Біздің өміріміздегі объектілерді өлшеу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақ: Математика | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||||
Сабақтың тақырыбы: Біздің өміріміздегі объектілерді өлшеу | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||||
Сынып: 1А | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1 Геометриялық пішіндер және олардың жіктелімі 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.3.1.3 Геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш). 1.1.3.1 Шамаларды ажырата білу: ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт; өлшеу үшін шамалар мен құралдарды таңдау; өлшем жүргізу. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | • сыйымдылық, көлем
• салыстырыңыздар, тексеріңіздер, салыстыра отырып тексеріңіздер, көрсетіңіздер | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, Ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс | ||||||||
Бастапқы білім | 100-ге дейін жұп, тақ сандармен, ондықтармен тура және кері санай алуы; оқуы, жазуы, бір таңбалы сандарды қосуы. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы
| Сан түзуіндегі сандар қатарын еске түсірейік. http://www.topmarks.co.uk/ordering-and-sequencing/caterpillar-ordering Оқушылар жазады, содан кейін мұғалім жазбасымен тексереді. ((Ұ) Оқушылар жұппен бір сызық бойына тұрады (қолдарында сандар жазылған карточкалар). | ||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | Мектептегі және сынып бөлмесіндегі заттарды салыстыру (Ұ) Мектептегі немесе сынып бөлмесіндегі заттарды салыстыру үшін қандай стандартты өлшем бірліктерді пайдалануға болатыны туралы талқылау. (Ұ) Өлшем бірліктері жазылған карточкаларды қалай қолдануға болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-пікірімен бөлісуін сұрау. (Т,Ө,Қ) Оқушылар салыстыруда қолданатын сөздер жазылған карточкаларды таңдап, мектепке байланысты сөйлем құрастыруды сұрау. Мысалы: сыныпта оқушылар саны мұғалімдерге қарағанда артық. + = - = Оқулықпен жұмыс / 150-151- бет/ Шығарып көр Заңдылыққа сүйеніп, келесі кестелерді толтыр. Орындап көр. Алты шиден үй құрастыр. Сергіту сәті Сағат болайық. Тик-так, тик- так! Құс болып ұшайық. 1-2-3-4! Балық болып жүзейік. 1-2-3-4! Әтеш болып жүрейік. 1-2-3-4! Доп болып секірейік. 1-2-3-4! Дәптермен жұмыс Қалыптастырушы бағалау 1-тапсырма. Қай жол қысқа: үйден өзенге дейінгі немесе үйден құдыққа дейін бе? Әлде өзен мен құдықтың арасы ма? Сызғыштың көмегімен өлшеңіз. Ең қысқа жолды тауып, белгілеңіз. 2-тапсырма. Нені немен өлшеуге болады? Қандай өлшем бірліктерімен? Суреттерді сәйкестендіріңіз және өлшем бірліктерін жазыңыз. Ия, ЖОҚ тапсырмасы | Ресурстарды санау: моншақтар,бұршақтар, түймелер, жіпке тізілген моншақтар,әр түрлі пішінді стикерлер. Сандар тізбегі,өрнектер бейнеленген парақтар | |||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Қорытындылау Рефлексия
| ||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Өлшеу құралдары мен шамаларды таңдауда және өлшем жүргізуде қиналатын оқушыларға көмек көрсету. | Оқушылардың өлшеу құралдары мен шамаларды таңдауы және өлшем жүргізулері бағаланады. | Сергіту сәті арқылы жүргізіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?