Батыр туса-ел ырысы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.
Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, тек айтылған ойға қатысы бар сөз тобы оқшау сөздер деп аталады.
Оқшау сөздер ( обособленные слова) үшке бөлінеді.
- Қаратпа (обращение)
- Қыстырма ( вводные слова)
- Одағай ( междометие)
Қаратпа сөздер. Сөйлеуші біреудің назарын аудару үшін, оның атын атайды немесе үлкен-кішілігіне, лауазым-атағына лайық сөздерді қолданады. Қаратпа сөз көбінесе кісі есімімен, адамға қатысты сөзден болады. Мысалы: Айнұр, үй тапсырмасын орындадың ба?
Үйге қандай тапсырма берілді, оқушылар?
Ой-бу, балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой!
Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.
Одағайға тән негізгі белгілер:
1. Лексикалық мағынасы болмайды;
2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;
3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.
Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыруодағайлары.
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.
2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.
3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім;қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.
Қыстырма сөз - сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер.
Мысалы: бағымызға қарай, абырой бергенде, сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында, меніңше, сірә, мүмкін, байқаймын, олай болса, демек, айтпақшы, біріншіден, әуелі, т.б.
Егер оқшау сөздер сөйлемнің:
- басында келсе одан кейін;
- ортасында келсе екі жағынан;
- соңында келсе алдынан үтір (,) қойылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?