсақ емес» болады. Оқушылар кезектесіп шығып, ойыншықтарды алып, критерии бойынша қай жаққа орналастыратынын айтады. Оқушылар кезектесіп келіп, оларды тиісті тордың ішіне салулары керек. Әрбір ойыншықты орналастырған сайын қалған оқушылардан келісі ме, пікірін сұраңыз. Ойыншықтарды басқа да белгілеріне қарап топтастыруын байқаңыз. (Б,Қ) Залда немесе алаңда үлкен Кэрролл диаграммасын жасау үшін жіпті пайдаланыңыз. Оқушыларға өздерін рет-ретімен атау керектігін айтыңыз. «Ұл немесе қыз» деп атауға болатынын түсіндіру және «ұл» немесе «ұл емес» деп атауға бола ма екенін сұраңыз. Оқушыларды жіптен жасалған диаграммаға тұруды сұраңыз:
Қалыптастырушы бағалау. | жеміс-жидектердің суреттері Түсті қағаздарға жазылған деректер Презентация Плакатта сызылған диаграмма, әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар. Жіп, бор | ||||||||||||||
Соңы | Қойылған сұрақтарға жауап беру: -Сабақтан не үйрендіңдер, не туралы білдіңдер? -Не қызықты болды? | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралыұ байланысденсаулық пен қауіпсіздікАҚТҚұндылықтар | ||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға өз беттерімен Кэролл диаграмасын құрастыруды сұрау. | Топтық жұмыс істеу барысында оқушылардың қабілетін бақылау. | Өзара сыйластық Татулық Ынтымақтастық | ||||||||||||||
Бақылау Сабақтың мақсатына жетімбе? Оқушыларнеүйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?