Нүкте, сызық, сәуле. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Бөлім 1В: Геометриялық пішіндер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нүкте, сызық, сәуле

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау;

Сабақтың мақсаты

Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырату және атау.

Бағалау критерийлері

  • Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратып айтады.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 мин

3 мин

Писхологиялық ахуал

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

(Ұ) Өткен сабақ бойынша сұрақ қойып, еске алу. Оқушылар белгілі бір сұрақ бойынша пікірталас жүргізеді.

- Өткен сабақта біз нені өттік?

- Өткен сабақта біз қадай жұмыс атқардық?

Мақсаты: бірін-бірін тыңдауға дағдыландыру

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5мин

5 мин

1 мин

10 мин

5 мин

ЖАҢА САБАҚ

(Ұ) «Еретегі елінде» ойыны.

Оқушыларға ертегі оқып беру.

«Ерте, ерте, ертеде өте көңілді және әр нәрсеге қызығушылық танытатын ағайынды түрлі-түсті қарындаштар өмір сүріпті. Олар өздерінің аса үшкір ұшталған мұрындарымен әр нәрсені зерттеп жүреді екен. Осы қылықтары үшін олар жиі жазаланатын да болыпты, өйткені қай жерге бармасын, соңдарына түрлі-түсті із қалдырса керек». Оқушылардан ағайындылардың соңдарына қандай із қалдыратындықтарын сұрау. Оларға ақ парақтарды таратып беріп, түрлі-түсті қарындаштармен парақта ізқалдырады.. Оқушылардан параққа сызықтар сызып, нүктелер салуын өтіну.

Сосын суреттерді талқылаңыз: бұл суреттер неге ұқсайды?

Оқушылармен бірге сабақ барысында қол жеткізілуі тиіс мақсаттар мен сабақтың мазмұнын талқылау.

(П/К, Э) Нүктенің ең негізгі және ең қарапайым геометриялық пішін екендігін айту.Оқушылардан бір қатарға, бір-біріне жақын етіп екі нүктені қоюды ұсыну. Соңында не шыққанын талқылау. Оқушылармен бірге сызықтарды тауып, олардың қандай екенін сипаттауды өтіну. Сызықтардың түзу немесе қисық, шектеулі не шектеусіз болатындығын айту. Жіптің көмегімен сызықтардың үлгілерін салады.

Содан соң сызықтарды парақтың соңына дейін үздіксіз жүргізуді ұсынып, балалардан сызықтың басы мен аяғы бола ма деп сұрау.

Түзу сызықтың бойына нүктені белгілеп, оқушыларға нүктенің оң және сол жақтарында орналасқан сызықтардың сәуле деп аталатындығын, ал нүктенің өзі сәуленің басы деп есептелетіндігін түсіндіру. Сәуленің аяғы болмайтындығына да оқушылардың көзін жеткізу.

Нүкте, сызық пен сәулені көрсетіп. Барлық айтылғанды жалпылай қорытындылаңыз.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

(Ж) «Ке ойланайық»

Алуан түрлі сызықтар сызылған парақтарды таратып беріп, оқушылар оларды мұқият зерттеп, осынау сызықтардың оларға нені еске түсіретінін айтады.

Қоршаған ортадан мысалдар келтіруге ұсыну: қандай заттарды немесе олардың бөліктерін түзу, кесінді не сәуле ретінде қарастыруға болады.

Өздері жасаған сызықтарды көрсету үшін оқушыларды жеке маркерлік тақталармен жұмыс жасату.

(Т) Дәптермен жұмыс.

Оқушылар парақтағы сызбаларды дәптерлеріне түсіреді.

Жеміс-жтдектер мекеті.

1-қосымша

2-қосымша

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия

«Қосу алу қызықты» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар -Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратып айтады.

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу