11-ден 20-ға дейінгі сандар Екі таңбалы сандардың разряд бірліктері. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән:Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім – Сандарды 20 шегінде қосу және алу Күні:07.11.2016ж Сынып: 1В | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні:Сагинова Г.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 11-ден 20-ға дейінгі сандар Екі таңбалы сандардың разряд бірліктері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1 натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10/11-20 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар. натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді,10/11-20 көлемінде тура және кері санай алады, натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. Көптеген оқушылар:20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады. Кейбір оқушылар: 20-ға дейінгі сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді. | |||||
Тілдік мақсат |
| |||||
Бағалаукритерийлері |
| |||||
Құндылықтардыдарыту | Оқушыларда бір-біріне деген құрмет көрсету қасиетін тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, өнер | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | |||||
Бастапқы білім | Қосудың ауыстырымдылық қасиетін біледі, азайтудың қосуға кері амал екенін түсінеді, қосу және азайту амалдарының атауларын біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық. Сәлемдесу. Шеңбер бойынша бір-бірін еркелетіп,сөз айту. Иықтарынан қағып «Сен жарайсың,сенде бәрі жақсы болады!» деп тілек айту Сабақтың мақсатын анықтау Сабаққа кіріспе (Ұ) Сабақты 10- нан 20-ға дейінгі сандарды тақтаға ілу, бұл қандай сандар екенін сұрау.( екі таңбалы сандар) - Олар неге екі таңбалы сандар деп аталады? - Себебі бұл сандардың жазылуында екі цифр қолданылады. Сандарды тура және кері санату. Осы сандардың бір таңбалы сандардан айырмашылығын сұрау Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау | Шаттық шеңбері 1-ден 20- ға дейінгі сандар | ||||
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақты меңгерту Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамымен таныстыру. Ойын: сыныпты екі топқа бөлу. 1 топтағы оқушыларға 1 цифрын беремін, ал екінші топтағы оқушыларға 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды таратып беру. Бүгін барлық оқушылар сандар балына баратындықтарын хабарлаймын. Музыка ойналады, алдымен сандар бір-бірден билейді.
Енді жұппен билеуді ұсынамын . Әрбір 1 цифрын ұстаған оқушы өзіне жұп табады.
Енді сандарды ретімен тұруды сұраймын. Тақтада «Ондықтар» және «Бірліктер» деген жазулар болады. Кез- келген жұпты шақырып ,әрқайсысын сандардың астына бөлініп тұруын сұраймын. Осылай жалғастыру арқылы балалар 20-ға дейінгі сандарды разрядтарға жіктейді. Тұрған жерлерінде сандар өз көршілерін анықтайды. Мұғалім кез-келген санды атайды, оқушылар сол саннығ оң жағы мен сол жағындағы сандарды атайды. (ҚБ) -Балалар бүгін сандар балында сендер өте жақсы биледіңдер, өз жұптарыңды дұрыс таптыңдар, оны разрядтарға жіктедіңдер. Сендерге көп рахмет. Екі таңбалы сандар қайда кездеседі? (Т) Оқушылардан екі таңбалы сандар өмірде қайдан кездесетіндігі туралы сұрау. Топтарға тапсырма беру. Әр топ өз топтары ішінде талқылап, А4 форматты ламинатталған қағазға жазады. Барлық топтардың жаубы талқыланады, өз ойларын айтады. Мысалы: пәтердің немесе үйдің нөмірі, автобустың нөмірі, сағаттығ бетіндегі сандар, киім немесе азық- түлік бағасы,т.с.с. Сергіту сәті. Ойын: «Бұл кімнің дауысы» Оқушылар шеңберге тұрады, ортаға бір оқушы шығады. Ол оқушының көзі байланады. Шеңбердегі оқушының біреуі разрядтардың біреуінің атын атайды. Көзі байлаулы оқушы ол кімнің дауысы екенін табады. Егер тапса , ортаға сол оқушы шығады. Ойын осылай жалғасады. Оқулықпен жұмыс (Ж) Орынлап көр: суреттегі текшкелер бойынша ондықтар мен бірліктер санын анықтайды (жауабы: 12,13,15) Шығарып көр. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар қысқартылған «онд.», «бірл.» анықтап, шыққыан сандарды танып, оқ алу қабілеттері дамиды. Дәптермен жұмыс
| Цифрлар музыка А4 ламинатталған ақ қағаздары, маркерлер оқулық | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: -Қандай сандарды екі таңбалы сандар деп айтамыз? - Бұл санда 1 онд.6 бірл. бар. Бұл қай сан? -Бұл санның «көршілері»13 пен 15. Бұл қандай сан? | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
Оқушылар сабақ соңында жетістік баспалдағымен өздерін өздері бағалайды. | . Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?