Өрнектерді түсіну. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: математика

3 В бөлім: Өрнектермен танысу

Көкшетау қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 1

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

Тақырыбы:

Тақырыбы: Өрнектерді түсіну

ОҚУ МАҚСАТЫ:

ММ1.7 Өрнектерді құрастыру және жазу

 САБАҚТЫҢ

 МАҚСАТЫ:

  • Белгісіз санды көрсету үшін белгісін қолданады.
  • Қосу мен азайту амалдарындағы компонентерін біледі.
  • Өз  бетінше  шешім  қабылдап,  қорытынды  шығару, ой-пікірін білдіре алады.

 Бағалау критерийлері

Өрнектерді құрастыра алады және жаза алады.

 ТІЛДІК МАҚСАТ:

Негізгі терминдер мен сөзтіркестер:

  • ұсынады, белгісіз сан
  • санды өрнек, әріпті өрнек
  • өзгермелі мәні, орнын алмастыру
  • артық/кем, тең, тең емес, теңдік, теңсіздік

Алдыңғы меңгерілген білім

Белгісіз санмен іс-әрекет

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру  кезеңі

-Кел, жаныма, тұр сыныптас,

Өз қолыңды маған аш.

Міне менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

(Т) Ұ) «Кім тапқыр?» ойыны

Оқушыларға теңдіктер мен теңсіздіктер және қосынды мен айырмалар жазылған қима карточкаларды тауып, жазылуына сәйкес топтарға бөліну ұсынылады.

Қосынды Айырма Теңдік Теңсіздік

-Балалар, қандай ерекшеліктер арқылы топтарға бөліндіңдер?

/оқушылар қима карточкаларды тақтаға іледі/

-Айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

/қосынды мен айырманың компоненттерін атау/

-Бұлардың қандай ұқсастығы бар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Жетістік критерийлерін құру.

/оқушылар ж.к. өздері айтады, мұғалім тақтаға жазады/

-Ненің мәнін табуға болады? /өрнектің/

/оқушылар өрнектерді дәптерлеріне көшіріп, мәндерін табады/

-Балалар, біздің кабинетіміздің ішінде өрнектер табуға бола ма?

/оқушылар кабинеттегі заттар мен жиһаздарды пайдаланып, өрнектер құрастырып, ауызша айтады/

Интерактивті тақтада жазылған өлең

Карточкалар

Сабақтың ортасы

(Ж)Жұптық жұмыс

Оқушылар бір-біріне өрнектерді айтады, мәндерін ауызша табады.

(Ұ) «Мен саған, сен маған» ойыны

Мұғалім оқушыларға өрнек жазылған карточканы көрсетеді, мұғалім толық нұсқасын айтады.

Мысалы:20 – 9 = 11

Оқушының оқуы: 20 мен 9-дың айырмасы 11 тең.

(Ө)Математикалық диктант

Мұғалім оқушыларға өрнектерді оқып отырады. Оқушылар маркерлік тақтаға өрнекті жазады, мәнін табады.

9 бен 6-ның қосындысы

14 пен 8-дің айырмасы

11 мен 5-тің қосындысы

18-бен 9-дың айырмасы

20 мен 9-дың айырмасы

Оқушылар жазған өрнектерін өзара жұпта отырып тексереді.Бір-бірін бағалайды.

(Қ)Оқушылардың өрнектерді дұрыс жазып, мәндерін таба білу қабілеттерін бағалаймын.

(Ұ) Сөз есеп шығару

«Саяхат» тақырыбының төңірегінде кейбір ақпараттармен бөлісіп, оқушылардан оны өрнек түрінде қалай көрсетуге болатынын сұрау.

Мысалы:Сыныптағы ..... оқушыға саяхатқа орманға барған ұнайды. Егер сыныпта 18 оқушы болса, қанша оқушы тауға саяхаттағанды ұнатады?

Есепті оқу, талдау,құру, дәптерлеріне көшірту.

Өрнектер жазылған карточкалар

Маркерлік тақталар

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Сабақтың басында құрған жетістік критерийлеріне оралып, неге қол жеткізілгенін анықтау.

-Не білдің?

-Нені түсіңбедің?

-Өздеріңді стикер арқылы бағалаңдар:

Түсіндім, білемін -----

Сенімсізбін -------

Түрлі – түсті стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралыұ байланысденсаулық пен қауіпсіздікАҚТҚұндылықтар

Өрнектерді құрастыру, есептер құрастыру.

Өзін-өзі бағалау

  • Сыйластық
  • Әлемтану

Бақылау

Сабақтың мақсатына жетім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу