Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


III тоқсан 1-бөлім: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет

Қызылорда қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 7Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқубағдарламасына сілтеме

Т4. Көркем шығармаларды тыңдау.

Оқыту мақсаттары

Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

Сабақтың самрт мақсаты:

Оқушылардың барлығы: Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.

Оқушылардың көпшілігі: Өлеңнің тақырыбын шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Оқушылардың кейбірі: Өлеңде көтерілген мәселенің ұтымды шешу жолын ұсынады.

Тілдік міндеттер

Құйма құлақ, назарға ілінді, монитор көз, компьютер бас, зерек, қайсар, ұшқыр арман, қос перзент, жарты ұл, жарты адам, т.б.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, информатика

Алдыңғы тақырып

Одағайдың түрлерін қайталап келу

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут

15минут

5 минут

15 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу. Сынып оқушылары 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Лексикалық минимум: Құйма құлақ, назарға ілінді, монитор көз, компьютер бас, зерек, қайсар, ұшқыр арман, қос перзент, жарты ұл, жарты адам, т.б.

ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы: "Өркениеттің адасуы" атты романнан «Компьютербасты жарты адамдар» атты үзіндісі оқылады. Өлең оқылғаннан кейін төмендегі кестені толтырыңыздар.

«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,

Қонақтары сұрапты:

- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?

- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.

- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,

Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.

Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,

Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын

Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,

Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.

Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,

Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.

Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,

Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.

Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан

Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?

Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.

Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,

Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.

Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,

Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір.

Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,

Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?

Бұл қазаққа көз өткен бе,

Тілдің мұңын сөз еткенде

Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...

Ұлтсыздардың бәрі - рухи мүгедектер, жартылар.

Тілін, ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,

Бар назары материалдық игілікке тоқталар.

Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар,

Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы» боп қалар.

Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге:

Білім алып келсін дедік,

Жер, ел танып көрсін дедік

Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?

Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,

Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім - күшің, әрі нұрлы жетегің.

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін

Кім ойлапты құдайым-ау,

егер ұры қаншама,

Зор білімін қулығына қару етсе жан сала

Бейқам елге оның тартар азабы да соншама.

Шығарма

Тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Идеясы

Өмірмен байланысы

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

1. Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.

2.Шынайы өмірмен байланыстырады.

ЖЖ. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: өлеңде көтерілген мәселеге байланысты проблеманы анықтап, шешу жолдарын ұсыныңыз.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

1. Өлеңде көтерілген мәселеге байланысты проблеманы анықтай алады.

2. Мәселенің ұтымды шешу жолын ұсынады.

Кері байланыс:

«Плюс, минус, қызықты»

1.«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

2.«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.

3.«Қызықты»- өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

Үй тапсырмасы: «Компьютердің пайдасы немесе зияны басым ба?» тақырыбында эссе жазып келу. (120 сөз)

http://kitap.kz/reader/bota_komputer

М.Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар», өлеңдер жинағы 5-кітап

https://www.youtube.com/watch?v=6zL8h_OiTEY

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау берудіжоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау –

Оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексеріс

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланыстары

Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.

аз болуы мүмкін. Анағұрлым қабілетті оқушыларға қарасөздің мазмұнындағы нақыл сөздерді теріп жазуды тапсырамын.

Меңгеруді бақылау

Сұрақ және жауап

Өзара кері байланыс, топтар бір-бірінің жауабын дескрипторлар арқылы бағалайды.

Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Меніңжұмысымжоспарлыболдыма?

Мен уақытымдыдұрысжоспарлайалдым ба?

Жоспарымақандайөзгертулеренгіздімжәне неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанадан өз сабағыңызға ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар туралы нені білдім?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 Т2

Оқушының аты-жөні:

Бөлім

Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет

Тақырып

М.Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»,

Оқу мақсаттары

Т4. Көркем шығармаларды тыңдау

Дағдылар

Тыңдалым

Бағалау критерийі

Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

Тапсырма

ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы: Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Шығарма

Тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Идеясы

Өмірмен байланысы

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

1. Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.

2. Шынайы өмірмен байланыстырады.

Бөлім

Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет

Тақырып

М.Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»,

Оқу мақсаттары

Т4. Көркем шығармаларды тыңдау

Ойлау дағдысының

деңгейі

Түсіну, білу, қолдану

Бағалау критерийі

Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

Тапсырма

ЖЖ.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: өлеңде көтерілген мәселеге байланысты проблеманы анықтап, шешу жолдарын ұсыныңыз.

Бағалау

критерийі

Дескрипторлар

Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

1. Өлеңде көтерілген мәселеге байланысты проблеманы анықтай алады.

2. Мәселенің ұтымды шешу жолын ұсынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу