Мен қандай сан жасырдым? «Он-оннан қосып сана». Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім: Сандар туралы ұғым | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||
Күні: 23.09.2015ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||||||||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мен қандай сан жасырдым? «Он-оннан қосып сана» | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.3 Санның ірі бірлігі- ондық туралы білу, 0-ден 100-ге дейін ондықтармен санау | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Ондықтармен санау дағдыларын қалыптастыру, сан қатарындағы сандардың орнын анықтау | ||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар кез келген саннан бастап 100-ге дейінгі тура және кері ретпен ондықтармен санай алады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Ондық, дөңгелек сандар, цифр, сан түзуі, натурал сан, алдыңғы, артында, тура, кері. | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | «Мен бір сан ойладым» ойынын ойнату барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнімен байланыс жүзеге асады. | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сандарды пернетақта арқылы жазып көреді | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде сандарды кездестірген тәжірибесіне сүйенеді | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы | 1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру; 2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу (Ұ) Сабаққа 1-ден 100-ге дейінгі сандардың көрнекі кестесін дайындау. Оны интерактивті тақтадан көрсету. Сабақты 1-ден 100-ге дейін тура және кері бағытта санаудан бастау. Санау техникасының түрлі нұсқаларын қолдану: «хормен», «тізбектей», «бәсең дауыспен», «тез», «баяу». Оқушылардан 1-ден 100-ге дейін санауды, әр ондықты дауысымен ерекшелеп айтуды, сонымен бірге алақандарын соғуды сұрау. Олардан шапалақтауымен ерекшеленген сандардың қайсысын есте сақтап қалғанын сұрау. Оқушыларға іштей санауды, бірақ тек 10-ды қосқанда шығатын сандарды ғана дауыстап айтуды ұсыну. Оқушылар 100 санына жеткенде, қай сандарды дауыстап айтқанын сұрау. | Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4 1-ден 100-ге дейінгі сандардың көрнекі кестесі; кеспеқағаздар | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Оқушыларға ондықтармен санауды кез келген саннан бастауға болатынын хабарлау. Мысал келтіру: 5, 15, 25, 35, 45, 55, 65, 75, 85, 95. Демонстрациялау кезінде 1-100 сан кестесін қолдану. «Өз орныңды тап» ойынын ойнауға шақыру. Тақтаға 10 оқушы шақыру. 1 ,11, 21, 31, 41, 51, 61, 71, 81, 91 сандары жазылған кеспеқағаздарды тарату. Оқушылардың кіші саннан бастап үлкен санға қарай өсу ретімен тұруын сұрау. Сыныптағы басқа оқушыларға осы сандарды санауды ұсыну. Тақтаға тағы 10 оқушы шақырып, оларға да осындай кеспеқағаздарды тарату. Оқушылардың үлкен саннан бастап кіші санға қарай кему ретімен тұруын сұрау. Сыныптағы басқа оқушыларға осы сандарды санауды ұсыну. Содан соң оқушыларға кестеге қарауды ұсыну.
Қай қатар артық екенін және жауабын негіздеуді сұрау. Кестені пайдаланып, «Мен бір сан ойладым» ойынын ойнату. Мысалы, «Мен бір сан ойладым. Ол екінші қатарда және үшінші бағанда. Мен қандай санда ойладым?». Осылай, оқушыларға бір санды ойлап, оны сипаттауға, сөйлеуге мүмкіндік беру. (Ұ) Оқулықтағы «Берілген сандардан бастап, ондықтармен сана» тапсырмасын орындату. Оқушылардан 100 торкөзді үлкен шаршыдағы ондықтардан тұратын сандарды табуды сұрау. Оларға кез келген санна бастап ондықтармен санауды, мысалы 4-тен бастап санауды ұсыну. Сергіту сәті. (Т) Алдыңғы жұмысты 4-5 оқушыдан тұратын (қабілетіне қарай ұйымдасқан) бірнеше топпен жалғастыруды және санауды ұсыну. Қиналатын оқушыларға оқулықтағы 1-ден 100-ге дейінгі сан кестені пайдалануды ескерту. Қабілеті жоғарылау оқушылар топтасқан топқа кері ретпен ондықтармен санауды ұсыну. (ЖЖ) «Шығарып көр» тапсырмасын жұппен жұмыс жасау арқылы орындауға ұсыну. Оқушыларға жалаулармен берілген көрнекілікті қарастыруды ұсыну. Суретте ненің жетіспей тұрғанын сұрау. Жұппен жұмыс жасау арқылы түсіп қалған сандарды тапқызып, бір-біріне айтуын сұрау. Барлық оқушы сан атауларын айқын айтып отырғандарына көңіл аударып, көмек қажет ететін оқушыларға бағыт-бағдар беру. (Ө) Оқушыларға 43-беттегі заттардың санын ондықтармен санауды ұсыну. Олар жауаптарын ламинатталған тақташаларға жазып, оны көрсетеді. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс Оқушылар керіктің суреті берілген көрнекілікті қарап шығады. Керіктің бойындағ ақ дақтарда қалдырылып кеткен сандарды жазуға арналған бос ұяшықтар мен дөңгелек сандар аралас орналасқан. Оқушылар тура ретпен ондықтармен санап қалып қойған сандарды жазып шығады. Әуе шарларындағы тізбектеліп берілген қатарды түсіп қалған сандармен толтырады. | Кеспеқағаздар, таяқшалар, кеңсе резеңкелер | |||||||||||||||
Сабақтың соңы | (Ұ) Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін 14-тен, 5-тен, 9-дан, 12-ден т.с.с. бастап тура ретпен ондықтармен санату. (ҚЖ) Қалыптастырушы бағалауды ұсыну | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Кез келген саннан бастап ондықтармен санау барысында қиналатын оқушыларға оқулықтағы 1-ден 100-ге дейінгі сан кестесін пайдалануды ескерту. Қабілеті жоғарылау оқушылар топтасқан топқа кері ретпен ондықтармен санауды ұсыну. | Ауызша санау үдерісін бақылау арқылы бағалау. Киналатын оқушыларды жазып алу. | Сергіту сәттерін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?