«Теңгені тану» Тауардың ақшасын қалай төлейді? Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Математика

4 А бөлім: Ақшаны пайдалану

Сабақтың тақырыбы: «Теңгені тану» Тауардың ақшасын қалай төлейді?

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

4-тоқсан.

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар

Қатыспағаны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

ЧП1.9

Тиындар (теңге) және олардың құндылық номиналдары туралы біледі

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

Монета (теңге) номиналдарды таниды, атайды, тауардың ақшасын төлеуде теңгелерді дұрыс пайдаланады

Көпшілігі:

Белгілі бір соманы теңгелерді пайдаланып, төлем жасай алады.

Кейбір оқушылар:

Өз  бетінше қорытынды  шығарып, ой-пікірін білдіре отырып, төлем жасап, артық ақшасынан қайтарым қайтара алады

Алдыңғы сабақта

Теңгені тану. Ақша туралы сен не білесің? тақырыбы қарастырылған.

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Тиындар, ақша құны, баға,теңге, жалпы сан, қалдық ақша, қайтарым.

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

• … теңгеге не сатып алар едің?

• Сенде осы теңгелер болса, сен не сатып алар едің?

• Бұл зат қанша тұрады?

• Төлеу үшін қандай монетаны пайдаланасың?

Ақша (монета) артылып қала ма? Қандай монетамен төлейсің/ қайтарым аласың ба?

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут

Негізгі бөлім

33 мин

Ұйымдастыру  кезеңі. Сабақтың басталуы.

Алдыңғы «Ақша туралы сен не білесің?» тақырыбы бойынша қарастырған теңге түрлерін оқушылардың қаншалықты есте сақтап, ажырата алу дағдыларын көру мақсатында төмендегі жұмыс түрін ұйымдастырамын.

(Ұ) Әрбір тиыңды көрсетіп, талқылағаннан кейін оларды құнына қарай рет-ретімен қойып шығуды тапсырамын.

Балалар сендердің алдыларыңда теңгелер жатыр. Кане, мен атаған теңгелерлі ала отырып, жоғары көтеріп көрсетейікші.

- 20 теңгені көрсетейікші,

-10 теңгелікті

- 2 теңгеліктен неше дана бар?

- 50 теңгені.

Теңгелерді құнына қарай ретімен қойып шыққандарына көз жеткізгеннен кейін, келесі жұмыс түрін

) «Қанша теңге жоғалды?» ойынын оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқау мақсатында ұйымдастырамын.

Тақтада тиындардың суреті қойылған презентация ашылады. Балалар көздерін жауып, қанша тиын жоғалғанын айтады. Кейін тиындардың орны ауысытырылып тұрады. Балалар қай тиынның орны ауысқанынын анықтап айтуы керек. (2 – 9 слайд)

Бүгінгі сабақтың мақсатын оқушылардың анықтап өздеріне айтқызу үшін келесі сұрақты қоямын.

Сұрақ-жауап

  • Тиындарды қайда пайдаланымыз?
  • Дүкенде алған тауардың құнын төлеуде.

Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Тауардың ақшасын қалай төлейтініміз», сабағымыздың мақсаты: Тауардың ақшасын төлеуде теңгелерді дұрыс есептеп пайдалану. (10 – слайд)

әр оқушының алдында теңге (тиындармен) бар

1 теңгелік – 3 дана,

2 теңгелік – 3дана ,

5 теңгелік – 3 дана,

10 теңгелік – 10 дана

20 теңгелік – 3 дана

50 теңгелік – 2 дана,

100 теңгеліктен – 1 дана.

Презентация

Бүгінгі сабақтың мақсатын анықтап алғаннан кейін, сабақтың негізгі бөліміне көшемін. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, басқа мемлекеттердің валютасын білу мақсатында АКТ пәнімен байланыс жасай отырып, оқушыларға флипчартта бірнеше мемлекеттің атауы мен валютасын сәйкестендіруді орындауларын ұйымдастырамын.

) Флипчартпен жұмыс. Әр мемлекеттің атауын пайдаланыстағы валютасымен сызық арқылы қосу.

Сабақтың мақсатын орындау үшін, берілген тауардың бағасын оқушылардың алдыларындағы теңгелерді пайдалана отырып, бірге бірнеше нұсқаларын көрсетуді ұйымдастырамын.

) Бағасы 88 теңге тұратын шоколадтың бағасын төлеу үшін қандай теңгелерді пайдалана отырып төлем жасаудың жолын көрсету және қайтарым жасау жолын тақтада дайын жауаптарымен салыстырамыз. Дұрыс нұсқасын көрсете алған оқушылардың көрсеткен санына байланысты қағаздан қиылған теңгелерді беру арқылы бағалаймын. (11 – 13 слайд)

Бұдан кейін оқушылармен жоғарыда көрсетілген тапсырманы одан қалыптастыру және жаттығу мақсатында жұппен тапсырма орындауларын тапсырамын.

