Теңдік және теңсіздік Белгісізі бар теңдік. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың тақырыбы: Теңдік және теңсіздік

Белгісізі бар теңдік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақта қарастырылатын оқыту мақсаттары

1.2.2.2. Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу, теңдеудің түбірін табу

1.4.1.6. 6 + 􀂅 = 10, 10 - 􀂅=4 өрнектерде белгісіз санды 􀂅 таңбамен белгілеуді қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

амалдардың белгісіз компонентін анықтау.

Бірқатар оқушылар үшін:

белгісіз компонентті табу үшін арифметикалық амалды таңдаудың дұрыстығын негіздеу.

Кейбір оқушылар үшін:

торкөзі бар өрнекпен сипаттауға болатын өмірлік жағдайларды өз бетімен ойлап табу, торкөзі бар берілген жазба бойынша жағдайды таңдау.

Бағалау критерий

Белгісіз компонеттерді анықтай алады.

Белгісіз санды 􀂅 таңбасымен қолдана алады

Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

амалдардың белгісіз компонентін анықтау.

Пәндік лексика және терминология:

амалдардың белгісіз компоненті

Сабақта диалог жазу үшін қажетті сөздер

Талқылау:

Амалдардың қандай белгісіз компоненттерін білесіңдер?

Белгісіз қосылғышты қалай табуға болады? Белгісіз азайғышты қалай табуға болады? Белгісіз азайтқышты қалай табуға болады?

Белгісіз компоненті бар теңдіктің сипатына сәйкес келетін өмірлік жағдайды айта аласың ба?

Жазу: есептер мен санды өрнектерді шешудің жазбасы.

Осыған дейін меңгерілген білім

Толық ондықтарды қосу мен азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-шара (төменде көрсетілгендердің орнына өз тапсырмаларыңызды жазыңыздар).

Ресурстар

0–5 минут

Психологиялық ахуал

1,2,3,

Сынып іші тып-тыныш .

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз .

Өткен тақырыпты қайталау

«Мен саған, сен маған» стратегиясы

Оқушылар мұғалімнің көмегіміен өткен тақырып бойынша бірін-біріне сұрақтар қояды.

/өзара бағалау/

Кіріспе тапсырма.

Оқушыларға ғарышқа саяхат жасайтындықтары ескертіледі. Ғарыш кемелерінің экипажы ретінде топтарға бөлінеміз.Әр экипаж құрамында болатын адам санын анықтау үшін теңсіздіктегі торкөзбен берілген белгісіз санды жазып толықтыруларың керек.Теңдіктегі белгісіз санды торкөз пішіндес белгімен көрсетеміз.

7+2 >

Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдау.Бірнеше нұсқа айтылады.Жауап болатын нақты бір санды таба алмау мүмкін деген қорытындыға келеді.

Теңсіздікті жазудың басқа нұсқасын ұсыну.Мысалы 10-4≠

Алдыңғы жағдай қайталануы мүмкін.Теңсіздіктің нақты жауабы болмайды деген қорытындыға келеді.

20-5=

Бұл теңдіктегі белгісіз санды оқушылар бірден табады.5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.

Ғарышқа саяхат жасау барысында біз шаршы пішіндес бос торкөзбен көрсетілген белгісіз санды іздейміз. Бос торкөзге қоятын сан белгісіз. Оны белгісіз сан деп атаймыз. Оны былайша 􀂅 белгілейміз. Құрамында бір сан белгісіз болатын теңдік – белгісіз саны бар теңдік деп аталады.

6–8 минут

(Ұ) Ғарышкердің таңғы асы.

Саяхаттың алдында таңғы ас ішуді ұмытпау керек. Мынадай сұрақтар қойылады:

  • 7 саны шығу үшін, 5 – ке нешені қосамыз?
  • Белгісіз сан нешеге тең?
  • 5 саны шығу үшін, 8 – ден қандай санды азайтамыз?
  • Белгісіз сан нешеге тең?

Жауаптары: 2; 3; 4; 6.

Ортасы

8–11

(Т) Ойлан тап!

Тапсырманы оқушылар топта тізбектей отырып орындайды. Белгісіз сандардың мәнін зымырандар ұша алатындай етіп анықтайды.

Оқулық

12–25

(Т) Орындап көр.

Логикалық тапсырманы топпен ақылдасып отырып шешу ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында мынадай сұрақтар қойылады:

  • Қандай үш бірдей санның қосындысы 15 – ке тең болады? (5 + 5 + 5)
  • Белгісіз санды 􀂅 белгімен белгілейміз. Екінші сурет бойынша мынадай белгісізі бар теңдік шыуы керек: 5 + 􀂅 + 5 = 12
  • Санды таңдау тәсілін пайдаланып, берілген өрнектегі белгісіз санның мәні 2 екенін табады.
  • Үшінші сурет бойынша 5 + 􀂅 + 2 = 10
  • Санды таңдау тәсілін пайдаланып, берілген өрнектегі белгісіз санның мәні 3 екенін табады.

Жауабы: зымыран – 5, телескоп – 2, ғарышкер – 3

(Ұ) Ойлан

Мынадай ғарыш оқиғасымен таныс болайық. Тапсырма мәтіні оқушыларға оқытылады.

  • Мәтін мазмұнынан не білдік?
  • Нені білу керек?

Қабілеті жоғары оқушылар өздіктерінен орындайды, ал қиындық туындаған жағдайда ұжым болып талқылап шығарылады.

12 - 􀂅 = 7

12 – 5 = 7

26–35

Дәптермен жұмыс.

  • Өзге ғаламшарлықтарға көмектес. Санды таңдау тәсілін пайдаланып, берілген өрнектегі белгісіз санның мәндерін тауып сәйкестендіреді.
  • Бағалауға арналған тапсырма ретінде «Лабиринттен өт» тапсырмасын орындайды. Теңдіктегі белгісіз санды бос торкөздерге жазып көрсетеді.

Дәптер.

25, 26 жұмыс парағы

35–40

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

  • 􀂅 белгісін теңдіктегі белгісізді көрсетуде пайдалануды меңгереді, мысалы, 6 + 􀂅 = 10

Рефлексия (қорытындылау)

Сабақта балалар қандай жаңа сөздер мен өрнектерді білгені анықталады, сандарды және өрнектерді салыстыру ережелері еске түсіріледі.

Жетістік сатысы.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу