Батыр туса – ел ырысы/ Әлия – батыр қызы сен халқымның (4-сағат). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | 4-сабақ | |||||||||||||||
Күні: | ||||||||||||||||
Сынып: 7 Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Батыр туса – ел ырысы/ Әлия – батыр қызы сен халқымның (4-сағат) | |||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушыларТеңеу, эпитет сөздерді табады.Көптеген оқушыларКейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдайдыКейбір оқушыларКейіпкер мінездемесіндегі көркемдегіш құралдарды анықтайды | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Теңеу, эпитеттерді таба алады.Кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдайды | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: өлең, теңеу, эпитетДиалог және айтылым үшін қажетті сөз тіркестер: мәрмәр, мөлдір, халық, т.б | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | қазақ әдебиеті | |||||||||||||||
Ұлттық құндылықтар | Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет сезімін білдіреді. | |||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу | |||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | 7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут
5 минут | Ұйымдастыру.Сабақ мақсатын таныстыру Қызығушылықты ояту. Тақтада кесте көрсетіледі. Оқушылар сол сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрайды.
Түсініксіз болған сөздерді сыныптастар бір-біріне түсіндіреді.Кері байланыс:Оқушылар кестедегі тірек сөздермен сөйлемдер құрайды. Түсініксіз сөздер мағынасын біледі. Оқушылар тақырыпты болжайды. Кері байланыс- кесте бойынша сабаққа болжам жасайды- өз ойларын білдіреді- сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.Жаңа сөздермен жұмысИнтерактивті тақтада сөздер көрсетіледі.Оқушылар жаңа сөздер мағынасын түсіндірме сөздіктен қарайды, дәптерлеріне жазып алады. Сөздер: мәңгілік, мөлдір, мәрмәр, ерке, саз, құшақ, шоқ, мөлдір | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BB%D0%B8%D1%8F_%D0%9D%D2%B1%D1%80%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B_%D0%9C%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D2%93%D2%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B0 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 15 минут | Тыңдалаым алды тапсырма:Жұпқа бөлу1) Оқушылар сөз тіркесін құрау арқылы, бес жұпқа бөлінеді.Сөз тіркесінің мағынасын ашады. СҰЛУ - САЗ; ШОЛПАН - ЖҰЛДЫЗ; МӨЛДІР - АСПАН; ШОҚТАЙ - ЖАРЫҚ; ОТТАЙ - ЖАНУ2) Теңеу, эпитет, сын есім туралы ойға түсіреді, слайдтағы анықтамамен бекітіледі.Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай. Эпитет: алтын сағат, алтын жаға, алтын күз т.бСын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз. Мысалы: ыстық қайрат, нұрлы ақыл Оқушыларға өлең мәтінін тыңдату Әлия Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейнебір баласындай,Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен. Қайырмасы: Әлия - ару қызы сен халқымның, Әлия - батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.Саған күнде жазылған көркем дастан, Саған күнде құшағын көктем ашқан. Қайырмасы:Әлия - ару қызы сен халқымның, Әлия - батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның!Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.Туған жердің төсінде мәңгілікке, Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып. Қайырмасы: Әлия - ару қызы сен халқымның, Әлия - батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! Ән ұнады ма? Орындаушы кім? Дауысы ұнады ма? (өлеңнің әні мен сөзін жазушылар айтылып кетеді) Ән қандай тақырыпқа арналған? Ән мәтінінен естеріңде қандай сөздер қалды?Тапсырма Ән қайта тыңдатылады. Оқушылар тыңдалған әннен теңеу, эпитет, сын есімдерді теріп алады. (сөз тіркесі). Содан соң теңеу, эпитет, сын есімдердің өлеңде қалай көрініс тапқанын айтады. Әр жұптан бір өкіл шығып, жұптарды аралап, өздерінде жоқ жадығатты (теңеу, эпитет) дәптеріне жазып алады. Өз жұбына келіп таныстырады. Бағалау: Бағалау критерийлері арқылы жұптар бір-біріне коментарий білдіреді.
Кері байланыс:Ән мазмұнын түсінеді;Теңеу, эпитеттерді таба алады | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%8B%D0%BD_%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BC | ||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 5 минут | Сабақтың соңында оқушылар: Үйренгендері туралы ойланады 1. Не үйрендік? 2. Не оңай болды? 3. Не қиын болды? |
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?