Ғаламтормен жұмыс жасаудың зиянды жақтары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.
«Тоқтатылған Кадр» тренингі
Шарты: суретті зерттейді, суретті түсірем дегенше не болды, түсірген соң не болды деп болжау жасайды. Дұрыс жауабымен танысып, салыстырады. Сабақ тақырыбын болжайды.1-бөлім.
Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет.Ғаламтормен жұмыс жасаудың зиянды жақтарыТ3. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну. Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
Тыңдалым алдындағы тапсырма
– Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасаудың қандай ережелерін білесіздер?
– Қандай артықшылықтары бар деп ойлайсыздар?
– Ғаламтордың жағымсыз жақтары бар ма?
Тыңдалым тапсырмасы
https://www.youtube.com/watch?v=jLiwVUcKW68Топтық жұмыс.Тыңдалым тыңдалынады. Ақпаратты кестеге түсіреді.Топтық бағалау
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Ж/ж. Лексикалық минимумды (Әлеуметтік желі, қауіптілік деңгейі, ғаламтор, салауатты өмір салты) қатыстыра отырып, ауызша диалог құру. Шарты: бір мезгілде жұптар айтылым жасайды, тыңдаушы жұп бағалайды, керісінше қайталанады.
Жұптық бағалау
Жеке жұмыс
Көңіл-күйін қатыстыра отырып, ғаламтордың зияны туралы образға ене отырып, монолог жазу.
Сөз саны – 50-60 сөз.
Бағалау жұптық түрде жүргізіледі.
«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі
Шарты: Бір сөзбен рефлексия жасайды, келесі оқушы соңғы дыбыстан басталатын сөзбен жалғастырады
(тамаша – аңғардым – маңызды... )
Кері байланыс
Не қиын болды?
Қандай жұмыс өте оңай болды?
Жұмыстардың қай түрі ұнады, неге?
Қай түрін жетілдіруді ұсынар едіңіз?
Үй тапсырмасы
Одағайларды қайталау, одағайларға сөйлем құрастыру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?