Ғаламтор мамандықтары. Сәтті блогер болу ережелері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| ___________________ | |||||||||||||||||
КДМ: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ғаламтор мамандықтары. Сәтті блогер болу ережелері. | |||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 1-сабақ: А2. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу. 2-сабақ: Ж2.Эссе тақырыбының желісінен шықпай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып қажетті мазмұнын ашып жазу. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 7А2. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу. 7Ж2.Эссе тақырыбының желісінен шықпай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып қажетті мазмұнын ашып жазу. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | 1-сабақ: -сұрақтарға жауап береді; - жаңа сөздермен танысып, сөздікке жазып алады; -жаңа сөздермен ауызша сөз тіркесін құрайды; -суретте берілген мамандықтар туралы білетін ақпараттармен бөліседі; -тақырып бойынша диалог құрады; -«ПОПС» формуласы бойынша өз ойымен бөліседі. 2-сабақ: -сәтті блогер болудың 5 ережесін жазады; -«Синквейн» әдісі арқылы берілген тақырыпты ашады; -эссе жазу ережелерімен танысады; -берілген тақырыпты ашып, эссе жазады; -берілген сөздердің мағынасын ашып, анықтамасын жазады. | |||||||||||||||||
Құндылықтар | Коллаборативті мәдениет. (құрметтеу, ашықтық, жауапкершілік) Өзіндік сана-сезім | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тақырыпты түсіну үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестер: ғаламтор,жарнама,әлеуметтік желі,қолайлы, тауар, сәтті, сала, ұсыныс, маркетинг, кәсіп, мамандық ,сұраныс. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Информатика, өзін-өзі тану. | |||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Слайд | |||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Тыңдалым мен оқылым дағдыларын қалыптастырды. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы: 5 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі Ребус шешу арқылы сабақ тақырыбын табу.
+ Ы Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені талқылауды ұсыну |
слайд
| ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин | Мағынаны тану кезеңі «Сіз білесіз бе?» сұрақтар айдары. -Ғаламтормен байланысты мамандықтарға қандай маман- дықтар жатады? -Ғаламтор мамандықтары бүгінгі күні сұранысқа ие ме? -Ғаламтор мамандық иелеріне көзқарасыңыз қалай? Дескриптор: - сұрақтарға жауап беріңіз. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу: Жарнама-реклама; Әлеуметтік желі парақшасы-страница социальной сети; Қолайлы жұмыс графигі- удобный график работы; Бағдарламалық қамтамасыз ету-програмное обеспечение; Кәсіп-профессия; Ғаламтор-сауда-интернет-продажа; Қаржыны басқару- управление финансами; Жалақы- зарплата; Тауар- товар; Бейнеролик жасау-делать видеоролики; Аударма- перевод. Дескриптор: - жаңа сөздермен танысып, сөздікке жазып алыңыз. -жаңа сөздермен ауызша сөз тіркесін құраңыз. Айтылымалды тапсырмасы. Суретте берілген мамандық иелерінің жұмысы туралы білетін ақпараттарыңызбен бөлісіңіз.
Блогер Онлайн-сатушы
Вайнер Онлайн жарнама менджері Дескриптор: -суретте берілген мамандықтар туралы білетін ақпараттармен бөлісіңіз.(ауызша) Айтылым тапсырмасы.(ЖЖ) Тапсырма жұпта орындалады. Жұпта оқушылар берілген тақырып және тірек сөздерді негізге алып, 6 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогте 8-10 сөйлем айту керек). Тақырып: Ғаламтор мамандықтары – заман талабы. Тірек сөздер: қолайлы жұмыс графигі, заманауи, жаңа, қызықты, шығармашыл, кәсәіп, мамандық, ғаламтор, әлеуметтік желі, заман талабы. Дескритор: -тақырып бойынша диалог құрыңыз; -тірек сөздерді қолданыңыз; -диалог кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұру қажет. Айтылымнан кейінгі тапсырма: ПОПС формуласы. Тақырып: ғаламтор мамандықтары қажет/қажет емес мамандық. Менің ойымша ..................................................................... Себебі,..................................................................................... Оны мына фактілермен дәлелдеймін.............................. Қорытынды......................................................................... Дескриптор: тақырып бойынша «ПОПС» формуласы бойынша өз ойымен бөлісіңіз. Кері байланыс.Инсерт әдісі |
слайд
| ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Смайликтер әдісі. | слайд | ||||||||||||||||
Үйге тапсырма | Ғаламтор мамандықтарының артықшылықтары мен кемшіліктері. Осы тақырып аясында ауызша жауап беруге дайындалып келу. | |||||||||||||||||
Сабақтың басы: 5 мин | Суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжау. Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені талқылауды ұсыну | слайд | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы: 30 мин | Жаңа сөздермен танысу: жан-жақты- универсальный; тәуекелшіл- рискованный; басқарушы- управляющий; шығармашыл- творческий; сәтті-успешный. сенімсіз ақпарат- ненадежная информация; сегіз қырлы,бір сырлы адам-многосторонне талантливый человек. серіктес- партнер; ұсыныс- предложение; сала-сфера; өнім-продукт. Жазылымалды тапсырмасы. Тапсырма №1. Сәтті блогер болудың 5 ережесін жаз: Мысал: Білімді болу керек. 1-ереже: 2-ереже: 3-ереже: 4-ереже: 5-ереже: Дескриптор: -сәтті блогер болудың 5 ережесін жазыңыз. Тапсырма №2. «Синквейн» әдісі. Тақырып: «Блогер-сегіз қырлы,бір сырлы маман» 1 жол - 1 зат есім 2 жол - 2 сын есім 3 жол - 3 етістік 4 жол - тақырыпты ашатын 1 сөйлем 5 жол - қорытынды ой Дескриптор: -«Синквейн» әдісі арқылы берілген тақырыпты ашыңыз. Тапсырма №3 Эссе жазу ережелерімен таныстыру. 1-кеңес. Эссе жазбас бұрын жоспар құрып ал. 2-кеңес. Эссе құрылымы 3 бөлімнен тұру қажет: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. 3-кеңес. Әр бөлім азат жолдан басталатынын ұмытпа. 4-кеңес. Тақырып аясынан ауытқыма. 5-кеңес: грамматикалық, пунктуациялық ережелерді ескер. Дескриптор: -эссе жазу ережелерімен танысыңыз. Тапсырма №4 Жазылым тапсырмасы: Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпта, 120-130 сөзден тұратын эссе жазады. Мұғалім оқушының жұмысында тақырыптың ашылуын, эссе құрылымын сақтауын, сөйлемдерді дұрыс (сөздердің орын тәртібі) құрастыруын бағалайды. Тақырып: «Блогер-сегіз қырлы,бір сырлы маман» Дескриптор: -берілген тақырыпты ашып, эссе жазыңыз. Жазылымнан кейінгі тапсырма: Тапсырма №4 Кестені толтыру: Берілген терминнің анықтамасын кестеге толтыр.
Дескриптор: -берілген сөздердің мағынасын ашып, анықтамасын жазыңыз. Кері байланыс. Берілген суреттердің біреуін таңдап, жауап беріңіз. | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 5 минут | Рефлексия «Лайк-дизлайк» Лайк- сабақ түсінікті Дизлайк- сабақ түсініксіз | |||||||||||||||||
Үйге тапсырма | «Қазақстандағы танымал блогерлер» тақырыбында мәліметтер жинап келу. | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?