Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.


Тақырыпты болжа!

https://www.youtube.com/watch?v=lgLVHQiB25w

1. Бұл өнімдер қай жерде жасалған деп ойлайсыз?

2. Мұның адам дамуына әсері бар ма?

3. Мұны ашу үшін көптеген жылдар кете ме?

4. Осындай өнертапқыш болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Сабақтың тақырыбы:

Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар

Оқу мақсаттары:

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.

7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру.

Дескрипторлар:

Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасайды.

Ұқсас тақырыптар бойынша мәтіндердегі нақты үзінділерді салыстырады, жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды.

«Ой шақыру»

- Осындай өнімдер Қазақстанда да өндіріледі ме?

- Ұялы телефон, өзі тербелетін бесік, робот такси ата – бабамызда болған ба?

- Қазақстанда аса дарынды өнертапқыштар бар ма?

1 – тапсырма

Екі ұқсас мәтінді оқу, сөздікке сүйене отырып түсіну. Мәтін бойынша әр топ екі сұрақтан даярлап отырады.

1 мәтін

Аса тиімді гаджеттердің бірі Sikker болуы әбден мүмкін. Бұл гаджеттің жұмыс істеу ерекшелігі сол – білезіктің бірі баланың, екіншісі – анасы мен әкесінің қолына тағылады. Bluetooth арқылы баланың хал – ахуалы жайлы мәлімет білезіктің бетіне шығу арқылы ата – аналарға беріледі. Соның арқасында олар балаларының жағдайын ұдайы бақылауда ұстап отыра алады. Қажет болған жағдайда көмек көрсете алады. Гаджеттің қызметі арқылы баланың жүрек соғысын да бақылап отыруға мүмкіндік бар екен. Ата – ана балаларының дауысын естіп қана қоймай, онымен сөйлесе алатын да көрінеді. Білезік базалық станция арқылы күні бойы қуаттандырылып отырады.

2 мәтін

Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмсаған. Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 см. Бесікте баланың жағдайынан хабар беретін бірнеше құрылғы бар. Оның бірі бөбектің дене қызуын бақыласа, екіншісі жаялықтың ылғалдылығын анықтайды. Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбыс ескерту айтады. Бесік тербелгенде қондырғыға егізілген «Бесік жырын» ойнатып қоюға болады. Smart Бесік ата – анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы да болады.

Дескрипторлар:

Мәтінді түсініп оқиды, сөздікпен жұмыс жасайды.

Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

2-тапсырма

Екі мәтіннің жанрлық ерекшелігіне талдау жаса.

Тақырыбы:

Стилі:

Жанры:

Негізгі идеясы:

Дескрипторлар:

Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасайды.

Жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды.

 

3-тапсырма

«Қос диаграммаға» сала отырып мәтіндердің үзінділерін салыстыр.

Дескрипторлар:

Ұқсас тақырыптар бойынша мәтіндердегі нақты үзінділерді салыстырады.

Ортағын, білезік пен бесіктің артықшылықтарын жазады.

«Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар» тақырыбы бойынша өз көзқарастарын білдіреді.

4-тапсырма

Ақ қалпақ – негізгі фактілер, орташа объективті ақпарат.

Қызыл қалпақ – ішкі сезім, эмоцияны білдіру.

Қара қалпақ – сыни аналитик, логикалық негатив.

Сары қалпақ – шуақты оптимизм, логикалық позитив.

Жасыл қалпақ – мүмкіндіктер, идеялар.

Көк қалпақ – қорытынды, шешім.

Дескрипторлар:

«Алты ойшыл қалпақ» стратегиясы арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

2. Әр топ тапсырмаларын қорғайды.

ПОПС әдісі бойынша кері байланыс

Менің ойымша.....

Мен мұны былай дәлелдеймін....

Дәлел ретінде мысалдар келтіремін......

Мынадай қорытынды шешімге келдім.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу