Ұзындықты өлшеу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән: Математика

3- бөлім «Менің отбасым және достарым»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу

Мұғалімнің аты-жөні: Cейсембаева С.И.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Геометриялық пішіндер және олардың жіктелімі

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаттары

1.1.3.2 ** Өлшем бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеу: см, дм/кг/л.

1.1.3.3 ** Ұзындық: см, дм/ масса: кг/ көлем (сыйымдылық): л/ уақыт: с. шамасы мәндерін салыстыру және шама мәндерін қосу мен алу әрекеттерін орындау.

1.1.3.4 Ұзындықты өлшеу бірлігін: см, дм олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру.

Тілдік мақсаттар

• сыйымдылық, көлем

  • ... қарағанда үлкен, .... қарағанда кем, тең, шамамен, жуық

• салыстырыңыздар, тексеріңіздер, салыстыра отырып тексеріңіздер, көрсетіңіздер

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс

Бастапқы білім

100-ге дейін жұп, тақ сандармен, ондықтармен тура және кері санай алуы; оқуы, жазуы, бір таңбалы сандарды қосуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Сан түзуіндегі сандар қатарын еске түсірейік.

http://www.topmarks.co.uk/ordering-and-sequencing/caterpillar-ordering

Оқушылар жазады, содан кейін мұғалім жазбасымен тексереді.

((Ұ) Оқушылар жұппен бір сызық бойына тұрады (қолдарында сандар жазылған карточкалар).

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың ортасы

30 минут

Стандартты өлшем бірліктерін пайдалану

Сантиметр

(Ұ,Қ) Оқушылардың естіген өлшем бірліктері және оларды қалай қолдануға болатыны туралы талқылау.

(Ұ) Талқылау нәтижелеріне байланысты тәжірибеде зерттеу үшін стандартты өлшем бірліктерді енгізу, оқытуда алға жүру үшін олардың әр түрлі тәсілдерін қолдану.

(Т,Ж,ОТ) Ұзындықты қалай өлшейтінін талқылау. Егер оқушылар сызғышты немесе лентаны қолдануды ұсынса, қандай тәсілмен өлшегендерін түсіндірсін (метрді стандартты өлшем бірлігі ретінде қолдану). Заттарды өлшеуге тапсырма беріледі және нәтижелерін түсіндіреді.

(Ж) Оқушылар үстелінде жатқан қарындаш пен қаламсаптарының ұзындығын өлшеу. Салыстыру үшін беттестіруге болады. Содан кейін суреттегі қаламсап пен қылқаламның ұзындықтарын салыстыру (қаламсап қылқаламнан қысқарақ), қызыл қарындашты қаламсаппен салыстыру (қызыл қарындаш қаламсаптан қысқарақ). Бұл жерде оқушылар заттарды көзбен қарап салыстырады, себебі суреттегі заттарды беттестіруге келмейді. Оқушылар суретте салынған заттардың ұзындығы болатынын түсінеді. Түрлі материалдан, түрлі түстен ұзындықтары әртүрлі жолақтар жасап, оқушылар олардың ұзындықтарын түрлі өлшеммен өлшейді. Өлшеуіш ретінде жіңішке қағаз жолақтар, әртүрлі ұзындықтағы таяқшалар алуға болады.

Тәжірибе жұмысынан кейін оқушыларда сұрақтар туындауы мүмкін: бірдей заттарды өлшеген кезде нәтижелер барлығында бірдей болу үшін қалай өлшеу жүргізуге келісу керек? Ұзындықтың өлшеудің бірегей әдісі болу керек. Мұндай өлшем бірлігі сантиметр болып табылады.

Заттардың ұзындығын сызғышпен және сантиметрлік таспамен өлшеуге болады.

(Ұ) Сантиметрдің моделін жіңішке қағаз жолағында көрсету. Сантиметрді саусақ тың жуандығымен, дәптердегі екі тордың ұзындығымен салыстыруға болады.

Содан соң оқушыларды сызғышпен таныстыру. Кесінді өлшеу үшін сызғышты қолдану ережесімен таныстыру.

Оқушыларды кесінділердің қадамдап салынуымен таныстыру. Қаламсап пен қарындаштың ұзындықтарын өлшеу. Енді өлшем нәтижелері бірдей болды ма деп сұрау. Қорытынды жасау.

Оқулықпен жұмыс / 148-149- бет/

Кесіндінің ұзындығы

Сызғыштың көмегімен кесінділердің ұзындығын өлше.

АВ═ ... см

СД═ ... см

Орындап көр.

Тышқанның жүрген жолының ұзындығын өлшеп тап.

Шығарып көр.

Суретте белгіленген сызықтардың ұзындығы қанша?

АВ═ ... см

ВС═ ... см

МЕ═ ... см

Сыныптағы заттардың ұзындығын өлшеу.

Дәптермен жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

1апсырма. Нені немен өлшеуге болады? Қандай өлшем бірліктерімен? Суреттерді сәйкестендіріңіз және өлшем бірліктерін жазыңыз.

2-тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлшеңіз және нәтижесін жазыңыз.

3-тапсырма. Қай жол қысқа: үйден өзенге дейінгі немесе үйден құдыққа дейін бе? Әлде өзен мен құдықтың арасы ма? Сызғыштың көмегімен өлшеңіз. Ең қысқа жолды тауып, белгілеңіз.

Сергіту сәті

Сағат болайық. Тик-так, тик- так!

Құс болып ұшайық. 1-2-3-4!

Балық болып жүзейік. 1-2-3-4!

Әтеш болып жүрейік. 1-2-3-4!

Доп болып секірейік. 1-2-3-4!

Ия, ЖОҚ тапсырмасы

Метрлік сызғыш,см , дм –ге бөлінген сызғыштар, өлшеу ленталары.

Сандар тізбегі,өрнектер бейнеленген парақтар

https://iqsha.ru/uprazhneniya/1-klass/sostav-chisla/

Сабақтың соңы

2 минут

Қорытындылау

Рефлексия

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды? Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу