Мектептегі және сынып бөлмесіндегі заттарды салыстыру. Математика, 1 сынып, қосымша материал.


Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2C-бөлім, Шамаларды өлшеу

Күні:

Сынып: 1А

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектептегі және сынып бөлмесіндегі заттарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.3 геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш)

1.1.3.1 шамаларды ажырата білу: ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт; өлшеу үшін шамалар мен құралдарды таңдау; өлшем жүргізу.

Сабақ мақсаттары

Мектептегі және сынып бөлмесіндегі заттарды салыстырып үйренеміз.

Бағалау критерийлері

Заттардың ұзындықтарын сызғыш, өлшеуіш лента арқылы таба алады.

Тілдік мақсаттар

Ұзындық, см, өлшеу, салыстыру, өлшеуіш лента

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбексүйгіштік

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

Бастапқы білім

Артық/кем, ұзын/қысқа ұғымдарын, ұзындық бірліктерінің атаулары мен геометриялық фигуралардың атауларын біледі

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3-5 мин

«Шаттық шеңбері»

Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын.

/оқушылар бір-бірін қолдарынан ұстап, жылулық сыйлайды/

Оқушылармен диалог құру

Видеоролик қарау

- Бұл не жайлы? Қандай пішіндер болғанын мұқият қараңдар.

-Балалар, заттардың барлығын өлшеуге бола ма?

-Барлық заттардың ұзындығы бірдей ме?

-Үлкен заттардың ұзындығын қалай өлшеуге болады?

-Заттардың ұзындығын қандай өлшеу құралдары арқылы өлшеуге болады?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Мектептегі және сынып бөлмесіндегі заттарды салыстырып үйренеміз.

Интерактивті тақта

Видеоролик «Пішіндер»

Сабақ ортасы

7-8 минут

8-10 минут

(ТЖ)Суретпен жұмыс

Сызғыш және өлшеуіш лентаны суреттегі қораптың ұзындығын өлшеу үшін көрсету.

Мақсаты: Өлшеу, ұзындық бірлігі ұғымдарымен танысу.

Нұсқаулық:

  • Затты таңдау
  • Өлшеу құралын анықтау
  • Дәптерге жазу
  • Қосындысын табу

/ Ұзындықты өлшеу үшін сызғыш, өлшеуіш лентаны қолданғанда жұмысты шағын топтарда әрбір оқушы өлшеу тәсілі мен нәтижесін анық көретіндей ұйымдастыру. Оқушылар өтілген ұзындық өлшем бірліктерін дұрыс атауын қадағалау/

-Балалар, суреттегі бейнеленген қораптың ұзындығын қалай табуға болады?

-Қорап қандай фигураға ұқсайды?

-Төртбұрыштың неше қабырғасы бар?

-4 қабырғасының ұзындығын немен өлшеуге болады?

-Өлшенген ұзындықты қандай ұзындық бірлігімен өрнектейміз?

-Қораптың жалпы ұзындығын өрнек арқылы қалай көрсетуге болады?

Мысалы: 12 см + 8см + 12 + см + 8см = 40см

(ҚБ) Бірін-бірі тексеру. Мұғалімнің бақылауы.

Сергіту сәті: Қимыл-қозғалыс жаттығуларды орындау.

(ЖЖ) Практикалық жұмыс

Оқушыларға сынып ішінен жеткілікті геометриялық фигураларды тауып, қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуді тапсыру.

-Сыныптағы қандай заттарды өлшеуге болады?

-Олардың пішіні қандай?

-Қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?

-Олардың ұзындығын немен өлшеуге болады?

Оқушылар өлшемдерді жазу үшін, фигураларды үстінен бастырып қоршап сызуы немесе сурет үлгілерін салуы мүмкін.Әр заттың қабырғаларның ұзындықтарын қосынды түрінде жазады.

(Ө)Дәптермен жұмыс

112-113-беттер бойынша жұмыс жүргізіп, тапсырмаларды

(ҚБ) Жұптар ауысып тексереді

Сызғыш, өлшеуіш лента, ұзындық бірліктерінің атауы жазылған плакат.

Сынып бөлмесіндегі заттар, көлемі үлкен геометриялық фигуралар.

А4 парақтары

Маркерлер.

Жұмыс дәптерлері лар

Сабақтың соңы

5 минут

Мақсатқа қайта оралу.

(Ұ)Бізді қоршаған әлемде осы фигураларды қай жерде көргенін талқылау. Оқушылардан осындай фигураларды үйлерінен тауып алып, қабырғаларының ұзындығын өлшеуді тапсыру.

Рефлексия: -Не істедік?

-Не түсіндік?

Пайыздық көрсеткіштер арқылы өздеріңді бағалаңдар.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу