Ғылымдағы Қазақстанның үлесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.


Тыңдалым бойынша талдау әдісі.

G- мақсаты;

R- қазіргі жағдайды сипаттау

O-қолдағы мүмкіндіктер

W- әрекеттер( не істеу керек?)

Одағай және одағай түрлері:

Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.[1]

Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейд

Негізгі одағайлар

Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды

Туынды одағайлар

Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.

Ишарат одағайлар

Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).

Жекіру одағайлары

Адамға арнайы айтылатын одағайлар.

  • Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні )
  • Ұсыну сөздері (мә, айда)
  • Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт)

Жануарға арнап айтылатын одағайлар

Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:

  • түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"
  • қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!
  • жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!
  • ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс!

Шақыру одағайлары

Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.

Көңіл-күй одағайлары

Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:

  • а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);
  • ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);
  • б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.

А мәтіні

Қостанайда жас ғалымдар арасында ғылым мен техника сайысы басталды .

Қостанай жас ғалымдар ғылым техника фестиваль Қостанайда жасөспірім ғалымдар арасында ғылым мен техника фестивалі басталды. Іс-шараға облыстағы 34 білім мекемесінен 60-қа тарта командадан ұсыныс келіп түскен. Қатысушылардың ең кішісі 5-сынып оқушылары болса, ересегі – 21 жаста. Сайыс мақсаты – ізденімпаз жастарға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасап, озық жобаларды анықтау. Фестиваль барысында оқушылар құрастырған роботтар бір-бірімен күш сынасатын болады. Данияр Мұхадинұлы, НЗМ оқушысы: - Бұл роботтың мақсаты өзінің қарсыласын қара сызықтың арғы жағына шығарып тастау. Бұл кәдімгі өмірде қажеттілігі болуы мүмкін. Мысалы ауыр заттарды қозғалтуда немесе адамның ұстай алмайтын нәрселерін көтергенде. Біз осы роботты арнайы конструктерден жасап құрадық. Жангелді Бейсенов, НЗМ оқушысы: - Осындай фестивальдер келешекте өз мамандығыңды таңдауға көмектеседі. Мысалға мен архитектор болғым келеді. Сонда осы конструкторды құру менің келешегіме көмек береді. Қызық болғаны басқа категориядағы роботтар. Олардың механикасы басқаша. http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/170688-men-tekhnika-sajysy-bastaldy

Ә мәтіні

Алақай, мен сізбен кездесуді жоспарлап жүрген едім. Серікболсіз жасаған бесік өзі тербеледі дей ме...

- Менің жасағаным «смарт құрылғы» деп аталады, кез келген бесікті «смарт бесікке» айналдыратын жиналмалы құрылғы. Оны бөлек те сатамыз, бесігімен қосып та сатамыз. Өзіңіз айтқандай, бала жыласа, бесік автоматты түрде шуылсыз тербеледі.

-Кәне,  одан басқа ерекшеліктерін санамалап берсеңіз...

- Вольттық кернеумен жұмыс жасайтындықтан, бұл бесік балаға қауіпсіз. Керек десеңіз, батарейкамен де жұмыс жасайды. Пультпен алыстан басқаруға  болады.  Бала  дәретке отырып қойса да, көрпесі ашылып қалса да, дене қызуында өзгеріс болса да, хабар  береді.

- Неге бесік, неге басқа емес? Қазақ әйелдері жалқау боп кетеді деп қорықпайсыз ба?

- Алғашында бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Ақыры таптым, тапқанда да қазақтың данышпандығына таңғала отырып таптым. Себебі Жапонияның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иуе Илаңның қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып, тапқан қорытындысы мынадай екен: сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түсіп, бойында рефлекс қалыптасады. Ал өмір есігін ашқанда жарық дүниеге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны  ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Тағы бір нәрсе, сәби бесікте жатқанда миы дамиды. Оны әр уақыт тербетіп, миының дамуына өте зор ықпал жасайтын боп шықты. Осы сияқты ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып,  жоба  жасадым. Бұл  жоба, әрине, бір күннің жұмысы емес, аттай алты жылдық еңбегімнің жемісі! Менің жобам – әрі ұлттық бесік, әрі «смарт бесік», қолмен тербейсіз, шаршасаңыз, пультпен тербеңіз. Мен дәстүр мен техниканы сәтті сәйкестірдім деп ойлаймын. Япырм-ай, одан қазақ әйелдері жалқау боп кетеді дей алмаймын. Қайта бесік тербеткеннің орнына басқа шаруасын бітіре береді.

- Серікбол, «смарт қондырғы» қаншаға түсті? Қайдан алдырдыңыз? Құрылымы қандай?

- «Смарт қондырғының» бағасы сауда құпиясы енді (күлді). Қытайда микросхемасы  жасалады,  қалған  қаңқасы Астанадан да табылады. Құрылымы – басқарғыш пен қаңқадан.

- Тапсырыс беріп жатқандар бар шығар? «Ақылды бесіктің» нарығын қалай жолға қоймақсыз?

- «Смарт қондырғының» бағасы – 39 мың теңге. Қазір енді нарыққа шығып жатыр ғой, Алла қаласа, енді әртүрлі деңгейдегі сатып алушылар үшін бірнеше түрін жасаймыз.

- Бәрекелді, сіз сияқты жастарды көргенде болашақта еліміздің танымал болатынына сенімім арта түседі, рақмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу