Топтарды құру. Заттар топтарын салыстыру (формасы, өлшемі, түсі, ұзындығы, салмағы, сыйымдылығы бойынша). Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Бөлім 1В: Геометриялық пішіндер | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | ||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Топтарды құру. Заттар топтарын салыстыру (формасы, өлшемі, түсі, ұзындығы, салмағы, сыйымдылығы бойынша) | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.4.1.2 жиындарды элементерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу; | ||
Сабақтың мақсаты | Жиындарды элементерінің белгілері бойынша құру және жіктеу; | ||
Жетістік критерилері |
| ||
Құндылықтарды дарыту | - еңбек және шығармашылық; | ||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, қазақ тілі және әдебиет | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 мин 3 мин | . Психологиялық ахуал туғызу Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастыру Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз; Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз; Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз; Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз. Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз; Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! (Ұ) Өткен сабақты қайталау. «Шеңберге жиналу уақыты» Оқушылар шеңберге тұрып, өткен сабақтарда қандай сандармен танысқаның , және сабақтардан нені үренгенің талқылайды. | Таныстырылым
| |
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 2 мин 10 мин 5 мин | ЖАҢА САБАҚ (Ж) Оқушылардан олардың жаңа пәтерге көшіп жатқандығын елестетуді сұрау. Ол үшін заттарды қораптарға салу қажет. Кейін заттарды оңай табу үшін әрбір қорапты белгілеп, жазып қою қажет. Қораптарға жазу жазуды ата-аналары балаларға тапсырған. Содан соң балаларға киім түрлері, аяқ киім, ыдыс-аяқ, кітаптар, ойыншықтар және т.б. суреттері бар карталарды таратып беру Мұндай жазулардың не себепті жазылғандығы талқылау. Барлық заттар бір қорапқа қалайша жиналды? Оқушылармен бірге сабақ барысында қол жеткізілуі тиіс мақсаттар мен сабақтың мазмұнын талқыланады (Ұ) «Орнын тап» ойыны. Заттардың әрбір тобы белгілі бір критерийлерге сәйкес жинақталатын болады, мәселен, қызыл түсті заттар, жұмсақ заттар және т.б. Сергіту сәті. «Төбе, еден, мұрын» Мұғалім сұқ саусақпен төбе, еден, мұрынды көрсетіп шатастырады. Сосын іс-қимылмен көрсетіп шатастырады. (Т) «Бірге топтастырайық» ойыны. Оқушыларға түрлі заттар – ойыншықтар, қарындаштар, контейнерлер, мата бөліктері салынған қорапты ұсыну. Олардың бірге жұмыс істей отырып, аталмыш заттарды қандай белгілері бойынша топтайтындықтарын шешеді. Осыдан кейін оқушылар заттарды топтауға кірісуі қажет. Заттардың қандай критерийлер бойынша жинақталғанын көру үшін оқушылардың өзге топтарға баруын ұйымдастыру. Бұл қалыптастырушы бағалауға қажетті құнды ақпаратпен алмасуға септігін тигізетін диалогтардың туындауына мүмкіндік береді. (Ұ) Заттарды топтауға болатын барлық белгілерді жинақтайды. Дәптермен жұмыс. Мақсаты: Сандарды калиграфиялық талаптарға сай жазу, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. | 1ҚОСЫМША 2 ҚОСЫМША | |
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Түсті жолақтар бойынша өзін-өзі бағалайды. | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Өзін-өзі бағалау. Топтық жұмыста мұғалімнің бақылауы. | Денсаулық сақтау технологиялары.Сабақтың басында партада дұрыс отыруды,денені тік ұстау туралы ескертулер жасау Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?