Ақшамен іс-әрекеттер жасау кезінде қосып -алу дағдыларын пайдалану. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Ақшаны пайдалану | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 29.03.2016 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Ақшамен іс-әрекеттер жасау кезінде қосып -алу дағдыларын пайдалану | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.2.12 Белгілі бір соманы монеталармен төлеуді түсіну | ||||||
Сабақтың мақсаттары | Тауардың бағасы мен құны жайлы негізгі түсініктер енгізу. Олардың арасындағы байланысты өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп анықтату. Екі немесе одан көп заттың құнына қажетті соманы жинауға жаттықтыру. | ||||||
Жетістік критерийлері | Заттың құны дегенді түсінеді; Заттың құнын анықтауды үйренеді | ||||||
Сөздік қор
| Монета, сома, ақша, теңге, номинал, баға, төлеу. - Азық-түлік сатып алу үшін бізге ақша керек. - Қымбат емес заттарды сатып алу үшін, біз монеталарды қолданамыз. - Қанша тұрады? -Төлем жасау үшін … монеталарды қолданамын. - … қайтарамын. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Тұтынушы мен сатушы арасындағы диалог құру арқылы сыпайлылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану. Мамандықтар | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 100-көлемінде санай білу; ондықтармен санау, санды теңдіктер мен теңсіздіктерді салыстыра және суреттей біледі | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.
| ||||||
Сабақтың ортасы
| (Ұ) Тақтаға «ДҮКЕН» деп жазылған қағазды іліп қою, оқушылардан бүгін сабақта немен айналысатындары туралы не ойлайтындарын сұрау. Болжауларын сұраған соң, оларға сабақтың мақсатын хабарлау. Сұрақтар қою. - Дүкенге адамдар не үшін барады? - Дүкенде кім жұмыс істейді? (Тұтынушы, сатушы сөздерін тақтаға ілу) - Қандай тауарлар сатып алуға болады? - Олар не үшін қажет? «Дүкенде» рөлдік ойын. Сөреге: дәптер, фломастерлер, қалам, қарындаш, кітап, сурет дәптерін қойып, бағаларын қыстыру. Ойын кезінде негізгі ұғымдарды жазу үшін тақтаға кесте іліп қою. Ойын барысы: -Біздің дүкенде қандай тауарлар бар? -Оларды сатып алу үшін нені білу керек? (бағасын) Кестедегі бірінші торкөзге «бағасы» деген сөзді жазып қою.
Бір оқушыға дүкеннен бірнеше дәптер сатып алуды ұсыну.
Қорытынды жасау: адамдар заттарды сатып алу кезінде тек бір ғана зат сатып алмай, бірнеше бірдей заттарды бір бағамен сатып алуы мүмкін. Бұл заттың саны. Екінші ұяшыққа «саны» деп жазу.
Кестеге «құны» деген сөзді жазу. Құн дегеніміз – сатып алынған заттарға төлеуге қажет ақша. (Т) Әр топтан бір оқушы шығып, «Дүкеннен» бір зат сатып алады, ал қалған оқушылар орындарында отырып кестеге заттың бағасын, санын, құнын жазады. Тексеру. (ЖЖ) Оқушыларды жұптастыру. «Сатып алатын заттар қанша тұрады» . Талдап болған соң бір жұптың жауабын тыңдау.
(Т) «Тағам және сусын» деген ортақ тақырыпты естеріне салу. «Заттардың құнын есепте» А4 форматтағы қағаздағы суретті ұсыну. Топтасып шешімін табу, заттың құнын ақ параққа жазып көрсетуді сұрау. Топтардағы оқушылардың біреуінен заттардың құнын қалай тапқандарын сұрау. (Қ) Өзіндік жұмыс. Жеке парақтағы тапсырманы орындату. Жетістіктер критерийлерін алдын ала атап айту. | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында:
Оқушыларды қол көтеруді сұрау. Алдымен тақырыпты түсінгендерді, әлі де толық түсінбегендерді, содан соң тақырыпты түсінбегендерді. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қиналатын оқушыларға көмектесу үшін, оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. | Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?