Уақыт туралы түсінік Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну.Ай. Жыл. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В бөлімі: Шамалар. Уақытты бағдарлау | Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т. | ||||
Сынып:1В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Уақыт туралы түсінік Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну.Ай. Жыл. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.3.5 сағаттың циферблаты бойынша уақытты анықтау/ уақыттың өлшем бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай,жыл | ||||
Сабақтың мақсаттары | Сағаттың циферблаты бойынша уақытты көрсетеді және уақыттың өлшем бірліктері ай мен жылды таниды, ажыратады. | ||||
Бағалау критерийлері |
ажыратады және өлшемдер жасайды | ||||
Сөздік қор | ай, күнтізбе, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, жыл. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық. | ||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Апта күндері | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
3минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс айларын атаңдар: желтоқсан, қаңтар, ақпан ОМ анықтап алу
| Таныстырылым. |
10 мин 5 мин 5-7 мин 2 мин 7- 8мин | Мақсаты: Әр жыл мезгілінің ай аттарын ретімен атау, күнтізбе ұғымымен таныстыру (Ұ,Т) Оқушыларды шеңбер бойынша отырғызып,қыс, көктем, жаз, күз деп кезек-кезек айтқызып жылдың төрт мезгілі бойынша топқа бөлу. Әр топқа жыдың төрт мезгілінің суретін таратып беру.Олардан өз тобының атына қатысты жыл мезгіліне сәйкес ойнайтын ойын аттарын топтастырып жазғызу. Әр топтың жауабын тыңдау. Барлық топтың жауабын тыңдағаннан кейін,ортаға әр топтан бір оқушыны шығарып,оларға ай аттары жазылған кеспе қағаздарды бір-бірден таңдап алуын өтіну.Ай аттарының реті бойынша тұрады. Ал басқа оқушылар ай аттарын хормен атап шығу керек. Ай 30 немесе 31 тәуліктен (ақпанда -28 немесе 29 тәулік бар)тұрады. Күндердің апта және ай бойынша ретімен жазылуын «күнтізбе»- деп те атайды. Айға арналған күнтізбе- бұл күндер ретімен жазылған жазба. Әр айдағы күндер саны әртүрлі: 30,31,28,немесе29 күн. (ҚБ) Әр топтың ай аттарын дұрыс таңдап алуын басқа топтар қол шапалақтау арқылы бағалайды. (МК) Сен білесің бе? Мақсаты: Саусақ сүйектерінің көмегімен әр айдағы күн санын анықтауды үйрену. Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады.Күнтізбесіз айдағы күндер санын сақтау үшін , саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейінсолдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- бұл айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай -ақпан Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға - бұл айда 30 тәулік. Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету. (Ұ) Оқулықпен жұмыс Мақсаты: Тапсырмалар орындау арқылы жаңа тақырыпты меңгерту Шығарып көр. Жыл -уақыт аралағы. 1 жыл -12 айға немесе 365 тәулікке тең.
Күнтізбе бойынша анықта. а) Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады.Сәуір айында оқушыларда неше демалыс күні болады? Жауабы: 9 күн б) Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады.Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады. Жауабы: 8 күн (ҚБ) Ауызша бағаланады: «Дұрыс», «Өте жақсы», т.с.с. Сергіту сәті: Әуенге қосылып, қимылдар жасайды (Т) Орындап көр Мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік және әлеуметтік дағдыларын дамыту Топтағы оқушылар топ оқушыларының қай айда туғанын анықтап, тізімін жасайды.Тапсырманы орындап болған соң, әр топтан бір оқушы шығып, қорытындысын айтады. Екінші оқушы тақтада ілініп тұрған ай аттары жазылған параққа стикер жабыстырады. Жұмыс соңында қай айда қанша оқушының туған күндері екендігін анықтайды. (ҚБ) Топтар бір-бірін бармақ көрсету арқылы бағалайды. | Жыл мезгіліне байланысты суреттер,ай аттары жазылған кеспе қағаздар, үстел күнтізбесі, А3 форматтағы қағаздар, түрлі-түсті маркерлер. Күнтізбе суреті таныстырылым | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер? -Қазір қай ай? -Бұл ай жылдың қай мезгіліне жатады? -Осы айдың алдында қай ай өтіп кетті? -Бұл айдан кейінгі айды тауып айт. -Қай айда шығыс халықтарының жаңа жылы болады? -Ақпан айында неше күн бар? | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Топтық жұмыстарда қабілеті жоғары оқушылар белсенділік көрсетеді, | Ай аттарын рет-ретімен атау қабілеттерін бағалау | Сергіту сәті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?