) Бағасы жазылған тағам түрін алдыларындағы теңгелерді пайдалана отырып, төлеудің бірнеше жолын жұптаса отырып, кезекпен жазу арқылы көрсету.

1 тапсырма. Балмұздақтың құнын (1,2,5,10,20,50)

теңгелерін пайдаланып, төлеу жолдарын жаз.

87 теңге

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сергіту сәті: Белсенді тақтадан көзге арналған сергіту жаттығуын орындатамын. 

Сергіту жаттығуынан кейін сынып оқушыларының көмегімен әзірленеген «Азық - түлік» дүкенінде тауардың ақшасын төлеу, берген ақшасынан қайтарым ала алу дағдыларан қалыптастыру мақсатында рольдік ойын арқылы оқушы тәжірибесін ұйымдастырамын.

(ОТ) Үйге «Дүкен» ойынын өткізу үшін азық – түлік заттарын (бос қораптар, муляж) алып келу тапсырылған. Сыныпта шағын «Азық – түлік дүкенін» ұйымдастырылды. Әр тауардың үстіне оның бағалары жазылып қойылды Ойынға қатысу үшін бір оқушы сатушы ал қалған оқушылар сатып алушы ролінде болады. Әр оқушының қолында әмиянға салынған теңгелері бар (әр оқушынынң алып келген парта үстінде жатқан теңгелерін әмияндарына салып алады) Әрбіреуіне төлем жасау үшін олар қандай теңгелерді пайдалана алатындарын сұрау.

(Қ) Дифференциация. (2 тапсырма)

Берілген соманы төлеудің бірнеше жолдарын көрсету, қайтарым жасау жолын жазу.

2 тапсырма. Балмұздақтың құнын (1,2,5,10,20,50)

теңгелерін пайдаланып, төлеу жолдарын жаз.

97 теңге

------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------

Флипчарт

Үлестірме қағаздар

Сыныпта «Азық - түлік» дүкенін ұйымдастыру

Азық – түліктен босаған сүттің, қаймақтың, йогурттың, шоколадтың,сусынның,

шырынның бутылкалары, бос қораптары. Әр тауардың бағалары жазылған қима қағаздар. (1 – 99 теңге аралығында)

Қалыптасырушы бағалау жұмыстарының үлестірмелі карточкалары

Қорытынды бөлім

2 минут

Кері байланыс. ( 14 – слайд)

Маған сабақта ... ұнады.

Бүгінгі сабақта ... қиын болды.

Қосымша ақпарат.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

Берілген соманы төлеудің бірнеше жолдарын және А,Н,Д, Р атты оқушыларыма берілген сомадан қайтарым жасау жолдарын көрсетулерін тапсыру арқылы бағалаймын.

Жұппен жұмыс орындау барысында теңгелерді пайдаланып жазған жазбаларының дұрыстығығна қарай берілетін (қағаздан жасалған теңгелер саны), жеке жұмыс кезінде жетістік критерийі арқылы бағалау

1.Сабақтың негізгі бөлімінде халықаралық мәдениет негіздерін қалыптастыру, қызығушылықтарын ояту мақсатында АКТ пәнімен байланыс жасай отырып, оқушыларға флипчартта бірнеше мемлекеттің атауы мен валютасын сәйкестендіруді орындаттым.

Флипчартпен жұмыс

Дүниетану пәнімен байланысты рольдік ойын ойнау барысында дүкендегі тағам түрлерінің атауларын, пайдалы тағам екендіктерін ескере отырып айта алулары арқылы ескердім.

Денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында партада түзу отыру және көзге арналған жаттығу арқылы орындаттым.

Қалыптастырушы бағалау №1

Математика

4 тоқсан

4 А бөлім: Ақшаны пайдалану.

Сабақтың тақырыбы: «Теңгені тану» Тауардың ақшасын қалай төлейді?

1 сынып

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

Сандармен операциялар

СО1.9 Атаулы сандармен амалдарды түрлендіру және орындау, өмірде қолдану

Оқушылармен ақшаны күнделікті өмірде қолдану туралы талқылау жүргізіңіз. Оқушылардың тиындардың номиналдық құнын ажырата алатын/алмайтындықтарын анықтау үшін, тиын үлгілерін өсу ретімен қоюды өтініңіз. Қандай да бір затты (мысалы құны 68 т тұратын самсаны) сатып алу үшін қандай тиындарды пайдалануға болатындығы туралы ой бөлісіңіз. Егер сабақ барысында оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік болмаса, ойын барысында оқушылардың жанына барып, жұптағы талқылауын бақылаңыз. Әр оқушыға төмендегідей тапсырманы ұсыныңыз.

97 теңге

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Қолдану

Заттарға төлем жасау туралы білгенін анық түсіндіре отырып, қайтарым жасай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу