Кэрролл диаграммасында ақпаратты көрсету. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4B бөлім: Топтастыру және жиындар элементтерін оқыту

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 18.05.2016 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Кэрролл диаграммасында ақпаратты көрсету

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.2.11 Кэрролл диаграммасы туралы түсінігі болу

 Сабақтың мақсаттары

Кэрролл диаграммасымен таныстыру, Кэрролл диаграммасымен жұмыс істеуді үйрету

 Жетістік критерийлері

Кэрролл диаграммасындағы белгілерді анықтайды; Кэрролл диаграммасын толтырады.

 Сөздік қор

 

Кэрролл диаграммасы, баған, қатар, жұп сандар, жұмсақ-қатты, үлкен-кіші, жаңа-ескі.

 Құндылықтарды дарыту

Шапшаңдық, ұқыптылық қасиеттерін дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс «Жануарлар» бөлімі арқылы жүзеге асады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сан жүйесін және реттілік пен заңдылықты зерттеу тәжірибесі бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.

Сабақтың мақсатын қою. Өткенді еске түсіру:

  • Графикалық моделдерді не үшін құрады?

Сабақтың ортасы

(Ұ) Оқушыларға алдын ала бір ойыншықты алып келу тапсырылған. Сабақтың басында оқушыларға ойыншықтарды әртүрлі белгілеріне қарай қоюға тиісті екенін ескерту. Белгі бұл затты ажырататын ерекшелігі екенін айту. Мысалы, ойыншық жұмсақ – бұл белгі. Оқушылардан өз ойыншықтарынан тағы қандай белгі көріп тұрғандарын сұрау. Екі белгіге тоқталу. Бірінші белгі – жұмсақ. Аю- жұмсақ, ал мәшине –жұмсақ емес. Екінші белгісін бөліп алуды ұсыну. Мысалы, аю- бұл жануар, ал мәшине жануар емес. Белгілері айқындалған соң оқушыларға Кэрролл диаграммасын презентациядан (2-слайд), содан соң ватман парағында көрсету. Онда белгілердің барын және жоқтығын көрсету.

ЖҰМСАҚ ЖҰМСАҚ ЕМЕС

ЖАНУАР

ЖАНУАР ЕМЕС

Осы диаграмманы кілемге төсеп қою және әр оқушыға ойыншықтарын керек шаршыға қоюын ұсыну. Оқушыларға сұрақ қойып, қолдау көрсету:

  • Сенің ойыншығың жұмсақ па? «ЖҰМСАҚ» сөзі бар бағанды тап.
  • Сенің ойыншығың жануар ма? «ЖАНУАР» сөзі бар қатарды тап.

Ойыншықты тиісті торкөзге сал.

Оқушыларға «Алиса ғажайыптар елінде» деген кітаптың авторы Кэрроллдың диаграммасымен жұмыс істегендерін айту. Оларды оқулықтағы ережемен таныстыру. Ережеде берілген мысалды мұқият қарастыруды ұсыну.

  • Қандай белгілер көрсетілген. Әр фигура туралы әңгімелеп беріңдер.
  • Неге ол осы шаршыда тұр?

(Т) Оқушылардан диаграммаға қандай белгілер алынғанын сұрау. Олар топта жұмыс істейді.

ҮШБҰРЫШ

ҮШБҰРЫШ ЕМЕС

КӨК

КӨК ЕМЕС

Топ жұмыстарын қорыту.

(Ж) Оқушылардан диаграммаға қандай белгілер алынғанын сұрау. Олар жұпта жұмыс істейді және кесте торкөздеріне сандарды орналастырады. Орындалуын тізбектей тексеру: бірінші жұп бірінші санның белгісін атайды, екіншісі келесісін және әрі қарай жалғаса береді.

«Сандарды кестеге орналастыр» тапсырмасы. 19,17,15,18,11,13,14,12,16,4,29,28,6,24,1,2,5,21,20,27,3,8,9,7,26, 22,25,23,10,30.

10 МЕН 20 АРАСЫНДАҒЫ

10 МЕН 20 АРАСЫНДАҒЫ ЕМЕС

ЖҰП ОНДЫҚТАР

ЖҰП ЕМЕС ОНДЫҚТАР

Материалды бекіту үшін, диаграмманы өздігінен зерттеп, жануарларды орналастырады.

ЖАСЫЛ

ЖАСЫЛ ЕМЕС

ДОМАЛАҚ ДАҚТАРЫ БАР

ДОМАЛАҚ ДАҚТАРЫ ЖОҚ

Ватман парағындағы Кэрролл диаграммасы; ойыншықтар, слайдтағы Кэрролл диаграммасы

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылардың түсінген-түсінбегенін бағалау үшін сұрақтар қою:

- Кэрролл диаграммасын құру үшін не істеу керек?

- Торкөздер бойынша заттарды бөлгенде, қанша белгілерді есепке алдық?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу