Уақыт туралы түсінік Тапсырмаларды дұрыс –реті бойынша орындау (есеп шығару жолы). Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3C бөлім: Уақыт туралы түсінік

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып:1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

3C бөлім: Уақыт туралы түсінік

Тапсырмаларды дұрыс –реті бойынша орындау

(есеп шығару жолы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.2.9 Кодталған тапсырмалар құру және орындау

 Сабатың мақсаттары

Тапсырмаларды дұрыс –реті бойынша орындауға жаттықтыру

(есеп шығару жолы)

 Жетістік критерийлері

Тапсырмаларды дұрыс –реті бойынша орындауды меңгереді.

 Сөздік қор

ай, күнтізбе,уақыт, сағат, минут.

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақыт өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

ОМ анықтап алу

  • тапсырмаларды дұрыс –реті бойынша орындауды үйренесің

оқулық

30 минут

(Ж) Оқушыларға тағам әзірлеу, қуыршаққа арналған төсек дайындау, аялдамада жолаушыларды пойыздан қабылдау және т.б. рөлдік ойындар ұйымдастыру. Оқушыларға жұптасып, тапсырмаларды орындауын ретін көрсетуді тапсыру .

Жұптаса отырып, тағам әзірлеу ретін ойластыр.Төмендегі сұрақтарды басшылыққа ал.

Алдымен не істейсің?

Содан кейін ше?

Енді не істейсің?

Соңында не шықты?

(Ұ) Іс-әрекеттерді жоспарлау үшін қажетті сөздерді: алдымен біз;сосын біз; сосын;енді бізде бар; енді істей алатын болдық деген сөздерді айтуын қадағалау.

(Ж,Қ) Оқушылардың жұпта жұмыс істеуін қадағалау, біреуі нұсқау беріп, екіншісі оларды орындауын бақылау. Мәселен, пальтоны ал және оны ки деген сияқты қарапайым тапсырмалар орындату.

Орындап көр.

Сыныпта істейтін бір әрекетіңді орындап көр.(дене шынықтыру сабағына киіну, асханаға бару. т.с.с)

Шығарып көр.

Сыныпқа мектепке келген істейтін әрекеттеріңді ретімен айтуға тырыс.

Мысалы: осындай үлгіде болуы мүмкін.

Бірінші мектепке келемін.

Сөмкемді жерге қоямын

Сосын шкафты ашамын

Сырт киімімді ілемін

Сосын аяқ киіміді шешемін

Мектепке киетін аяқ киімімді киемін

Шкафтың есігін жабамын

Сөмкемді қолыма аламын

сныптың есігін ашамын

Партамның жанына барамын

Сөмкемді орнына қоямын

Сөмкемнің аузын ашамын.

Сабаққа қатысты оқу құралдарын шығарамын

Сөмкемнің аузын жабамын.

Сабақтың соңы

5 минут

Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

тапсырмаларды дұрыс –реті бойынша орындау дегеніміз не?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

тапсырмаларды дұрыс –реті бойынша орындауда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

тапсырмаларды дұрыс –реті бойынша орындауды үйренеді

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу