Ғылымдағы Қазақстанның үлесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: 1 | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айтан А.Л. |
Сынып: 7 Т2 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар оқушылар саны: |
Бөлім атауы | Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары |
Сабақтың тақырыбы | Ғылымдағы Қазақстанның үлесі |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.ТБ1.4.Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану. 7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау. Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау |
Сабақтың мақсаттары | Мәтін талдау арқылы грамматикалық сауаттылығын арттыру; Тыңдалымдағы ақпаратты талдау. |
Бағалау критерийлері |
|
Дискрипторлар |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану,анализ жасау дағдылары дамиды |
Тілдік мақсаттар | Мәтіннің идеясы, мақсаты,, көзделген аудиториясы,; Одағайдың бұл түрі..... қолданылған,т.б. Қазіргі жағдайы, мүмкіндіктер, әрекетер,т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың ел жаңалықтарынан хабары болады, ғылымға өз үлесін қосуға ойланады. |
Пәнаралық байланыс | |
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады. |
Жоспар
Жоспарланат ын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер |
Сабақтың басы 3 мин. 3 мин. 14 мин. Сабақтың ортасы 10мин. Сабақтың соңы 8 мин. Рефлексия 1 мин. 1мин. | Ұйымдастыру кезеңі:
Тақырып қиындылары арқылы сабақ тақырыбын болжатамын. Оқу мақсаттары мен бағалу критерийлерімен таныстырамын. Оқушылардың одағай және оның түрлері туралы білімін қайталап толықтырып есіне түсіріп, пысықтап аламын. 1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырып талдау жаса. (Жеке тапсырма) А мәтіні Қостанайда жас ғалымдар арасында ғылым мен техника сайысы басталды . Қостанай жас ғалымдар ғылым техника фестиваль Қостанайда жасөспірім ғалымдар арасында ғылым мен техника фестивалі басталды. Іс-шараға облыстағы 34 білім мекемесінен 60-қа тарта командадан ұсыныс келіп түскен. Қатысушылардың ең кішісі 5-сынып оқушылары болса, ересегі – 21 жаста. Сайыс мақсаты – ізденімпаз жастарға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасап, озық жобаларды анықтау. Фестиваль барысында оқушылар құрастырған роботтар бір-бірімен күш сынасатын болады. Данияр Мұхадинұлы, НЗМ оқушысы: - Бұл роботтың мақсаты өзінің қарсыласын қара сызықтың арғы жағына шығарып тастау. Бұл кәдімгі өмірде қажеттілігі болуы мүмкін. Мысалы ауыр заттарды қозғалтуда немесе адамның ұстай алмайтын нәрселерін көтергенде. Біз осы роботты арнайы конструктерден жасап құрадық. Жангелді Бейсенов, НЗМ оқушысы: - Осындай фестивальдер келешекте өз мамандығыңды таңдауға көмектеседі. Мысалға мен архитектор болғым келеді. Сонда осы конструкторды құру менің келешегіме көмек береді. Қызық болғаны басқа категориядағы роботтар. Олардың механикасы басқаша. http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/170688-men-tekhnika-sajysy-bastaldy Ә мәтіні Алақай, мен сізбен кездесуді жоспарлап жүрген едім. Серікбол, сіз жасаған бесік өзі тербеледі дей ме... - Менің жасағаным «смарт құрылғы» деп аталады, кез келген бесікті «смарт бесікке» айналдыратын жиналмалы құрылғы. Оны бөлек те сатамыз, бесігімен қосып та сатамыз. Өзіңіз айтқандай, бала жыласа, бесік автоматты түрде шуылсыз тербеледі. -Кәне, одан басқа ерекшеліктерін санамалап берсеңіз... - Вольттық кернеумен жұмыс жасайтындықтан, бұл бесік балаға қауіпсіз. Керек десеңіз, батарейкамен де жұмыс жасайды. Пультпен алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса да, көрпесі ашылып қалса да, дене қызуында өзгеріс болса да, хабар береді. - Неге бесік, неге басқа емес? Қазақ әйелдері жалқау боп кетеді деп қорықпайсыз ба? - Алғашында бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Ақыры таптым, тапқанда да қазақтың данышпандығына таңғала отырып таптым. Себебі Жапонияның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иуе Илаңның қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып, тапқан қорытындысы мынадай екен: сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түсіп, бойында рефлекс қалыптасады. Ал өмір есігін ашқанда жарық дүниеге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Тағы бір нәрсе, сәби бесікте жатқанда миы дамиды. Оны әр уақыт тербетіп, миының дамуына өте зор ықпал жасайтын боп шықты. Осы сияқты ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, жоба жасадым. Бұл жоба, әрине, бір күннің жұмысы емес, аттай алты жылдық еңбегімнің жемісі! Менің жобам – әрі ұлттық бесік, әрі «смарт бесік», қолмен тербейсіз, шаршасаңыз, пультпен тербеңіз. Мен дәстүр мен техниканы сәтті сәйкестірдім деп ойлаймын. Япырм-ай, одан қазақ әйелдері жалқау боп кетеді дей алмаймын. Қайта бесік тербеткеннің орнына басқа шаруасын бітіре береді. - Серікбол, «смарт қондырғы» қаншаға түсті? Қайдан алдырдыңыз? Құрылымы қандай? - «Смарт қондырғының» бағасы сауда құпиясы енді (күлді). Қытайда микросхемасы жасалады, қалған қаңқасы Астанадан да табылады. Құрылымы – басқарғыш пен қаңқадан. - Тапсырыс беріп жатқандар бар шығар? «Ақылды бесіктің» нарығын қалай жолға қоймақсыз? - «Смарт қондырғының» бағасы – 39 мың теңге. Қазір енді нарыққа шығып жатыр ғой, Алла қаласа, енді әртүрлі деңгейдегі сатып алушылар үшін бірнеше түрін жасаймыз. - Бәрекелді, сіз сияқты жастарды көргенде болашақта еліміздің танымал болатынына сенімім арта түседі, рақмет!
Дискрипторлар:
2-тапсырма. (топтық тапсырма) Тыңдалымды GROW әдісіне салып торт топ ақпаратты талдайды. G- мақсаты; R- қазіргі жағдайды сипаттау O-қолдағы мүмкіндіктер W- әрекеттер( не істеу керек?) Дискриптор:
Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс аламын.
Үйге тапсырма: «ЭКСПО-2017» байқауыга сіз қандай жоба ұсынар едіңіз? (эссе) |
http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/170688-men-tekhnika-sajysy-bastaldy |
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?