Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет

ТБ1. Сөз таптары

ТБ1.6. Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Мына суреттен

не байқадыңыздар?

Кеше... Бүгін... Ертең...

Берілген үстеулерді қолдана отырып, суретті сөйлетіп көріңіздер.

Үстеу іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай-күйін білдіреді.

Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:

1. мекен үстеуі: әріде, беріде, жоғары, төмен

2. мезгіл үстеу: ерте, кеш, бүгін, жаздыгүні

3. себеп-салдар үстеу: бекерге, амалсыздан, босқа

4. сын-қимыл: балаша, зорға, тез

5. мақсат үстеу: әдейі, жорта, қасақана

6. мөлшер үстеу: сонша, онша, бірталай

7. Күшейткіш үстеуі: өте, тым, ең

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы, әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т.б.

Тапсырма

Жеке жұмыс

Суреттерді қолдана отырып, мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, оқиға желісі бар әңгіме жазыңыздар.

Сөз саны – 110-130.

Кері байланыс

Сабақ бойынша «блоб ағашындағы» өз орныңызды белгілеңіздер.

« Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында үстеулерді қатыстырып, дискуссивті эссе жазыңыздар. Сөз саны – 110-120.

Үй тапсырмасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу