Белгісіз азайғышы бар теңдеу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:3 А Теңдік және теңсіздік.

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Белгісіз азайғышы бар теңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.2.2. «Таңдап алу»әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысының негізінде теңдеулерді шешу

Сабақ мақсаттары

Таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді.

Бағалау критерийлері

  • Қосу мен азайту амалдарын қолданып теңдеу шешеді.
  • Сурет сызба негізге ала отырып қосу мен азайту амалының байланысына сүйеніп теңдеу шешеді.
  • Теңдеуге берілген есептерге кері теңдеу құрастырады.

Тілдік мақсат

Белгісіз азайғыш, теңдеу, бүтін, бөлік

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұппен жұппен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа,бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, модельдеу жұмыстары арқылы еңбек пен шығармащылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтада флипчартты қолдануға дағдыланады.

Бастапқы білім:

Теңдеу, белгісіз сан, әріпті өрнек туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

5 минут

3 минут

5минут

5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ)Теңдеуге қатысты 10 сөзді тап

Интербелсенді тақтада бірнеше сөздер берілген. Сол сөздерден теңдеуге қатысты сөздерді тап.Оқушылардан теңдеу тақырыбына қатысты 10 сөз табу сұралады.

-Қосылғыш

-Қосындының мәні

-Азайғыш

-Азайтқыш

-Айырманың мәні

-Белгісіз сан

-Әріпті өрнек

-Бүтін

-Бөлік

-х,у

(Т) Суреттерді аяқта . Оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы белгісіз азайғышты табады. Топтарға суретпен шар, өрік, құстардың суреті арқылы белгісіз азайғыштың суретін салу тапсырылады.

Болғаны Желінгені Қалғаны

( Өріктің суреті)

? 4 2

Болғаны Жарылғаны Қалғаны (Шардың суреті)

? 3 4

Болғаны Ұшқаны Қалғаны (Құстың суреті)

? 2 3

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

(МК) Себеттен 4 алма алынды. Онда 6 алма қалды.Себетте қанша алма болды?

Сергіту сәті ( көңілді әуенмен белгісіз азайғышы бар теңдеудің элементтерін музыка бойынша баспен, мұрынмен, қолмен, аяқпен көрсету)

(Ж) Теңдеу құрастыр және оны шеш

2 оқушының бір сан ойлады және сол саннан кез келген 1 санды азайтқанда мына сан қалды деп жазады. Жұбы қандай сан ойлағанын тауып жазады.

Смайлик арқылы бағалайды. Келісемін келіспеймін

(Ө)Жұбын тап.

Мойынорағыштардағы теңдеулерді шеш және жауабын сәйкес келетін бас киімге жаз. Жұмыс дәптердегі 50 бет.

Жауаптың дұрыстығын жұбы текше арқылы тақтамен тексереді.

(ақ және қара ).

(Ұ) Сыныптағы төртбұрыш

Сыныптың 4 бұрышына белгісіз азайғышы бар 4 теңдеу ілемін. Оқушылар қолдарында бар текшедегі цифрлары бойынша белгісіз азайғыш жауабы ретінде сыныптың 4 бұрышына жиналады.

х-4=6

х-3=3

х-2=6

х-5=4

10,6,8,9

От шашу арқылы бағалаймын.

Интербел-

сенді тақта

Маркер, түрлі түсті қарындаш, үлестірме қағаздар.

Интербелсенді тақта.

Интербелсенді тақта.

Ламинат-

талған парақ, маркер.

Жұмыс дәптері, қарындаш, интербелсенді тақта.

Жұмыс дәптері, қарындаш, интербелсенді тақта.

Цифрлар жазылған текшелер, сынп бұрышына ілінген парақшалар.

(Т)Жұптас-топтас-талқыла

Топтар берілген сурет бойынша белгісіз азайтқышы бар теңдеу құру. Сол теңдеулерді келесі топпен ауыстыру. Келесі топ теңдеуді шешеді, 3 ші топ тексереді. Бағдаршам арқылы бағаланады.

Сюжетті сурет, маркер, ақ қағаздар.

Соңы

5 минут

Оқушыларға мидың суреті бар қағаздар үлестіреді. Оқушылар осы миға қатысты белгісіз азайғышы бар теңдеу туралы ереже мен тірек сөздер жазады.

Үлестірме қағаздар.

Саралауоқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға  тапсырманы қалай  түрлендіресіз?

Тапсырма, қарқын, диалог және қолдау көрсету арқылы саралау тәсілдерін қолданамын.

Бағалау

«Суреттерді аяқта»- Отшашу

«Теңдеу құрастыру»-смайлик арқылы бағалау

«Жұбын тап»- текше арқылы бағалау

«Калейдоскоп ойыны»-бас бармақ арқылы бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ламинатталған парақшамен оқу құралдарын ұқыпты қолдану, интербелсенді тақтамен жұмыс істеу ережесі.

Калейдоскоп ойынында қағазқыстырғышты ұқыпты қолдану



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу