Уақыт туралы түсінік Біз уақыт туралы не білеміз? Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3C бөлім: Уақыт туралы түсінік

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып:1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

3C бөлім: Уақыт туралы түсінік

Біз уақыт туралы не білеміз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.10 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, тәулік, апта күндері, ай) білу, тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолдану және олардың өзара байланысын білу

 Сабатың мақсаттары

Іс -әрекет қанша уақытқа созылатынын қалай есептеу қажеттігін бекітуге жаттықтыру

 Жетістік критерийлері

  • жылға арналған күнтізбеге сүйене отырып таба білуді;
  • Уақыт өлшем бірліктері арасындағы өзара байланысты және қатынасты білуді;
  • сағатқа қарап уақытты білуді;
  • тақырып бойынша есептер шығаруды меңгереді.

 Сөздік қор

ай, күнтізбе,уақыт, сағат, минут.

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақыт өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

3минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

ОМ анықтап алу

  • уақыттың қандай бірліктермен өлшенетінін
  • уақыт өлшем бірліктерінің өзара байланысын білетін боласың.

бөлім бойынша өтілген барлық тірек сөздер жазылған кеспеқағаздар;

сағат модельдері;

ай аттары жазылған кеспеқағаздар-2 жинақ;

апта күндерінің аттары жазылған кеспеқағаздар-4 жинақ;

тәулік мезгілдерінің аттары жазылған кеспеқағаздар (таңертең,күн,кеш,түн)-6 жинақ

30 минут

(Ұ,Т) Ұқсас сағаттардан уақытты (1 сағатты ,2 сағатты,..12 сағатты ) көрсету, ал оқушылар көрсетілген уақытты айтуы тиіс.

Кері тапсырма орындау: уақытты айту,ал оқушылар сағат моделінен уақытты көрсетеді.

уақыт өлшем бірліктерінің ара қатынасына байланысты ойын ұйымдастыру.

Барлық ойыншыларға апта, ай, тәулік мезгілдерің аттары жазылған кеспеқағаздарды таратып беру.

  • Тәулік мезгілдері (оқушылар төрт ойыншыдан бірігуі тиіс.таң,күндіз,кеш,түн)
  • Апта күндері (оқушылар жеті ойыншыдан бірігуі тиіс.дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма, сенбі,жексенбі.)
  • Жыл айлары (оқушылар он екі ойыншыдан бірігуі тиіс:қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір,мамыр, маусым, шіде, тамыз,қыркүйек, қазан, қараша,желтоқсан)
  • Қыс айлары (оқушылар үш ойыншыдан бірігуі тиіс:желтоқсан,қаңтар, ақпан)
  • Жаз айлары (оқушылар үш ойыншыдан бірігуі тиіс: маусым, шілде, тамыз)
  • Көктем айлары (оқушылар үш ойыншыдан бірігуі тиіс:наурыз, сәуір, мамыр)
  • Күз айлары (оқушылар үш ойыншыдан бірігуі тиіс: қыркүйек, қазан, қараша)

( Ж) Хайуанаттар бағында.

Балалар керік тұратын торға сағат 12-де келді. Керік пен оның төлін 15 минут бақылады. Балалар кеткен кезде сағаттың минуттық тілі қай санды көрсетіп тұрды?

Жауабы: 3 санында

Шығарып көр.

Баланың әкесі жұмысқа таңғы сағат 8-де кетіп, кешкі сағат 7-де қайтып келді. Сағат моделінің көмегімен әкесінің жұмыста қанша уақыт болғанын есепте.

Жауабы: 11 сағат

Отбасылық демалыс.

әкесі, анасы, және балалары үш апта теңіз шипажайында болды. Отбасы теңізде неше күн демалды?

Жауабы: 21 тәулік

Орындап көр.

Самалдың анаасы сейсенбі және бейсенбі күндері фитнеспен айналысады. Самалдың анасына сәуір айына жаттығу кестесін құруға көмектес.

Жауабы:4,6,11,13,18,20,25,27

Сабақтың соңы

5 минут

Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

  • көлік жүргізуші қалаға дейін 65 минут жүрді,ал мотоциклші 1 сағат жүрді. Қалаға кім бұрын жетті? Неге?
  • Бүгінгі сағат 12 ден ертеңгі сағат 12-ге дейін қанша уақыт өтеді?
  • Наурыз мерекесін қаша тойлаймыз? Осы күнді күнтізбеден көрсетіңдер.Бұл аптаның қай күні?

Ойлан!

Сен қазір неше жастасың?

Сен неше жылдан кейін мектепті бітіресің?

Сен сонда неше жаста боласың?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

уақыт өлшем бірліктері арасындағы өзара қатынасты анықтауда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

уақыт өлшемін анықтап үйренеді

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу