Ғылым әлемін ашамыз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар оқушылар саны:

Бөлім атауы

Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары

Сабақтың тақырыбы

Ғылым әлемін ашамыз

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

Ж5. Орфография және пунктуация

7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Назарын шоғырландырып тыңдату арқылы ақпаратқа талдау жасату;

Дұрыс жазу сауаттылығын дамыту.

Бағалау критерийлері

Тыңдалымдағы ақпараттың өзектілігін анықтау;

Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу.

Дескрипторлар

-Тыңдалымды төзіндік көзұарасын білдіре отырып талдай алады;

- Күрделі сөздерді ажырата алады және қолданады;

- Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді ажырата алады .

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану,анализ

Тілдік мақсаттар

Зерттеу жұмысының тақырыбы, зерттеу мақсаты, зерттеу жаңалығы, қорытынды және ұсыныс,т.б.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ізденушілік және қызығушылық қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Физика және өнер

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Жоспар

Жоспарланат ын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

Сабақтың ортасы

18 минут

13 мин.

Сабақтың соңы

1 мин.

1мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың соңғы ғылымдағы жаңалықтардан не білетіні жайында ой бөлісеміз.

Ғылыми жоба байқауларына қатысушыларды анықтаймыз (сыныптағы)

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстырамыз.

1-тапсырма. Тыңдалымалды тапсырма. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды беріп, білетін білімдерімен пікірлерін біліп аламыз.

- Домбыра қандай аспап?

- Домбыраның дыбысы қандай?

- Қандай күйшілерді білесіңдер?

-Қазір ғылымда домбыра қандай зерттеуді қажет етеді деп ойлайсыздар?

2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы. Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысының ғылыми жобасының өзектілігіне төмендегі кесте бойынша талдау жасаңыз.

Тыңдалым бойынша тапсырма

Тыңдалым бойынша талдауың керек

Менің пікірім:

(баға не оған өзіндік көзқарасың)

Рахимнің зерттеу тақырыбы қандай?

Рахимнің зерттеу мақсаты не?

Рахимнің зерттеу жаңалығы неде деп ойлайсың?

Рахимнің зертеуінің дербестік дәрежесі

Қорытынды түйіні қандай?

Ұсынысы не болды?

Дескрипторлар:

  • Кестемен тыңдалымды талдай алады;
  • Ақпарат өзектілігін анықтайды.
  • Тыңдау арқылы жүйелі ой қорытындысын шығарады.

3-тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. (Жұптық жұмыс) Өзің Рахиммен кездесіп қалдың. Оған қандай сұрақтар қояр едің? Жұбыңмен диалог құрастырып жаз.

Ескерту: сұрақ ішінде күрделі сөз және оқшау сөздер болуы міндетті. Оқшау сөздердің тыныс белгісін дұрыс қолдану үшін мұғалім берген қосымша ақпаратпен танысып, басшылыққа ал.

Дескриптор:

- Диалогтық қарым-қатынасқа түсе алады;

- Күрделі сөздерді және оқшау сөздерді қолдана алады;

- Оқшау сөзге байланысты қойылатын тыныс белгілерді ажырата алады.

Қосымша дерек:

Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке - шеше, ауыл -аймақ, ашудас, Қостұра, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл - аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бозторғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостұра (қос-екі, тұра-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер(үлкен - кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ,БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Сөйтіп күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады

Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.

Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.

Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы, Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы, Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Түнде жыламас боларқарағым.

Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.

Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсіршіШығыс ұлы!

Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгендет.б.

2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғандат.б.

4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т.б.

5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т.б.

Қыстырма сөздің тыныс белгісіүтір. Қыстырма сөз:

- сөйлем басында келсе, одан кейін;

- сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;

- сөйлем соңында келсе, алдынан

үтір қойылады.

Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.

Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздердің тыныс белгісі – үтір. Мысалы, Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашыәттеген-ай!

Логикалық көтеріңкі екпінмен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалайды, ұсыныстарын айтады (сабаққа және тапсырмаларға)

Үйге тапсырма: «Ғылымдағы соңғы жаңалықтар» тақырыбында мақала жазу. (оқушылар соңғы жаңалықтармен бөліседі)

https://www.youtube.com/watch?v=xU2gKnYE9fM

Сұлтанғали Рахим «Домбыра акустикасы»

https://kk.wikipedia.org/wiki/Дара_сөздер_мен_күрделі_сө

http://www.itest.kz/lekciya_oqshau_sozder_turleri_qaratpa_qystyrma_odahaj_sozder_tynys_belgi

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу