Ғылым әлемін ашамыз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Ғылым әлемін ашамыз
Оқу мақсаттары:
-Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
-7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Ой шақыру
Соңғы ғылым әлемінде қандай жаңалықтар болып жатыр?
Сыныпта кім биыл ғылыми жоба байқауына қатысты?
Бағалау критерийлері:
-Тыңдалымдағы ақпараттың өзектілігін анықтау;
-Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу.
Дескрипторлар:
Тыңдалымды өзіндік көзқарасын білдіре отырып талдай алады;
- Күрделі сөздерді ажырата алады және қолданады;
- Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді ажырата алады.
1-тапсырма. Тыңдалымалды тапсырма. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды беріп, білетін білімдері мен пікірлерін біліп аламыз.
- Домбыра қандай аспап?
- Домбыраның дыбысы қандай?
- Қандай күйшілерді білесіңдер?
-Қазір ғылымда домбыра қандай зерттеуді қажет етеді деп ойлайсыздар?
2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы. (жеке жұмыс) Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысының ғылыми жобасының өзектілігіне төмендегі кесте бойынша талдау жасаңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=xU2gKnYE9fM
Сұлтанғали Рахим. «Домбыра акустикасы»
3-тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. (Жұптық жұмыс) Өзің Рахиммен кездесіп қалдың. Оған қандай сұрақтар қояр едің? Жұбыңмен диалог құрастыр.
Ескерту: сұрақ ішінде күрделі сөз және оқшау сөздер болуы міндетті. Оқшау сөздердің тыныс белгісін дұрыс қолдану үшін мұғалім берген қосымша ақпаратпен танысып, басшылыққа ал.
Дескриптор:
- Диалогтық қарым-қатынасқа түсе алады;
- Күрделі сөздерді және оқшау сөздерді қолдана алады;
- Оқшау сөзге байланысты қойылатын тыныс белгілерді ажырата алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?