Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 6

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар оқушылар саны:

Бөлім атауы

Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары

Сабақтың тақырыбы

Ғылыми даму

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

Сабақтың мақсаттары

Тыңдалған ақпарат өзектілігіне талдау жасау;

Көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіре отырып жазба жұмысын жазу.

Бағалау критерийлері

  • Ақпарат өзектілігін анықтайды;
  • Құрылымы мен дамуын сақтап эссе жаза алады;
  • Көтерілген мәселеге келісу-келіспеу себептерін дәлелдейді.

Дискрипторлар

  • SWOT әдісімен тыңдалымды талдай алады;
  • Өз ойын жүйелі жеткізе алады.
  • Ақпарат өзектілігін анықтайды.
  • Тыңдау арқылы жүйелі ой қорытындысын шығарады.

- Эссе құрылымы мен дамуын сақтай алады;

- Көтерілген мәселеге келісу-келіспеуін ашық көрсете аладлы.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану,анализ жасау дағдылары дамиды 

Тілдік мақсаттар

Терминдер: Ғылым, техника, ғылыми-техникалық революция, инновация,  

Құндылықтарды дарыту

Ғылымға деген көзқарасы өзгеріп, болашақта ғылыми жоба жазуға қызығушылығы артады;

Өзге адамның жетістіктеріне қуанады, жақсы-жаман бағыттарына сараптама жасайды.

Пәнаралық байланыс

Информатика

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Жоспар

Жоспарланат ын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы 2мин.

3мин.

5 мин.

Сабақтың ортасы

10 мин.

10мин.

Сабақтың соңы

Рефлексия

1 мин.

1мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқушыларды өз қалаулары бойынша топқа бөлу.

Мұғалім оқушылардан :

-Ғылым дегеніміз не?

- Техника дегенеміз не?

- Ғылыми –техникалық революция дегенімізді қалай түсінесіңдер?

- Инновация дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім оқушылармен ой бөлісе отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбына болжау жасатады. Оқушыларды жетістік критерийлері мен дескрипторлармен таныстырады.

Қосымша дерек:

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық революция дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүру

Инновация дегеніміз не?

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.

Инновация түрлері

Intel компониясының жоғары техника қызметкері Gene Meieran -ның пікірінше инновацияның үш түрі бар:1. Түбегейлі жаңалық ашу. Ол көбінесе мәлім салада дәстүрлісін бұзып, көнені жойып, түбегейлі өзгеріс алып келеді. Мысалы адамзат тарихында лампаның тапқырлануы, сандық технологияның тапқырлануы.2. Жақсарту, жаңарту. Ол көбінесе біртіндеп өзгерістер жасау арқылы бәлім саланы, мәлім затты жетілдіріп, кемелді жаңасын жарату; жаңа артықшылықтар қосып, бір нәрсені бұрынғысынан тіпті де керемет ету.. Мысалы, Қаламның, машинаның жаңа түрін жасау.3. Жаңаша қолдану. Яғни, бір нәрсенің бұрынғы қолданысынан басқа жаңа қолданысын тауып шығу. Ол заттың қолданысына жаңалық енгізіп, оны бұрынғыдан басқа мақсаттарда қолданудың жолын ашу. Мысалы мешеу елдер көмірді тек отқа жағуға пайдаланса, дамыған елдер көмірден 150 шақты тауар шығарады екен.

1-тапсырма. (Топтық жұмыс)

Тыңдалымалды тапсырма Тыңдалым мазмұнын меңгеру. Тыңдалымды тыңдай отырып, төрт топ SWOT әдісіне салып талдау керек.

S- күшті жағын 1-топ талдайды

W-әлсіз жақтарын 2-топ талдайды

O-мүмкіндіктер 3-топ талдайды

T- қауіп-қатер 4-топ талдайды

Дискрипторлар:

  • SWOT әдісімен тыңдалымды талдай алады;
  • Өз ойын жүйелі жеткізе алады.
  • Жаңа ақпаратты қолдана алады.

2-Тыңдалым тапсырмасы. (Жеке жұмыс) Тыңдалымдағы ақпаратты ғылым, техника, ғылыми техниклық революция, инновация түрлеріне талдау жасау.

Бұл ақпараттағы техника түрі-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бұл ақпараттағы ғылым мынау---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бұл ақпараттағы түбегейлі жаңалық мынау----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бұл ақпараттағы жаңару мынау---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бұл ақпарттағы жаңаша қолдану мынау----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дискрипторлар:

  • Ақпарат өзектілігін анықтайды.
  • Тыңдау арқылы жүйелі ой қорытындысын шығарады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: (Жұптық жұмыс)

Серікбаев Ақниет сияқты сен де «Ғылым әлемін ашамын» байқауына қатыстың делік.Әдетте байқауда сенің жобаң жүлделі орын алмай, тек марапат қана алдың. Сеніңсол сәттегі көңіл күйің мен оның жұмысына берілген бағаң қандай болар еді?

Құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп 120-130 сөз көлемінде эссе жазу

Дискрипторлар:

-Эссе құрылымы мен дамуын сақтай алады;

- Көтерілген мәселеге келісу-келіспеуін ашық көрсете алады.

Кері байланыс. Сабақтан алған әсерім... Бүгінгі сабақтан не білдім? Келесі сабақта нені білгім келеді?

Оқушылар сабақты смайликтермен бағалайды.

Үйге тапсырма: «Менің жобам...» тақырыбында өзін ойландырып жүрген зерттеуі бойынша (жаңалық болу керек) күнделік жазып келу.

https://www.youtube.com/watch?v=6a1Uy9ZyFkc

Астана ҚТЛ. Серікбаев Ақниет «Қазақша комикс»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу