«Ұқсатым. Сән. Талғам». 3-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 6

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т3 Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.

 Сабақтың мақсаттары

Тыңдалымның лексикасын түсініп, қолдана алады. Тыңдалым мәтінінде көтерілен мәселені анықтайды.

 Бағалау критерийлері

  • Тыңдалымдағы жаңа сөздердің мағынасын біледі.
  • Тірек сөздер мен тіркестерді сөйлемде қолдана алады;
  • Тыңдалым мәтініне байланысты проблемалық сұрақтарға жауап береді.
  • Шынайы өмірден мысал келтіре отырып, өз пікірін айтады.
  • Мәліметтерді жинақтап, «ұлттық киім» тақырыптарына постер жасайды.

Құндылықтар

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жеке, топта жұмыс істей алады.

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс

Өнер

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: киім кию мәдениеті, қыз-келіншектер киімі, киімнің негізгі ерекшелігі, халықтың болмысы, әдептіліктің белгісі, бас киім, кимешек

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, себебі, мысалы, сондықтан

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар «Ұқсатым. Сән. Талғам» тарауы бойынша білімдерін тереңдетіп, тілдік дағдыларын арттырды. Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу аргументтерін келтіріп, эссе жазады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 мин

Оқу мақсаты мен жетістік критерийлері талданады.

Тыңдалым алдындағы тапсырма (ТЖ)

Киіну әдебі және оған қатысты мәселелер

 

Тақырыпты ашатын тірек сөздермен жұмыс жасайды.Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді өздері ұсынады.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10 мин

4 мин

20 мин

Тыңдалымалды тапсырма

Сөздік жұмыс. Оқушылар берілген сөздердің аудармаларын сөздіктерден іздеп тауып, қағазға жазады. Кейін алмасып бірін-бірі тексереді.

 Киім кию мәдениеті

 Қыз-келіншектер киімі

 Киімнің негізгі ерекшелігі

 Халықтың болмысы

 Әдептіліктің белгісі

 Бас киім

 Кимешек

Жаңа сөздерді бекіту мақсатында «Қарлы кесек» ойынын өткізу.

 

 Тыңдалым мәтіні

 Ерте заманнан бастау алатын киім кию дәстүрі бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатса да, ұлттық киім кию мәдениеті қандай болды? Қазақтың қыз-келіншектері қалай киінген? Қазақ қыз-келіншектері киімінің негізгі ерекшелігі - тұла-бойды жауып тұратындығында. Әйелдің киімі, әсіресе, баскиімі оның жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты өзгеріп отырған. Қазақ киімі өзге ұлттардағыдай аса шеберлікпен, дәлдікпен, әсемдікпен тігілген. Киімде бүкіл ұлттың, жалпы халықтың болмысы жатса, қызға қырық үйден тию жасаған қазақ қыз-келіншектерінің киімінде көшпелі ұлттың тарихы жатқандай. Қыз етегінің ұзын болу себебі, әдептілікті білдірсе, кимешек секілді басты жауып тұратын бас киімдер көшпелі халықты желдің өтінен, күннің ыстығынан, қыстың ызғарынан қорғаған. Ғалымдардың ұзақ жылдар бойы әр түрлі тәжірибе жасап барып, дәлелдеп жатқан дүниелерін бір ауыз сөзбен айтып кеткен көреген халық, ақ түстің денсаулықты қорғай алатын қасиеті бар екенін біліп, ақ түсті киелі түске айналдырған.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

 ТЖ

 1-топ Тірек сөздер мен тіркестерді пайдаланып, тақырыпты ашатын негізгі ақпаратты постерге түсіреді.

Дискриторлары:

    • Тыңдалым мәтінінің мазмұнына сәйкес кластер жасайды.
    • Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен тіркестерді қолданады.
    • Топта бірлесіп жұмыс жасайды;
    • Креативті жұмыс ұсынады.

2-топ Бұрынғы және қазіргі киіну мәдениетін салыстыра, кесте толтырады.

 

Бұрынғы киіну мәдениеті

Қазіргі киіну мәдениеті

Дискриторлары:

      • Киіну мәдениеттеріне сипаттама береді.
      • Бұрынғы және қазіргі киіну мәдениетінің айырмашылықтарын анықтайды.
      • Өмірден мысал келтіре дәлелдейді.
      • Топта бірлесіп жұмыс жасайды.

3-топ Фрайер моделі «Ұлттық киім» ұғымы

Анықтама (берілген сөзге түсінік жазады)

Өзекті мәселе (берілген ұғымға байланысты қандай өзекті мәселелер бар)

Мысал емес (берілген сөздерге қарсы ұғымдарды жазады. Мысалы, тақырыбы жаз болса, қарсы ұғым қыс, аяз, қар)

Шығармашылық мысал

(өлең, сурет, 5 минуттық эссе)

Дискриторлары:

  • «Ұлттық киім» ұғымына түснік береді.
  • Берілгген ұғымға байланысты мәселелерді анықтайды.
  • Берілген ұғымның мағынасына қарсы 6 ұғым жазады.
  • Креативті жұмыс ұсынады.
  • Топта бірлесіп жұмыс жасайды.

Топтар бір-бірінің жұмысын «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

http://massaget.kz/kyizdarga/krasota/1402/

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия БЛОБ ағашы

Сіз қай кейіпкерге немесе тұлғаға ұқсайсыз? Неліктен?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу