Батыр туса-ел ырысы. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.


Теориялық түсінік.

Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра байланыстырады.

Мысалы: Ол қалаға оқу үшін келді. Аян мектепке қарай аяңдады.

Септеулік шылаулар мьналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін т. б. Олар септеуліктер деп те аталады.Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады. Біріншісі — түбір я белгілі септік (барыс, шығыс, көмектес) тұлғадағы зат есім, есімдік я заттанған сөздермен (сын есім есімше, тұйық етістік т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады.

Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердін шылауында айтылады. 1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер; арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты 2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т. б.3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер:кейін,соң,гөрі,бері, бұрын,әрі т. б.

Дидактикалық материалдар.

Берілген мақал сөзге (арқылы, туралы, үшін) шылауларының бірін қойып, сөйлемді толықтыру. Қойған шылауының себебін түсіндіру.

Мақалдың мағынасын ашу, қарамен берілген сөзді сөз табына талдау жасау.

Отан ... күрес – ерге тиген үлес.

Отан .... отқа түс, күймейсің,

Арың .....арпалыс, өлмейсің.

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романынан үзінділер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу