Ғылым әлемін ашамыз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.


Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке - шеше, ауыл -аймақ, ашудас, Қостұра, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл - аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бозторғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостұра (қос-екі, тұра-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер(үлкен - кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Сөйтіп күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.

Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.

Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.

Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы, Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы, Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Түнде жыламас болар, қарағым.

Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.

Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!

Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т.б.

2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т.б.

4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т.б.

5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т.б.

Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:

- сөйлем басында келсе, одан кейін;

- сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;

- сөйлем соңында келсе, алдынан

үтір қойылады.

Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.

Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздердің тыныс белгісі – үтір. Мысалы, Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!

Логикалық көтеріңкі екпінмен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу