Кеңістік туралы түсінік. Заттардың кеңістікте орналасуы (оң жақ, сол жақ, жоғарыда, төменде, артында, алдында, арасында, үстінде). Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: бөлім – Геометриялық пішіндер

Күні:12.10.2016ж

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны: 1

Сабақ тақырыбы

Кеңістік туралы түсінік. Заттардың кеңістікте орналасуы (оң жақ, сол жақ, жоғарыда, төменде, артында, алдында, арасында, үстінде)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жазық және кеңістік фигураларын біледі және ажыратады

Көптеген оқушылар: жазық және кеңістік фигураларын айналадағы заттардан таба алады , ажыратады.

Кейбір оқушылар: жазық фигураларын кеңістік фигураларымен сәйкестендіре алады

Тілдік мақсат

фигура;

цилиндр;

пирамида;

текше;

конус;

шар.

Бағалау критерийлері

Геометриялық фигураларды атайды және ажыратады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда бір-біріне деген құрмет көрсету қасиетін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Жазық фигураларын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:«Ертеңгілік шеңбер»

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

. ІІ. Өткенді қайталау.

  • Өткен сабақта қандай геометриялық фигуралармен таныстық?
  • Геометриялық фигураларды атату
  • Қолдарына жіп беру арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек жасату.
  • Бұлар жазық фигуралары екендігін өздеріне айтқызу

Шаттық шеңбері

жіп

Сабақтың ортасы

III. . Жаңа сабақты меңгерту

  • Өздері білетін кеңістік фигураларын атату
  • Жазық фигуралар мен кеңістік фигураларының айырмашылығын сұрау.
  • Оқушылар топқа бөлінеді

1.Тәжірибе жасау:

Топтарға тапсырмалар беріледі

Тапсырмалар:

Бірінші топтағы оқушыларға цилиндрге ұқсайтын формалары бар заттар: ағаштардың діңдері, зауыттың мұржалары т.б. осыған ұқсас суреттері бар (конверттерді) тарату. Mұнда цилиндр, конус және шарды көрсететін заттардың суреттері болуын ескеру.

Екінші топтағы оқушыларға конусқа ұқсайтын формалары бар заттар: мұз сүңгілер, балалардың пирамида тәріздес ойыншықтары т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді тарату

Үшінші топтағы оқушыларға шарға ұқсайтын формалары бар заттар: доптар, шыршаға ілуге арналған ойыншық шарлар, маржандар т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді тарату.

Ал төртінші топтағы оқушыларға күнделікті өмірде қолданып жүрген пирамида формасындағы сүттің тетрапакеті, мысыр пирамидаларының суреттері, шайдың пирамида тәрізді кішкентай қалташалары, ертедегі үйлердің шатырларының суреттері бар конверттерді тарату.

Бесінші топқа текшеге ұқсаса заттардың суреттері салынған конвертті тарату

Топтарға суреттерге қарап, мынадай сұрақтар қоямын:

— Суреттерде не бейнеленген?

— Олардың ортақ белгілері қандай?

  • Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
  • Суреттердегі зат пішіндерінің атауларын анықтау

Осы фигуралардың цилиндр, конус, шар, текше және пирамида деп аталатынын айту және оларға мұқият қарауды ұсынамын. Олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұрау. Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Сергіту сәті: Әртүрлі қимылдар жасату

Сурет бойынша жұмыс

Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды тап. Астана қаласының ғимараттарының суреттерінен таныс пішіндерді табуы керек. Интерактивті тақтаны қолданып, ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсету.

Ойын:Суреттен таныған фигураларын топтаманың ішінен тауып, оны жоғары көтеру.

Орындап көр. Сынып ішінен шағын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы кеңістік фигураларын табу. Егер жағдай болса, зерттеу жұмысын мектеп ауласында топтық серуен түрінде өткізуге болады. Сонымен қатар үйге қайту жолында немесе демалыс кезінде аулада орындауға болады. Оқушылар өз зерттеуін сурет пен фотосурет түрінде әкеліп көрсетуі керектігін тапсырамын.

Шығарып көр. Оқушыларға қолындағы фигураларды партаның үстінде домалатып көреді. Цилиндрдің алға да, артқа да домалайтынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды.

- Неге олай ? Жауаптарын тыңдау.

Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіреді.

Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұрап пысықтаңыз:

— Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде?

— Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кейбіреулері домаламайды?

Алдында жасалған қорытындыны қайталап айту. Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар.

Жасап көр

Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасату. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсетуді ұйымдастырамын.

Дәптермен жұмыс:

Фигуралар мен заттардың пішіндерін салыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық

геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс.

Топтарға арналған көлемді геометриялық фигуралар топтамасы;

пішіндері текше,конус, шар және цилиндр түріндегі заттардың бейнелері салынған кескіндер;ермексаз;

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Оқушыларға кеңістік фигураларды көрсете отырып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаймын:— Мына фигуралар қалай аталады?

— Қандай кеңістік фигураларын білесіңдер?

— Қандай кеңістік фигуралары домалайды? Не-ліктен?

Оқушылар сабақтың соңында:

шар, цилиндр, конус, пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларымен танысты, ажыратуды үйренді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс барысында өз бетінше фигураларды сызады, жазық фигуралары мен кеңістік фигураларының айырмашылығын айтады

Оқушылар сабақтың соңында:

шар, цилиндр, конус, пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларымен танысты, ажыратуды үйренді.

.

.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу