Батыр туса-ел ырысы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.
Топқа бөліну үшін
Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры
Өтініш
Мен, Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмiн. Ата-анам қазiргi уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетiн оқып бiтiргенмiн, қазiр Халком кеңесте халық комиссарлары кеңесi төрағасы орынбасарының жеке хатшысы болып қызмет етемiн. Өмiрбаяным жөнiнен қысқаша мағлұмат бере отырып, Сiзден ағаларыммен және апаларыммен (қарулас) бiрге фашист-қарақшыларды талқандап, құрту үшiн менi майданға жiберуiңiздi сұрағым келедi, өйткенi майданға баратындай ағайым да, апайым да (отбасым да) жоқ, сол себептен де өзiм сұранамын. Өтiнiшiмдi қанағаттандыруыңызды сұраймын.
1939 жылдан комсомол мүшесi. 27.08.1941 ж. М.Мәметова
Анасына жазған хаттарынан
Ардақты анашым. Сздiң хатыңызды алғаннан кейiн мен жауап жазған болатынмын, ал қазiр алдыңғы шептемiн, тағы да хат жаза алам ба, жоқ па бiлмеймiн, сондықтан открытка салып отырмын. Әзiрге денсаулық жақсы. Қымбатты анашым, бiзден бәлкiм делегация барар болса, қалған жаңалықты естiп бiле жатарсыз. Көп жазудың қисыны қазiр келмейдi. Ендi хатты ұрыстан кейiн күт. Хатты жиiрек жазыңыз. Бәрiне сәлем, мен үшiн Динашты шөпiлдетiп сүйiп аларсыз. Сiздi тыңдайтын болсын. Хош, қатты-қатты сүйдiм Сiздi.
Қызың Мәншүк.
11.10.1943 ж.
Өмірбаяны
Мәншүк Мәметова – Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген.
Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.
Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанады.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.
Мәншүк Мәметова – Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты.
Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған.
Невель қаласын корғаудағы ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қаланың бір көшесі Мәншүк Мәметова есімімен аталады. Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәтіннің форматы | Нешінші жақтан баяндалған | Ерекше назар аудартатын сөздер | Көп қоданылған сөйлем түрі | Етістіктер |
Хат/өмірбаян | Жай сөйлем/құрмалас сөйлем |
Бағалау критерийі | Дескриптор | Комментарий |
Ресми -іскерлік салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасай алады | Мәтіннің форматын ажыратады | |
Тілдік ерекшелігіне талдау жасай алады |
Үш топтың жұмысын салыстыра отырып, өмірбаян мен өтініштің тілдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Өмірбаян | Ұқсастық | Өтініш |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?