Теңдік пен теңсіздіктер жазбасы >және < белгілерімен ұзындықты салыстыру. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3A бөлім: Теңдік пен теңсіздіктер

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Теңдік пен теңсіздіктер жазбасы

>және <белгілерімен ұзындықты салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.4 Сандар мен шамалар арасындағы ара қатынасты орнату

(=, ≠, >, < )

 Сабақтың мақсаттары

>және <белгілерін заттарды ұзындығы бойынша салыстыру нәтижесін жазуда пайдалануға үйрету.

ұзындықтың өлшем бірліктері (см, дм) пайдаланып, заттардың ұзындығын салыстыру дағдысын дамыту.

 Жетістік критерийлері

шамаларды салыстыруда салыстыру белгісін қолдануды,

шамалар арасындағы қатынасты >және <белгілері бойынша анықтауды меңгереді.

 Сөздік қор

 

теңдіктер мен теңсіздік,сантиметр, дециметр, артық, кем.

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе.Ғарыш бөлімі. АҚТ. Ғарыштан түсірілген жергілікті жердің фотосуреті.

Дүниетану. Карта және жергілікті жердің сұлбасы.

Алдыңғы меңгерілген білім

Екі таңбалы сандарды салыстыруда > және < белгілерінқолдануды үйренді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

3минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта сендер>және <белгілерін қолданып заттардың ұзындығынсалыстыпүйренесіңдер

30 минут

.Т) Әуе шарымен саяхат.

балалар әуеден, яғни жоғарыдан қарағанда, үйлер, жолдар, машиналар қалай көрінеді?

Жергілікті жердің сұлбасын есімізге түсірейікші.Сендердің алдарыңдағы суретте

  • музей гимараты мен бизнес орталығының ені;
  • теміржол мен пойыздың ұзындығы;
  • көпір мен бағдаршамдардың арасындағы жолдың ұзындығын салыстыру керек.

салыстыру нәтижесі бойынша теңсіздік құрастырыңдыр.

(Ж)Санды теңсіздік құрастыр.

15см>10см

4см <7см

Cдайдпен жұмыс.

Ұзындықтарды салыстыр.

7 см >10см

8см< 9 см

6см <1 дм

Шығарып көр

Қай үйдің шатырының периметрі артық?

Екі үйдің шатырының периметрін тап. Оларды салыстыр. Санды теңсіздік құрастыр.

20+20+30=70дм;

30+30+20=80дм;

70дм <80дм.

(Ж) Орындап көр

Өлшеу нәтижелерін салыстыр.

70дм >70 см

54 см <54 дм

32 дм> 23 дм

Дәптермен жұмыс

Өлше , боя, салыстыр.

Салыстыру нәтижесін санды теңсіздіктер түрінде жаз.5см <1дм;

8см >7см;

11см> 1 дм.

Мектеп асханаасыны4 б3р аптаға арналған ас мәзірі; атаулы сандар жазылған кеспеқағаздар(әр оқушыға екі кеспеқағаздан);

оқушылардың әрқайсысына «артық, кем, тең» тірек сөздері жазылған кеспеқағаздар

ламинатталған қағаз.

Сабақтың соңы

5 минут

Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

  • Заттарды ұзындығы бойынша салыстырғанда қандай белгілерді қолданады?
  • телефон сымының ұзындығы 22 дм, ал кітаптың ортасындағы таспа 23 см. Қай ұзындық артық?

Санды теңсіздік құрастыр.

Бөлмедегі кілемнің ұзындығы 30 дм, ал альбом парағының ұзындығы 30см Осы заттардың ұзындықтарын салыстыр. Жауабын санды теңсіздік арқылы салыстырыңдар.

Санды теңсіздік құрастыр:

57 см және 59 см;

43 см және 34 см;

28 дм және 28 см

Кері байланыс:

Мен бүгін сабақта ештеңе түсінбедім. (қызыл түс)

Менің сабақта әлі де түсінбеген тұстарым бар.(сары түс)

Бүгін мен үшін сабақта барлығы түсінікті. (жасыл түс)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

>және <белгілерімен заттың ұзындығын салыстыруда қиналған оқушыларғажеке көмек көрсету

>және <белгілерімен заттың ұзындығын салыстыруды үйренді .

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу