Тура және кері бағытта санау. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақ: Математика | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Тура және кері бағытта санау | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.1.1.1** Санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау; | ||||||
Тілдік мақсаттар | Жоғарыда. Төменде. Сол жақта. Оң жақта.Тура ретпен санау, кері ретпен санау. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақтілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
| Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу 2-ден жұптап санау Жоғарыда. Төменде. Сол жақта. Оң жақта «Сан қатары» ойыны. / жұлдызқұрт / | ||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | 10-ға дейін тура және кері санау. Суреттерді сандармен сәйкестендіру. Сан сәулесімен жұмыс Жұптық жұмыс 10- ға дейінгі сан аралығы Бір оқушы 10-ға дейінгі кез келген екі сан айтады, екінші оқушы сол екі сан арасындағы сандарды табады. Қалыптастырушы бағалау 1-тапсырма. Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз. 2-тапсырма. 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз: ------------------------------------------------------------ 3- тапсырма. Өз беттерімен жұмыс Сан түзуінде 10 санының орнын анықтау. Сурет бойынша сұрақтар қою Сыныптан саны 10 болатын заттарды табу. 10 санының құрамын анықтау. Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс. 10 цифрын ауада жазу
| http://БББ.ictgames.com/counting.htm түрлі түсті қарындаштар, ойыншықтар, жеміс суреттері, дидактикалық санау материалдары | |||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - Нені білдім? Нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім ? | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Тура және кері санауда қиналатын оқушылармен жеке және жұптық жұмыс жүргізу. | Сандарды кему ретімен жазуын бағалау. | Сергіту сәті және көзге арналған жаттығу жүргізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?